Қара жіп

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сабақтың тақырыбы
Қайталау сабағы. Есептер шығару
Сабақ типі
Қайталау сабағы
Сабақ түрі
Дамытушылық сабақ
Әдіс-тәсілдер
  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Суретпен жұмыс
  • Сауалнама (тест)
  • Топпен жұмыс
Көрнекіліктер
  • Ұзындық өлшемдері
  • Суреттер
  • «Кел, ойнайық!» материалдары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларды бір амалға берілген өзара кері есептерді құрастыруға, шығаруға және өзгертуге үйрету; жақшалы өрнектерде амалдардың орындалу ретін талдап, оны дұрыс қалпына келтіру; екі таңбалы сандарды қосу мен азайтуды (бірліктер арқылы) топта орындау дағдыларын бекіту.

Дамытушылық

Логикалық ойлауды жеделдету, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Еңбексүйгіштікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
  • Оқу құралдарының толықтығын тексеру.

II. Үй тапсырмасын тексеру және психологиялық ахуал

  1. Тірек білімді еске түсіру, ауызша есептеу жұмыстарын жүргізу.
  2. «Жұмбақ сан» дидактикалық ойыны.
  3. 123-бет, 4-тапсырма: салыстыру есептерін тексеру.
  4. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

III. Негізгі бөлім

1-тапсырма. Мұғалім түсіндірмесі

Кері есептер

Жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, есепті талдау және кері екі есеп құрастыру. Шебер қолдар үйірмесі үшін 9 келеп қара жіп және 7 келеп ақ жіп алынды. Қара жіп неше келеп артық алынды?

а) Шарт

Қара жіп — 9 ( ? артық )
Ақ жіп — 7

ә) Кері есеп

Қара — ? (2-ге артық)
Ақ — 7

б) Кері есеп

Қара — 9
Ақ — ? (2-ге кем)

2-тапсырма. Кері есептерді құрастыру

Топтық жұмыс

Еңбек сабағы үшін 7 м қызыл және 15 м көк мата сатып алынды. Қызыл мата неше метр кем алынды?

A) Шарт

Қызыл — 7 м ( ? кем )
Көк — 15 м

ә) Кері есеп

Қызыл — ? (8 м кем)
Көк — 15 м

Б) Кері есеп

Қызыл — 7 м
Көк — ? (8 м артық)

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы оқушылардың зейінін қайта шоғырландыру.

3-тапсырма. Жақшаларды дұрыс қою

Өз бетінше жұмыс

Теңдіктер тура болатындай етіп жақшаларды қойып, есептерді шығарыңдар.

I қатар

  • 42 – 1 + 2 = 43
  • 25 – 6 + 4 = 15

II қатар

  • 9 + 40 – 6 = 43
  • 35 – 5 – 2 = 32

III қатар

  • 8 + 13 – 5 = 0
  • 14 – 7 + 2 = 0

«Кім жылдам?» ойыны

Есептердің шешу жолын жылдам әрі дұрыс табу бойынша қысқа жарыс.

4-тапсырма. Тексер

Қалқанқұлақ мысалдар шығарды. Дұрыстығын тексеріңдер.

(84 + 2) – 40 = 46

20 – (3 + 4) = 23

100 – (30 – 50) = 40

(75 – 5) + 30 = 90

69 – (4 + 5) = 60

50 + (90 – 40) = 100

Рефлексия және шығармашылық жаттығу

Өзара тексеру жүргізіп, кеткен қателерді талдаңдар.

Тапсырма

Мәні 50-ге тең болатын екі таңбалы және бір таңбалы сандардың қосындыларын жазыңдар. Осындай неше қосынды жазуға болады? Оларды салыстырып, қорытынды жасаңыздар.

6-тапсырма. Мүмкін болатын теңдіктер

Мүмкін болатын теңдіктерді жазыңдар. Неше теңдік жаздыңдар? Түсіндіріңдер:

□ онд. 4 бірл. + 6 бірл. = □ онд.

□ онд. – 6 бірл. = □ онд. 4 бірл.

«Кел, ойнайық!»: жасырынған санды тап

4 + 7 + 9 – 10 + 30 – 1 + 20 = ?

12 – 6 + 14 + 30 + 7 – 3 + 16 = ?

IV. Сабақты қорытындылау

  1. Мен бір сан ойладым. Ол санды 4-ке арттырғанда 9 шықты. Мен қандай сан ойладым? (5)
  2. Оң қолымда 5 саусақ, сол қолымда 5 саусақ. 5-ке 5-ті қосқанда неше болады?
  3. Жеке сауалнама (тест) бойынша жұмыс.

V. Оқушыларды бағалау

Жауаптардың дәлдігі, есеп шығару тәсілі, топтағы белсенділік және өз бетінше жұмыстың орындалуы бойынша бағалау.

VI. Үй тапсырмасы

127-бет, 5-тапсырма.