Реформаны дайындау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып
1867–1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Сабақтың типі
Жаңа білім беру
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдістер
Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
Саяси карта, интерактивті тақта, электронды оқулық, сызбалар, суреттер

Мақсаты

ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы Қазақстандағы реформаның дайындалуын, мазмұны мен мәнін, сипатын ашып көрсету.

Дамытушылық

Реформаның зардаптарын түсіндіру, саяси және әлеуметтік салдарын қорытындылап, айқындауға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды адамгершілікке, өз еліне сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ құрылымы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Назарды сабаққа аудару.

II. Үй жұмысы

§19. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті. Үй тапсырмасы ауызша сұралады; сұрақ-жауап арқылы бекітіледі; «Тұлғаларды таны» тапсырмасы орындалады.

Сұрақ-жауап (1-блок)

  1. 1. ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан шәкірттері қай тілде оқытылды? Жауабы: араб тілінде.
  2. 2. Азиялық училище қай жылы ашылды? Жауабы: 1789 ж.
  3. 3. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан қандай мекемелер ашылды? Жауабы: орысша білім беретін мектептер.
  4. 4. ХХ ғ. 20–30 жылдарында Қазақстан ғылымының «штабын» басқарған кеңестік ірі түрколог, академик кім? Жауабы: А. Н. Самойлович.
  5. 5. Сүйінбай Аронұлы ақындық өнерге қанша жасынан машықтанған? Жауабы: 14–15 жастан.
  6. 6. Қазақ халқында дамыған қолөнер салаларын атаңдар. Жауабы: тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл, сүйек, мүйіз өңдеу.

Сұрақ-жауап (2-блок)

  1. 1. ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда ағарту ісі балаларға нені үйретті? Жауабы: діни мазмұндағы кітаптар (шариғат, «Иман», «Әптиек») арқылы ислам қағидаларын үйретті.
  2. 2. 1833 жылы А. С. Пушкин Қазақстанның қай қаласында болды? Жауабы: Орынборда.
  3. 3. 1848–1849 жж. Г. С. Карелин Қазақстанның қай өңірін зерттеді? Жауабы: Каспий теңізі маңын.
  4. 4. Жетісу ақындарының «алтын діңгегі» атанған ақын кім? Жауабы: Сүйінбай.
  5. 5. Қазақ ауылдарында шаруашылыққа арналған, төбесі күмбез тәрізді шошала қандай мақсатта тұрғызылды? Жауабы: ет пен азық-түлік өнімдерін сақтау үшін.

Сұрақ-жауап (3-блок)

  1. 1. ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын қай қалаларға оқуға жіберді? Жауабы: Бұхара мен Ташкентке.
  2. 2. 1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір хан ұйымдастырған мектептерде қай тілдерде сабақ беріле бастады? Жауабы: татар және орыс тілдерінде.
  3. 3. 1836–1838 жылғы шаруалар көтерілісінің басшылары И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлына кім қолдау көрсетті? Жауабы: В. И. Даль.
  4. 4. 1845 жылы В. И. Дальдің «Бөкей мен Мәулен» повесі қай тілге аударылды? Жауабы: Парижде француз тіліне.
  5. 5. М. Өтемісұлы қай жылы Калмыков түрмесінде отырды? Жауабы: 1829 жылы.
  6. 6. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын қалай аталады? Жауабы: төр.

Сұрақ-жауап (4-блок)

  1. 1. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беретін мұғалімдікке қандай талап қойылды? Жауабы: арнайы куәлігі болуы керек.
  2. 2. 1831 жылы 18 қыркүйекте қай қалада орысша білім беретін училище ашылды? Жауабы: Семейде.
  3. 3. 1833 жылы А. С. Пушкин Орынборда болған кезінде қандай еңбегін жазды? Жауабы: «Пугачев бүлігінің тарихы».
  4. 4. М. Өтемісұлы 20 жасында қандай қызмет атқарды? Жауабы: Жәңгір ханның ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі болды.
  5. 5. Жастайынан екі көзінен айырылған ірі эпик ақын кім? Жауабы: Шөже.
  6. 6. Қазақ халқы әнші-күйшілерді зор құрметпен қалай атаған? Жауабы: сал-серілер.

III. Жаңа сабақ

Сабақ электронды оқулықпен жұмыс арқылы жүргізіледі. Негізгі бағыттар:

  • 1. Реформаны дайындау
  • 2. Реформаның мазмұны мен мәні
  • 3. Реформа бойынша әкімшілік-аумақтық бөлініс
  • 4. Реформаның отаршылдық сипаты

Реформа ұғымы және тарихи алғышарттар

Реформа — қоғамдық өмірдің белгілі бір саласын қайта құру, өзгерту, жаңарту. Ресейде басыбайлылық құқықтың жойылуымен қатар саяси және әлеуметтік өмірді түбірімен өзгертетін бірқатар реформалар жүзеге асырылды. Бұл кезеңде капиталистік қатынастар кеңінен дами бастады.

