Қарсылықты салалас құрмалас және оның жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту

Сабақ жоспарының үлгісі

Сабақтың тақырыбы: Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

Білімділік мақсаты

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді және оның жалғаулықты, жалғаулықсыз түрлерінің жасалу жолдарын меңгерту.

Дамытушылық мақсаты

Оқушылардың зейінін, ынтасын, қабілеттерін арттыру; ой-өрісін дамыту; білім-білік-дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты

Мәдениетті сөйлеуге, тазалыққа, ұқыптылыққа және сауаттылыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастыру және ресурстар

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ.

Оқыту әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Кітаппен жұмыс
  • Проблемалық оқыту
  • Талдау, жинақтау
  • Жеке және топпен жұмыс
  • Ситуациялық тәсілдер, үш өлшемді оқыту элементтері

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Оқулық, әдебиеттер (8-сынып)
  • Карточкалар

Пәнаралық байланыс

Әдебиет.

Қосымша материалдар

  • Г. Қосымова, Н. Құрманова — Қазақ тілі (8-сынып, әдістемелік нұсқау)
  • Н. Оралбаева, Т. Әбдіғалиева, Б. Шалабаев — Практикалық қазақ тілі

Сабақтың барысы

  1. 1) Ұйымдастыру кезеңі

    • Амандасу
    • Оқушыларды түгендеу
    • Тақырып пен мақсатты хабарлау
  2. 2) Үй тапсырмасын тексеру

    Қайталау сұрақтары:

    • Себеп–салдар салалас құрмаластың жасалу жолдары қандай?
    • Себеп–салдар салалас құрмалас жасайтын шылаулар қандай? Олардың мәні қандай?
    • Тыныс белгілері қандай жағдайларда қойылады?

    Жаттығулар тексеріледі.

  3. 3) Жаңа сабақ

    Анықтама

    Құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-әрекет не оқиға екіншісіндегі іс-әрекетке не оқиғаға қарама-қарсы мәнде келетін салалас құрмаластың түрі қарсылықты салалас деп аталады.

    Қарсылықты салалас жалғаулықты және жалғаулықсыз болып екіге бөлінеді.

    Есте сақтауға

    • Жалғаулықсыз түрінде көбіне үтір мен сызықша қолданылады.
    • Жалғаулықты түрінде үтір жалғаулықтың алдынан қойылады.

    Жалғаулықсыз қарсылықты салалас

    Қарсылық мәні жалғаулықсыз беріледі; көбіне үтір, сызықша арқылы ажыратылады.

    Мысал: Жәнібекке ақсақал шара толы қымызды ұсынып еді, — хан басын шайқады.

    Тыныс белгісі: үтір және сызықша.

    Мысал: Баршагүл сәлем беріп еді, — ол қырын қарап кетті.

    Тыныс белгісі: үтір және сызықша.

    Жалғаулықты қарсылықты салалас

    Бірақ, алайда, дегенмен, сонда да, әйтсе де жалғаулықтары арқылы жасалады. Жалғаулықтың алдынан әдетте үтір қойылады.

    Мысал: Күңгір дауыс құлағыма келеді, бірақ маған жауап қайтарған ешкім жоқ.

    Тыныс белгісі: жалғаулықтың алдында үтір.

    Мысал: Әнкеш мені жіберер емес, сөйтсе де мен болмай оқуға кеттім.

    Тыныс белгісі: жалғаулықтың алдында үтір.

    Жаттығулармен жұмыс

    106-жаттығу

    Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама-қарсы мәнді жай сөйлем құрастырып, қарсылықты салалас сөйлем жасаңыздар.

    107-жаттығу

    Қарсылықты салаластың қай түріне жататынын анықтап, тыныс белгілерінің қойылу себептерін түсіндіріңіздер.

    Жеке жұмыс

    Деңгейлік тапсырмалар берілген карточкалармен жұмыс.

  4. 4) Жаңа сабақты бекіту

    • Қарсылықты салалас дегеніміз не?
    • Жасалу жолдары қандай?
    • Жалғаулықты және жалғаулықсыз түрлеріне мысал келтіріңіздер.
    • Тыныс белгілері қалай қойылады?
  5. 5) Үй тапсырмасы

    Теория

    Ережені жаттау.

    Практика

    105, 108-жаттығулар.

  6. 6) Бағалау

    Оқушылардың жауаптары мен орындалған тапсырмалары негізінде бағаланады.

Мұғалім туралы мәлімет

Қала
Астана
Білім беру ұйымы
№10 мектеп-гимназия
Пән мұғалімі
Төлебаева Айгүл Қошқарбайқызы (қазақ тілі мен әдебиеті)

Тақырып: «Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем».