Қарлығашқа дәуіт

Сабақ туралы мәлімет

Өңір
Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласы
Мектеп
№12 жалпы орта мектеп
Мұғалім
Косжанова Меруерт Муслумхановна (бастауыш сынып)
Тақырып
«Қарлығаш пен дәуіт»
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, бейнелеу өнері, дүниетану
Әдіс-тәсілдер
Баяндау, талдау, сұрақ-жауап, түсіндіру, «Кезбе тілші», ДЖИКСО, топтық жұмыс
Көрнекіліктер
Оқу құралдары, кестелер, суреттер, слайд, плакат, стикер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Ертегінің мазмұнын ашу.
  • Достықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру.
  • Оқушылардың жүргізіп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Ойлау дағдылары мен шығармашылық ізденісін дамыту.
  • Оқуға және білімге құштарлығын арттыру.

Тәрбиелік

  • Елін сүюге тәрбиелеу.
  • Адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке баулу.
  • Ғылым-білімді меңгерген, көкірегі ояу азамат болуға жетелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы қалыптастырылады. Әдебиеттік оқу сабағын тіл тазалығын сезінуден бастаймыз.

Шағын үндеу:

Әдебиетім ардақтым, Дамытар мені жан-жақты. Өз тілімде сөйлесем, Ойым менің салмақты.

Топқа бөлу

Оқушылар сурет қиындыларын құрастыру арқылы үш топқа бөлінеді:

  • 1-топ: Қарлығаш
  • 2-топ: Дәуіт
  • 3-топ: Жылан

II. Үй тапсырмасын тексеру («Кезбе тілші»)

Өткен сабақ бойынша сұрақтар арқылы оқушылардың түсінігі анықталады:

  • Үлкенді де, кішіні де сыйлайтын бала қандай болады?
  • Қайырымды болу үшін балаға қандай қасиеттер қажет?
  • Нодардың қайырымды екенін қай іс-әрекетінен байқадың?
  • Нодар екінші қайық сатып алуды әкесінен неге ақырын ғана сұрады?
  • Әкесі Нодардың бұл әрекетіне қалай қарады?

III. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту

Сюжетті түсінуге бағытталған қысқа бейнеүзінді көрсетіледі: «Қарлығаш пен дәуіт».

Мұғалімнің түсіндірмесі

Ертегі мәнерлеп оқылады, кейін тізбектей дауыстап оқыту ұйымдастырылады.

Топтық жұмыс

Әр топ өз кейіпкеріне сипаттама жасап, негізгі мінез-құлық ерекшелігін дәлелдейді.

Сөздік жұмысы

Дәуіт — шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік.

Мәтін бойынша сұрақтар

  • Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады?
  • Ұяда неше балапан бар деп айтылады?
  • Бір күні қарлығаш ұяға жақындай бергенде нені көреді?
  • Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?
  • Жыланды көргенде қарлығаштың қатты қиналған жерін тауып оқы.
  • Оқыған кезде қандай сезім пайда болды?

Сезімге әсер ететін тұстарға үлгі:

Жыланның түсі суық екені сезіледі. Қарлығаштың көзінен мөлт-мөлт жас тамады. Ана үшін бала қандай қымбат! Жүрегі алаңдап, аласұрып соғады…

Дәптермен жұмыс

Өлеңде кездесетін жәндіктер мен құстардың атауларын бөлек жазу ұсынылады.

Жәндіктер

Инелік, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, бал ара, шегіртке, жылан, қоңыз, есекқұрт, шылаушын, көбелек, дәуіт.

Құстар

Бозторғай, ала қаз, көк ала үйрек, қарлығаш.

ДЖИКСО әдісі

Ертегінің желісі бойынша қойылым ұйымдастырылады. Әр топ өз рөлін орындайды.

Қойылымға арналған мәтін (1-топ: «Қарлығаш»)

Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарады. Анасы азық іздеп кеткенде, балапандары оны тағатсыздана күтеді.

Бір күні қарлығаш ұясына жыланның өрмелеп бара жатқанын көреді. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына араша іздейді.

Диалог үзіндісі

Қарлығаш: Көкек, маған көмектесе гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!

Көкек: Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ.

Қарлығаш: Қарғажан, маған көмектесе гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр!

Қарға: Мен үйленгелі жатырмын, мазамды алма!

Амалы таусылған қарлығаш шырылдап ұшып келе жатып, дәуітті кездестіреді.

Қарлығаш: Улы жылан балапандарымды жұтпақ болып, ұяма өрмелеп барады.

Дәуіт: Онда мені тезірек жеткіз!

Қарлығаш дәуітке қанатын тосады. Екеуі көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға тақап қалған жыланға тап беріп, оны жерге сұлатады.

Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады. Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді.

Топтық тапсырмалар

2-топ: «Дәуіт»

Ертегі кейіпкерлерінің суретін салу және қысқаша таныстыру.

3-топ: «Жылан»

Ой толғаныс: оқиғадағы қақтығыстың себебі мен шешімін талдау.

Барлық топқа

Достық, көмек, жауапкершілік тақырыптарына 2–3 сөйлемдік қорытынды жасау.

Қорытынды бөлім

Үй тапсырмасы

  • «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін түсінік айту.
  • Шағын ертегі құрастыру.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланып, бағалары қойылады.

Кері байланыс

Оқушылар бір-біріне тілектерін стикерге жазып, «Мәуе ағашына» жапсырады.

Құралдар

Плакат, стикер

Қорытынды әрекет

Тілек айту, ой бөлісу

Қосымша

Слайд жүктеу