Реформаның негізгі міндеті — қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен біртіндеп біріктіру және империяға бағынышты халықтарды біртұтас басқару жүйесіне енгізу болды.

Патшалық Ресей ұлттық аймақтарды шикізат қоры ретінде сақтап қалу саясатын ұстанды. Бұл саясат Қазақстанға да толық тарады. Реформаға дейін қазақ жері екі генерал-губернаторлыққа бағынды. Ал 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» және 1824 жылғы «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» жаңа қалыптаса бастаған капиталистік қатынастарға сай келмеді.

Реформаны әзірлеу: комиссиялар мен шешімдер

1860 жылы реформа алғаш Петербургте, кейін статс-хатшы И. И. Бутковтың кабинетінде талқыланды. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында Бутков басқарған комиссия құрылып, бүкіл қазақ даласын екі облысқа бөлуді ұсынды. Кейін реформаны дайындау Ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған Дала комиссиясына жүктелді.

1865 жылғы 5 маусым — ІІ Александрдың әмірімен қазақ жерін зерттеуге арналған сұрақтар тізімі дайындалды. Онда жер иелену түрлері, сот ісі, алым-салық, діни мәселелер және басқа да бағыттар қарастырылды.

Комиссия ұсыныстары Орынбор генерал-губернаторы А. П. Безакқа тапсырылды. 1865 жылы Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына Н. А. Крыжановский тағайындалды.

Реформаны әзірлеу барысында бұқараның талап-тілегі ескерілмеді. Ғалым Ш. Уәлиханов халықтың өзін-өзі басқаруына негізделген әкімшілік жүйе енгізуді ұсынды және «Сот реформасы туралы» хатында әлеуметтік-экономикалық жаңалықтарды қажет деп санады.

Комиссия реформаға қажетті мәліметтерді көбіне феодалдық топ өкілдерінен жинады: Батыс Сібірде — ірі бай Мұса Шорманұлы мен билеуші сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесінде — аға сұлтан Сәйдәліұлынан және басқа да ақсүйектерден.

1867–1868 жылдардағы ережелер және басқару жүйесі

1867 жылғы 11 шілде — ІІ Александр «Сырдария және Жетісу облыстарын басқару туралы Ережені» бекітті. 1868 жылғы 21 қазан — «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ереже» қабылданды.

Нормативтік негіз

1867 жылғы Ереженің 85-бабына сәйкес қазақ жерін біріктіру бағыты күшейтілді.

Әкімшілік бақылау

Ереженің 42–65-баптары уезд бастықтарының міндеттерін нақтылады.

Уезд бастығына жүктелген негізгі міндеттер

  • Жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау.
  • Уезде тыныштық пен тәртіпті сақтау.
  • Алым-салықтың жиналуын бақылау.
  • Халық денсаулығын сақтау шараларын үйлестіру.

Болыстар мен ақсақалдарды сайлау көбіне күреспен, рулық таласпен өтті. Мұны Абайдың «Болыс болдым, мінеки...» деп басталатын Күлембайға арналған өлеңінен де байқауға болады.

IV. Бекіту тапсырмалары

Қажетті датаны қойыңдар

  1. 1. Қазақ даласын зерттеуге байланысты сұрақтар тізімі қай жылы құрастырылды? Жауабы: 1865 ж. 5 маусым.
  2. 2. Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстары бойынша патша жобасына қай жылы қол қойылды? Жауабы: 1868 ж. 21 қазан.

Есімдерді жазыңдар

  1. 1. ХІХ ғ. 60-жылдары қазақ өлкесін басқаруды өзгертудің жобасын жасау жөніндегі комиссияны басқарған статс-хатшы кім? Жауабы: И. И. Бутков.
  2. 2. 1868 жылы Жетісуға шаруаларды көшірудің уақытша ережесін кім жасады? Жауабы: Калпоковский.
  3. 3. 1867–1868 жж. реформа кезеңінде өз жобасын ұсынған қазақ ғалымы кім? Жауабы: Ш. Уәлиханов.

Картамен жұмыс

Электронды оқулықтағы тапсырмалар бойынша картадан әкімшілік-аумақтық өзгерістерді анықтау және белгілеу.

V. Үйге тапсырма

Оқу

§20. Оқу, түсінік айту.

Дәптермен жұмыс

Сызбаларды сызу.

Картамен жұмыс

Әкімшілік бөліністі картадан көрсету.

Ойлануға арналған сұрақтар

  1. 1. Реформаға дайындық қалай жүргізілді?
  2. 2. Реформаны дайындау арқылы патша үкіметі қандай мақсатты көздеді?
  3. 3. Реформаның мәні қандай?
  4. 4. Ережелердің Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы рөлі қандай болды?