Қызметкелер туралы ереже

Сабақ жоспары: Құжаттау

Аралас сабақ • Түсіндірмелі-иллюстративті әдіс

Құжаттама Ұйымдастыру Қауіпсіздік

Білімділік мақсаты

Оқушыларға құжаттың анықтамасын, атқаратын қызметін және ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу барысында сақталатын талаптарды түсіндіру.

Дамытушылық мақсаты

Құжаттау тақырыбын терең меңгерту арқылы тиянақты әрі жүйелі жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Құжаттармен жұмыс кезінде ұқыптылыққа баулу және информатика кабинетінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

  • Дербес компьютер Практикалық жұмысқа
  • Оқулық, жұмыс дәптері Теория және тапсырмалар
  • Таратпа қағаздар Жедел тексеруге
  • Презентация, видеопроектор Көрнекі түсіндіруге

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Келмеген оқушыларды белгілеу.
  • Оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа аударту.

II. Өткен тақырыпты тексеру

Өткен материалды қайталау үшін назарымызды тақтаға аударамыз. Оқушылар орындарында отырып, қол көтеру арқылы жауап береді. Жауаптар сұрақ жанында жасырылған дұрыс нұсқалармен сәйкес келуі тиіс.

1) Тереземен жұмыс әрекеттері

  • • Терезені жималау
  • • Терезені жаю
  • • Терезені жабу

2) Негізгі ұғым

Қапшық

3) Негізгі ұғым

Файл

4) Талқылау сұрағы

Хатшының құжатсыз қызметі туралы не білесіз?

5) Хатшыны кім қабылдайды?

Директор

6) Хатшы қандай құжаттарды басшылыққа алады?

  • • Қазақстан Республикасының заң актілері
  • • Лицейдің жарғысы
  • • Қызметкерлер туралы ереже
  • • Лицей басшысының бұйрықтары

7) Хатшы нені білуі керек?

Құжаттармен жұмыс істеу, құжаттамаларды жинақтап-құрастыру, басқару жұмысын ұйымдастыру, есепке алу және ұйымдастыру техникасын тиімді қолдану және т.б.

8) Хатшыға қандай қызметтер жүктеледі?

Ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету және басшылықты жедел-ұйымдастыру қызметімен қамтамасыз ету.

III. Жаңа тақырыпты баяндау

Кез келген ұйымның, мекеменің немесе адамның қызметі барысында құжат пайда болады. Құжат — бұл құжатталған ақпарат, яғни ақпараттың дәлме-дәлдігін растайтын материалдық жеткізгіште жазылған дерек.

Ақпараттың құжаттағы берілу түрлері

  • Жазбаша мәтін
  • Фото
  • Сурет, сызба
  • Дыбыс

Құжаттың негізгі қызметтері

  • Ақпараттық қызмет (мәліметті жеткізу және түсіндіру)
  • Ақпаратты белгілі қашықтыққа тасымалдау
  • Ақпаратты жинақтау және сақтау
  • Дәлелдеу, есеп жүргізу

Құжатты жасау үдерісі құжаттау деп аталады. Құжаттау жүйесі құжатты жасауға және ресімдеуге қойылатын талаптар мен нормаларды, сондай-ақ құжаттармен жұмыс жүргізу тәртібін қамтиды. Бұл нормалар заңдық актілермен және нормативтік-әдістемелік құжаттармен бекітіледі.

Іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастырудың екі бағыты

1) Құжаттау

Құжаттарды уақытылы әрі сауатты дайындау және ресімдеуді ұйымдастыру.

2) Құжаттармен жұмыс

Қабылдау-өткізу, өңдеу, есепке алу, тіркеу, бақылау, сақтау, мұрағатқа дайындау және жою.

Нормативтік негіз және мемлекеттік реттеу

Құжаттарды дайындау және олармен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру арнайы нормативтік-құқықтық және нормативтік-әдістемелік актілермен реттеледі. Құжаттама саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган ұйымдық-басқару құжаттарын ресімдеуге қойылатын уақытша талаптарды әзірледі. Бұл талаптар 2000 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңсесінің басшысы тарапынан бекітілді.

Осы негізде мемлекеттік ұйымдарда құжаттау мен құжаттаманы басқарудың тұрпатты ережелері жасалып, заңмен белгіленген тәртіпте тіркеуден өтті. Аталған ереже 2003 жылғы 29 сәуірдегі № 33 бұйрығымен (мемлекеттік тіркеу № 2331, 2003 жылғы 2 маусым) бекітілді.

Тұрпатты ережелер ұйымға келіп түсетін, шығатын және ішкі айналымдағы қағаз және электрондық құжаттарды тіркеу, ресімдеу, орындалуын бақылау тәртібін айқындайды. Сонымен қатар есептік тіркеу формаларының түрлерін (оның ішінде автоматтандырылған нұсқаларды) белгілеп, іс номенклатурасы, істерді қалыптастыру және ведомстволық мұрағаттарға тапсыру талаптарын нақтылайды.

Электрондық құжат айналымы

Электрондық құжатты қағаз құжатпен заң жүзінде теңестіріп, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолжазба қолтаңбамен бір деңгейге қойған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы ережесі әзірленді. Бұл ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілді.

Ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу шарттары

  • Құжат нысандарының бірізділігі.
  • Құжаттарды өңдеудің бір типті операциялық технологиясы.

Ережелер қамтитын негізгі бағыттар

Құжаттарды біріздендіру

Құжаттардың түрі мен ресімделуін стандарттау.

Құжат айналымын ұйымдастыру

Құжаттың қозғалысын, тіркелуін және бақылауын реттеу.

Істер номенклатурасы

Істерді жүйелеудің және есепке алудың негізі.

Мұрағат жұмысының негіздері

Құжаттарды істерге қалыптастыру және мұрағатқа тапсыру.

IV. Бекіту сұрақтары

  1. «Құжат» сөзінің анықтамасын айтыңыз.
  2. Құжаттың атқаратын қызметтері туралы не білесіз?
  3. Құжаттарда ақпарат қандай түрде берілуі мүмкін?

V. Үй тапсырмасы

1-тақырыпты оқу.

VI. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, тапқырлығы және сұрақтарға жауап беру сапасына қарай бағаланады.