Калашников автоматының оқжатарында патрондар сыйымдылығы

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қарашоқат орта мектебі

АӘД пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы: Жамеков Кенжес

Сынып: 10 · Пән: Бастапқы әскери дайындық

Сабақтың тақырыбы

Автоматтың (пулеметтің) бөлшектері мен механизмдерінің құрылымы және арналуы.

Мақсаты

Оқушылардың ҚР Қарулы Күштерінің атыс қарулары туралы білімін кеңейту, түсіндіру және меңгерту.

Дамытушылық

Автоматты толық емес бөлшектеу және жинақтау дағдыларын қалыптастыру, орындау шеберлігін арттыру.

Тәрбиелік

Отанды сүюге, ел мен жерді қорғауға саналы түрде дайын болуға, батылдық пен жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ
Керекті құралдар: Калашников автоматының плакаты, тест, тірек сызба

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Взвод командирі сапқа тұрғызады.
  • Оқытушыға рапорт береді.
  • Амандасу, сыртқы келбетін тексеру, түгендеу жүргізіледі.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Тақырып бойынша білімді бекіту үшін тест тапсырмалары орындалады.

Тест · 10 сұрақ
  1. 1. Калашников автоматын кім жасаған?

    а) Ф. В. Токарев

    ә) М. Т. Калашников

    б) Д. М. Кочетов

  2. 2. Калашников автоматы не үшін арналған?

    а) қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшыратуға

    ә) атқыштарды алғашқы атуға үйретуге

    б) қарсыластың адам күшін жоюға

  3. 3. Калашников автоматының бүгінгі күні неше түрі бар?

    а) 8

    ә) 10

    б) 12–17

  4. 4. Автомат алғаш рет қай жылы шығарылды?

    а) 1947

    ә) 1942

    б) 1943

  5. 5. Калашников автоматының оқжатарындағы патрон сыйымдылығы қанша?

    а) 32

    ә) 45

    б) 30

  6. 6. АК-74 автоматының жарақталған оқжатарымен қоса алғандағы салмағы?

    а) 3,6 кг

    ә) 3,2 кг

    б) 5,8 кг

  7. 7. АК-74 автоматының ұңғы калибрі?

    а) 7,62 мм

    ә) 5,45 мм

    б) 6,35 мм

  8. 8. Нақты атыс қашықтығы?

    а) 500 м

    ә) 700 м

    б) 600 м

  9. 9. Сүңгі-пышақтың салмағы?

    а) 480 г

    ә) 490 г

    б) 500 г

  10. 10. Оқтың бастапқы жылдамдығы?

    а) 900 м/с

    ә) 960 м/с

    б) 1000 м/с

Тірек сызба

Оқушылар тақтаға шығып, тірек сызбадағы суреттерді пайдалана отырып, ұяшықтарды толтырады.

III. Негізгі бөлім

Бекітпе (затвор)

Патронды оқтыққа жеткізу, ұңғы арнасын жабу, капсюльді ұру және оқтықтан оқсауытты (патронды) шығару үшін қызмет етеді.

Құрамы

Соққыш (серіппесі және өсімен), лақтырғыш және бұрамасұқпа.

Қайтармалы механизм

Бекітпе мен бекітпе жақтауын бастапқы (алдыңғы) жағдайына қайтаруға арналған.

Құрамы

Қайтармалы серіппе, бағыттаушы өзек, жылжымалы өзек және жалғастырғыш.

IV. Сабақты бекіту

Тақтада ілулі тұрған машықтану тапсырмалары бойынша жұмыс жүргізіледі.

Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі

(Тапсырма тақтадағы нұсқаулыққа сәйкес орындалады.)