Әкелер тобы

Бала тәрбиесі — қоғам үшін де, әр отбасы үшін де аса өзекті мәселе. Осы тақырып аясында Б. Кенжебаев атындағы жалпы орта мектебінде «Тәрбие — тал бесіктен басталады» тақырыбымен барлық ата-аналарға арналған жиналыс өтті.

Жиналысты мектеп директоры Ж. Қашқын ашып, күн тәртібіндегі мәселелермен таныстыра отырып, қазіргі уақыттағы өзекті жағдайларға тоқталды. Сондай-ақ директордың оқу ісі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары да бала тәрбиесіне қатысты өз ойларын ортаға салды.

Жиналыстың өзегі: ата-аналарға арналған тренинг

Жиналыстың ең маңызды бөлігі — қазіргі таңда Кембридж тәсілдері негізінде ұйымдастырылатын ата-аналарға арналған тренинг-сабақ екені атап өтілді. Бұл жұмыстың басты мақсаты — ата-ана мен мұғалімнің бала үшін тығыз байланыста болуы қажеттігін түсіндіру, сондай-ақ бүгінгі күнде кездесіп жатқан келеңсіз жағдайлардың алдын алу.

Тренинг барысында ата-аналар «Өзің қандай немесе балаң қандай?» деген өлең жолдарын құрастыру арқылы топтарға бөлінді. Тәрбие мәселесіне қатысты слайдтар көрсетіліп, бейнероликтер ұсынылды. Көрсетілген материалдар мен тақырыптық сұрақтар негізінде ата-аналар өз пікірлерін ашық айтып, тәжірибелерімен бөлісті.

Кері байланыс: «Тілек ағашы»

Тренинг соңында ой бөлісуге үлгермеген ата-аналармен рефлексия (кері байланыс) ұйымдастырылды. «Тілек ағашы» бейнеленген плакатқа әр қатысушы стикерлер арқылы өз пікірін, тілегін және ұсынысын қалдырды. Осы жазбалар кейін талданып, ата-аналардың сұранысы мен көзқарасы анықталды.

Жиналыс соңында ата-аналар тренингтен үлкен әсер алғандарын айтып, мұндай кездесулер жиі ұйымдастырылса, міндетті түрде қатысатынын жеткізді. Тренингтің мазмұны нәтижелі болғандықтан, жоспарды мектептегі сынып жетекшілермен бөлісу мақсатында төменде ұсынамын.

Тренинг жоспары

Тақырыбы

«Тәрбие — тал бесіктен басталады»

Мақсаты

  • Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіру арқылы ықпал ету.
  • Ата-ана мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты нығайту, бірлескен әрекет мәдениетін қалыптастыру.
  • Көңіл-күйді көтеру, есте сақтау қабілетін дамыту, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
  • Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру.
  • Баланың мейірімді, сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

Міндеттері

  • Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен байланысын күшейту.
  • Баланы білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.
  • Бала тәрбиесі мәдениетінің артуына ықпал ету.

Әдістері

Пікір алмасу Сұрақ-жауап Тест Ситуациялық жағдаяттар

Жоспары

  1. 1 Топқа бөлу
  2. 2 Ситуациялық сұрақтарға ата-аналардың жауабы
  3. 3 Сергіту сәті
  4. 4 Пікір алмасу
  5. 5 Рефлексия (кері байланыс) — 2 минут

Көрнекілігі

  • «Тілек ағашы» плакаты
  • Стикерлер
  • Смайликтер
  • Проектор
  • Ноутбук
  • Шарлар

Тренингтің барысы

Кіріспе сөз

Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі «Тәрбие — тал бесіктен басталады» атты тренинг-сабағымызға қош келдіңіздер!

Ата-ананың тілегі — баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары. Баланың болмысы көбіне отбасыдан бастау алады: бүгінгі ұл — ертеңгі әке, бүгінгі қыз — ертеңгі ана. Балаға білім мен тәрбие берудегі басты тұлға — ұстаз, ал оны жалғастырып, демеп отыратын — ата-ана.

Ата-анаға еліктеп жас өнеді, «Ұмыттым» деп өкінбе, нені! Есті жауап таппаймыз ешқашанда, Жан-жағынан қарамай мәселені. Көшу керек ісіне сөзінен ел, Түбі мұны түсінер кезі келер. Балаң дана болмайды Абай сынды, Құнанбайдай болмасаң өзің егер.

Ұйымдастыру бөлімі (10 минут)

  • «Шаттық шеңберін» құру: бір-бірімізге жылы лебіз білдіріп, амандасу.
  • Өлең шумақтары арқылы ата-аналарды топқа бөлу (3 минут).

Топтар:

  • 1) «Отбасы» тобы
  • 2) «Әкелер» тобы
  • 3) «Аналар» тобы

Негізгі бөлім

  • Бала тәрбиесіне қатысты бейнеролик көрсету.
  • Бейнеролик бойынша ата-аналардың пікірін тыңдау.

Ситуациялық сұрақтар

«Отбасы» тобы

Балаңыз мектептен шағым айтып келді: мұғалім ұрысқанын, енді сабаққа барғысы келмейтінін айтты. Әрекетіңіз қандай?

«Әкелер» тобы

Балаңыз түнімен теледидар көріп, ұйқысы қанбай қалды. «Басым ауырып тұр, сабаққа бармай-ақ қояйыншы», — деді. Не істейсіз?

«Аналар» тобы

Мұғалімдерден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылды. Көрші ата-аналар да «Біздің баланы ұрады» деді. Бұл жағдайда қандай қадам жасайсыз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?

Сергіту сәті

Қатысушыларды сергітіп, ортақ көңіл күй қалыптастыруға арналған қысқа жаттығу орындалады.

Пікір алмасу сұрақтары

1) Беймезгіл кешкі уақытта балаңыз көшеде жүр. Рейд жасаған кезекші мұғалім балаңызды ұстап алды. Сіздің пікіріңіз қандай?

2) Сабақ үстінде балаңыз ұялы телефон ұстап, сабаққа кедергі келтірді. Мұғалім телефонын алып қойды. Кім кінәлі деп ойлайсыз?

Қорытынды және рефлексия

Сұрақ 1

Өзіңізге пайдалы мәлімет ала алдыңыз ба?

Сұрақ 2

Қандай әсер алдыңыз?

Сұрақ 3

Тілегіңіз бен ұсынысыңыз қандай?

Ата-аналар өз ұсыныс-пікірлерін стикерлерге жазып, «Тілек ағашына» жапсырады. Бұл тәсіл әр қатысушының үнін естуге, ортақ ойды жинақтауға және келесі кездесулердің бағытын нақтылауға мүмкіндік береді.