Дидактикалық материалдар

Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)

Пән
Химия
Сабақтың тақырыбы
Ацетилен көмірсутектері (алкиндер)
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі
Саяхат сабағы (СТО стратегияларын қолдану арқылы)

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Алкиндер мен алкендердің құрылысы мен қасиеттерін салыстыру; ацетилен қатарының изомерлеріне құрылымдық формулалар жазу; жану өнімдері бойынша заттардың молекулалық формуласын анықтауға есептеулер жүргізу.

Кәсіптік құзыреттілік

Атаулары бойынша ацетилен қатарының құрылымдық формулаларын жазу және көмірсутектерді атау тәсілдерін меңгеру.

Арнайы құзыреттілік

Алкиндер туралы мәтіннен негізгі ойды бөліп алу арқылы іскерлік пен дағдыларды дамыту.

Сабақ мақсаттары

Білімділік

  • Ацетиленді алу жолдары, негізгі химиялық реакциялар, механизмдер және реакцияның жүру жағдайлары туралы жалпы түсінік қалыптастыру.
  • Ацетиленнің қолданылу салаларын жүйелеу.
  • Кучеров реакциясының жүру механизмімен, сондай-ақ димерлену және тримерлену реакцияларымен таныстыру.

Тәрбиелік

  • Жаңа және бұрын өткен материалды өзара байланыстыра білу дағдыларын қалыптастыру.
  • Мәселені шешу жолын іздеу, жалпы диалогтарға қатысу және өзгені тыңдай білу мәдениетін дамыту.

Дамытушылық

  • Практикалық әрекет пен ой еңбегі мәдениетін жетілдіру.
  • Өз ісіне жауапкершілікпен қарап, өзін-өзі бағалай білуге баулу.
  • Экологиялық ойлауды тәрбиелеу.