Реакция теңдеулерін жазу
Сабақтың барысы
1) Өткен тақырыпты қайталау (Азот және қосылыстары)
Оқушыларға азот және оның қосылыстары бойынша тапсырмалар беріледі. Тапсырмалар екі бөліктен тұрады: тест (5 сұрақ) және үлестірмелік парақтардағы есептер мен айналымдар. Тапсырмаларды орындағаннан кейін оқушылар бір-бірінің жұмысын алмастырып тексереді, мұғалім дұрыс жауаптарды хабарлайды.
Тест тапсырмалары (5 сұрақ)
-
1. Қай қосылыста азот −3 тотығу дәрежесін көрсетеді?
A) N2O Ә) N2O3 Б) NH3 В) NO2
-
2. Азот қышқылы қай затпен әрекеттеспейді?
A) Cu Ә) Zn Б) Pt В) Fe
-
3. Қай қосылыста азоттың массалық үлесі ең көп?
A) NaNO3 Ә) NH4NO3 Б) N2O3 В) N2O5
-
4. Қай зат термиялық ыдырағанда бос металл түзеді?
A) KNO3 Ә) Mg(NO3)2 Б) Pb(NO3)2 В) AgNO3
-
5. Мыс түйіршіктері концентрлі азот қышқылымен әрекеттескенде қандай газ бөлінеді?
A) NO2 Ә) NO Б) N2O В) NH3
2) Үлестірмелік парақтар бойынша тапсырмалар
Әр топтан бір оқушыдан шығып, тапсырмаларды тақтада орындайды. Мақсат — химиялық айналымдарды жүзеге асыру, реакция теңдеулерін жазу, сондай-ақ тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты анықтау.
1. Химиялық айналым (теңдеулер, тотықтырғыш/тотықсыздандырғыш)
N2 → NH3 → NO → NO2 → HNO3 → Cu(NO3)2
2. Химиялық айналым
NH4Cl → NH3 → N2 → NO → NO2 → NaNO2 → HNO2
3. Есеп (аммоний сульфатын алу)
Көлемі 134,4 л (қ.ж.) аммиак 78%-тік күкірт қышқылымен әрекеттеседі. Аммоний сульфатын алу үшін қанша килограмм қышқыл қажет екенін есептеңдер.
4. Есеп (кальций нитридінің түзілуі)
Массасы 14 г кальций мен көлемі 11,2 л (қ.ж.) азот әрекеттесті. Нәтижесінде қанша грамм кальций нитриді түзілетінін есептеңдер.
5. Теңестіру (электрондық баланс)
NH3 + O2 → N2 + H2O реакциясын электрондық баланс тәсілімен теңестіріңдер.
Жаңа тақырыпты меңгеру: «Фосфор»
Оқушылар топтарға бөлініп, әр топ өз бағыты бойынша фосфорды сипаттайды: элемент ретіндегі орны, жай зат ретіндегі құрылысы, физикалық және химиялық қасиеттері, алынуы және қолданылуы.
I топ: Фосфорды азотпен салыстыра сипаттау (элемент ретінде)
- Периодтық жүйедегі орны
- Атом құрылысы
- Тотығу-тотықсыздану қасиеті
- Табиғатта кездесуі
- Қазақстандағы фосфорит кен орындары
II топ: Фосфорды жай зат ретінде сипаттау
- Молекулалық және құрылымдық формуласы
- Кристалл торлары
- Аллотропиялық түрөзгерістері
III топ: Физикалық қасиеттері және алынуы
- Қасиеттерін жазбаша сипаттау
- Алыну жолдары бойынша реакция теңдеулерін жазу
IV топ: Химиялық қасиеттері
- Фосфорға тән химиялық қасиеттерді атау
- Реакция теңдеулерін жазу (O2, H2, Ca, Cl2, S және т.б.)
Тәжірибелік көрсетілім
Қызыл фосфордың оттегінде жануы.
V топ: Фосфордың қолданылуы
Сіріңке өндірісі
Қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып қолдану.
Ауыл шаруашылығы
Тыңайтқыштар өндірісі.
Пиротехника
Қоспалар құрамында қолданылады.
Зиянкестермен күрес
Улы химикаттар құрамында.
H3PO4 алу
Фосфор қышқылын өндіруде маңызды шикізат.
Сабақты бекіту
-
1. Фосфордың тотығу дәрежелерін анықтаңдар:
P2O5, PH3, HPO3, K3PO4, PCl3, Ca3P2
-
2. Азот табиғатта бос күйінде кездессе, фосфордың көбіне қосылыс күйінде кездесуі неліктен?
-
3. Молекулалық азот пен фосфордың формулалары қандай?
-
4. Ақ және қызыл фосфордың қасиеттерін салыстырыңдар.
Бағалау және үй тапсырмасы
Оқушыларды бағалау
Тест, тақтадағы жауап, есептердің орындалуы және топтық жұмысқа қатысу деңгейі бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма
§18