Республикамыздың тұңғыш президенті
Тілімді тереңдетем десең...
Сабақтың мақсаты
- Тыңдаушыларды тіл өнерін, тіл құдіретін құрметтеуге үйрету.
- Сөйлеу мәдениетін жетілдіру, тілдік қорын байыту.
- Патриоттық сезімді оятып, ана тілін сүюге және ардақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, психологиялық дайындық.
-
II. Кіріспе сөз
Тілдің қадірі мен рухани мәнін ашу, тарихи деректермен негіздеу.
-
III. Ой-пікірлер мен нақыл сөздер
Тыңдаушылардың тіл туралы толғанысын, ұлағатты сөздерін тыңдау.
-
IV. Викторина тапсырмалары
Жылдам сұрақ-жауап арқылы білімді бекіту.
Тіл туралы ой: рухани өзек
Мағжан Жұмабаев: «Тіл — адам жанының тілмашы; тілі кем болса, адамның қор болғаны» деген. Шынында, тіл — тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас қайнары.
Тіл — әр елдің, әр ұлттың мақтанышы. Тіл — тәуелсіздіктің тірегі. Қазақ тілі үшін күрес 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасынан бастау алады.
Халық даналығы
«Ең тәтті де — тіл, ең ащы да — тіл, ең жұмсақ та — тіл, ең қатты да — тіл». Бұл мақал тіл құдіретінің өмірдегі орнын айқын көрсетеді: дүниеде тілден құдіретті ештеңе жоқ.
Мемлекеттік тілдің даму белестері
Мемлекеттік тіліміздің дамуын түсіну үшін төмендегі хронологиялық деректерге назар аударайық.
1989 ж. 22 қыркүйек
Қазақ ССР-інің «Тіл туралы» заңы қабылданды.
1989 ж. 22 қазан
Алматыдағы алғашқы құрылтайда Халықаралық қазақ тілі қоғамы құрылды.
1990 ж. 22 наурыз
«Ана тілі» республикалық газеті жарық көрді.
1993 ж. 28 қаңтар
Алғашқы Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде бекітілді.
2001 ж. 7 ақпан
2001–2010 жылдарға арналған тілдерді қолдау мен дамыту бағдарламасы (№550) қабылданды.
2007 жыл
«Мемлекеттік тіл жылы» болып жарияланды.
2008 ж. қыркүйек
Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры құрылды.
Ана тілі — болмыстың белгісі
Ата-бабамыз ежелден үш қасиетті ұғымды бойтұмардай қадірлеген: ел, жер, тіл. Ана тілі — әр халықтың төл белгісі.
Адам білім мен тәлім-тәрбиені тіл арқылы алады; мәдениет пен өнерді, салт-дәстүрді тіл арқылы үйренеді. «Ана тілі» деп аталу себебі де — анасындай қастерлесін деген ниет.
Жауапкершілік
Ана тілінде сөйлеу мүмкіндігінен әртүрлі себептермен айырылғандарды түсінуге болады. Ал ана тілінде сөйлеуді намыс көріп, саналы түрде бас тарту — өз ұлтына немқұрайлылықтың белгісі.
Тіліңді тереңдетем десең, сайысқа қатысып, өзіңді сынап көр!
Автор туралы
Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы — Абленова Нұргүл Мырзаболатқызы.