Сабақтың бекіту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / сынып
7-сынып. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Тақырып
§5. Оғыз мемлекеті
Сабақтың түрі
Аралас
Әдісі
Интерактивті
Көрнекіліктер
- Түрік қағанатының картасы
- Хронологиялық кесте
- «Оғызнама» дастаны
- Қалалар мен қолөнер бұйымдарының суреттері
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Оқушыларды Оғыз мемлекетінің пайда болу тарихымен таныстыру.
Міндеттері
- IX ғасырдың соңы – XI ғасырдың басында Қазақстанның оңтүстігі мен Сырдария бойында құрылған Оғыз мемлекетінің тарихын, қоғамдық құрылысын және мемлекеттің күшеюіне ықпал еткен саяси жағдайларды сипаттау; шаруашылығы мен қолөнерінің дамуын түсіндіру.
- Оғыз мемлекетіне тән ерекшеліктерді өзге түрік мемлекеттерімен салыстыра білу, деректермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
- Қазақ жеріндегі өркениетті мемлекеттер туралы білімді кеңейтіп, ел тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралдарының түгелдігін тексеру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын сұрау (Қарлұқ қағанаты)
- Қарлұқ қағанаты қай жерде құрылды?
- Қағанат құрамында қандай тайпалар болды?
- Қарлұқ қағанаты сыртқы саяси жағдайын күшейту үшін кімдермен күресті?
- Қағанат билігі неліктен Қарахан мемлекетінің қолына өтті?
- Қарлұқ қағанаты дәуірінен өз атауын сақтаған қандай қалаларды білесің?
- Қарлұқтардың шаруашылығы қандай бағыттарда дамыды?
- Қарлұқтар арасында ислам дінін қабылдау қай кезден басталды?
III. Жаңа сабақ жоспары
- Оғыз мемлекетінің құрылуы және жер аумағы
- Оғыздардың тайпалық құрамы мен қоғамдық құрылысы
- Саяси жағдайы
- Шаруашылығы
- Кәсібі мен қолөнері
Оқу форматы
Оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін жаңа тақырып бойынша мәтінмен жұмыс ұйымдастырылады: мәтінді мұқият оқып, негізгі ойды бөліп алу қажет. Одан кейін өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмалар беріледі.
- Картамен жұмыс
- Кесте толтыру
- Сөйлемдерді толықтыру
IV. Өзіндік жұмыс
Алғашқы тапсырма: сынып болып Оғыз мемлекетінің құрылуы, жер аумағы, орталығы және әлеуметтік-этникалық құрамы бойынша №1 кестенің қажетті бөлімін толтыру.
Сабақ барысында карта арқылы Оғыз мемлекетінің жер аумағын және орталығын көрсету тапсырылады. Сондай-ақ, оның Қазақстанның қазіргі қай өңірінде орналасқанын анықтауға назар аударылады.
1-тапсырма: Ел басқару жүйесі
Оғыз мемлекетінің ел басқару ерекшеліктеріне сипаттама беріңдер. Төмендегі ұғымдарды толықтырыңдар:
Лауазымдар
- Жабғу — ________
- Инал — ________
- Атабек — ________
- Сюбашы — ________
- Күл-еркін — ________
Басқару институттары
- Халық жиналысы — ________
- Қаңқаш — ________
- Ұлы және кіші құрылтай — ________
Жауапты Түрік қағанатының қоғамдық-әкімшілік құрылысымен салыстыра отырып беру ұсынылады.
2-тапсырма: Сыртқы саясат (картамен жұмыс)
Картаны пайдаланып, сұрақтарға нақты жауап жазыңдар:
- Оғыз мемлекеті қандай мемлекеттермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты?
- Олар кімдерге қарсы күрес жүргізді?
Мақсат: Оғыз мемлекетінің сыртқы саясаттағы мүддесін және оған жету жолындағы күресті түсіну.
3-тапсырма: Қалаларға салыстырмалы талдау
Оғыз және Қарлұқ мемлекеттеріндегі қалаларды салыстырыңдар:
- Қалалардың пайда болуына шаруашылықтың әсері
- Қалалар туралы тарихи деректер
- Қалалардың орналасқан жері
- Бүгінгі күнге дейін атауы сақталған қалалар
Қорытындыны кесте түрінде рәсімдеңдер: «Оғыз мемлекеті — Қарлұқ қағанаты».
Мұғалім тапсырмалардың бірнеше нұсқасын ұсына отырып, оқушылардың материалды жеңіл меңгеруіне бағыт береді және олардың ойлау қабілеті, тапқырлығы, байқағыштығы мен зеректігін дамытуға мүмкіндік жасайды.
V. Сабақты бекіту
- Оғыздардың Сырдария өзенінің орта ағысына қоныстануына қандай себептер әсер етті?
- Оғыз тайпалық одағының құрылуы мен дамуына қандай жағдайлар ықпал етті?
- Оғыздардың қоғамдық құрылысы қандай болды?
- Оғыз мемлекеті жаңа жерлерді басып алу мақсатын қалай жүзеге асырды?
- Оғыз мемлекетінің әлсіреуіне не себеп болды?
- Оғыз мемлекетінің шаруашылығы мен кәсібінің дамуы туралы не білесің?
Қосымша
Тест сұрақтары: 1–10.
VI–VII. Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, кестелері және картамен жұмыс нәтижесі бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма
- §5-параграфты оқу.
- №1 кестені толықтыру.
- Тест сұрақтарына дайындалу.
Тест тапсырмалары (үзінді)
-
X ғасырда Оғыз мемлекетінің астанасы:
A) Янгикент B) Сауран C) Баласағұн D) Қарақорым E) Сығанақ
-
Оғыздарда мүлік теңсіздігінің негізі:
A) Жерге меншік B) Мүлікке меншік C) Малға меншік D) Егін алқаптарына меншік E) Аталғандардың бәрі
-
XI ғасырда оғыздарды талқандаған тайпа:
A) Сельжуктер B) Хазар C) Ғұндар D) Меркиттер E) Қыпшақтар
-
Оғыз тайпасының өзегі қайда қалыптасты?
A) Жетісуда B) Оңтүстік Қазақстанда C) Сырдарияның төмен ағысында D) Шығыс Қазақстанда E) Батыс Қазақстанда
-
Оғыз мемлекеті қай ғасырларда өмір сүрді?
A) VIII–IX ғғ. B) IX–X ғғ. C) IX–XI ғғ. D) X–XII ғғ. E) XII–XIII ғғ.
-
Оғыз билеушісінің титулы:
A) Горхан B) Қаған C) Патша D) Ягбу E) Гуньмо
-
Махмұд Қашқаридің айтуынша «бозоқтар» мен «үшоқтар» болып екі ірі топқа бөлінген:
A) Қарлұқтар B) Наймандар C) Оғыздар D) Жалайырлар E) Керейлер
-
Сюбашы лауазымын кім иеленді?
A) Оғыз әскерінің басшысы B) Діни басшысы C) Оғыз тайпаларының көсемдері D) Ақсүйектер E) Оғыздардың салық жинаушысы