Телефон шырылы

Сабақ туралы

Тақырыбы

«Білімділер елінде»

Мақсаты

  • Балалардың технологияны тереңірек түсінуіне жағдай жасау.
  • Шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.
  • Ертегіге қызығушылығын арттырып, сөздік қорын байыту.
  • Оқу іс-әрекетіне қызығушылығын күшейту.

Керекті құралдар

Слайдтар (түрлі суреттер) Сөйлейтін қалам Ертегі (радио/аудио) Сергіту сәті «Шаттық шеңбері» Музыка әуені Телефон

Ескерту: зал іші тақырыпқа сай безендіріледі.

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Көрсету
  • Үйрету

Басталуы: «Шаттық шеңбері»

Күн, күн, күн, күн —
Бізге қарсы күледі.
Бұлттар қашып домалап,
Жасырынып қалады.

Күн, күн, күн, күн —
Шуақтарын шашады.
Күндей жайнап, қуанып,
Алақанды созады.

Кіріспе сұрақтар

  1. 1) Қазір жылдың қай мезгілі?

    Балалар: Күз.

  2. 2) Күз мезгілінде неше ай бар?

    Балалар: Үш ай: қыркүйек, қазан, қараша.

Көрнекілік және тіл дамыту

Күз мезгілінің ерекшеліктерін слайд арқылы тамашалау.

Балалардың күз туралы тақпақтарын тыңдау.

Оқу іс-әрекетінің барысы: «Білімділер еліне» саяхат

Таңғажайып сәт

Телефон шырылдайды. Тәрбиеші телефонды көтереді. Телефоннан баланың дауысы естіледі:

«Сәлеметсіздер ме, балалар! “Білімділер еліне” қош келдіңіздер. Мұнда сендердің білімдеріңді тексеру үшін бірнеше тапсырма берілген. Тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар, мен дайындаған сыйлыққа қол жеткізесіңдер».

Тақтада 1-ден 4-ке дейінгі сандар көрсетілген. Әр тапсырма дұрыс орындалған сайын бір сан ашылып, құпия суреттің бөлігі көрінеді.

1-тапсырма: Кітапханаға саяхат

Музыка әуенімен кітапханаға барады.

Технология Тіл дамыту

Кітапханада көптеген қызықты кітаптар бар. Соның ішінде бір кітапты таңдап, бірге оқып танысады.

Сөйлейтін қалам арқылы

  • Кітаптармен таныстыру.
  • Үй және жабайы жануарлар туралы мәлімет беру.

Нәтиже: тапсырма орындалды — 1 саны ашылды. Артынан құпия суреттің бір бөлігі көрінді.

2-тапсырма: «Санамақтар елі»

Балалар ирек жолмен жүріп барады.

Логика Санау

1) Логикалық тапсырма

«Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.

2) Санамақ айту

Санамақтар арқылы есептеу дағдыларын бекіту.

Нәтиже: тапсырма орындалды — 2 саны ашылды.

3-тапсырма: «Өнерлілер елі»

Балаларды Микки Маус қарсы алады.

Қозғалыс Үш тіл

1) Сергіту сәті (ағылшын тілінде)

Қарапайым қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы сергіп алу.

2) Дидактикалық ойын (орыс тілінде)

«Көкөністер мен жемістер» тақырыбы бойынша тапсырма орындау.

Нәтиже: тапсырма орындалды — 3 саны ашылды.

4-тапсырма: «Ертегілер елі»

Жаңа ертегімен танысу және сұрақтарға жауап беру.

Ертегі Сөйлесу

Балалар өздері білетін ертегілерді атайды. Тәрбиеші бүгін жаңа ертегімен таныстырады: «Амалын тапқан қонжық».

Сөйлейтін ойыншық ертегіні аудио түрде айтып береді.

Көлеңкелі қуыршақ театры арқылы ертегі кейіпкерлері көрсетіледі. Тәрбиеші жетекші сұрақтар қояды, балалар жауап береді.

Нәтиже: тапсырма орындалды — 4 саны ашылды.

Құпия сурет және марапат

Құпия сандардың шешімі

Барлық тапсырмалар орындалғаннан кейін, құпия сандардың артынан шыққан сурет анықталады: балабақша.

Тәрбиеші: «Біз білімнің негізін осы балабақшадан аламыз».

Сыйлық

Телефон тағы да шырылдайды:

«Рахмет, балалар! Сендер тапсырмалардың барлығын өте жақсы орындадыңдар. Сендер шынымен білімді екенсіңдер. Енді сендерге арналған сыйлық салынған қорап ашылады».

Қораптан кітаптар шығады. Тәрбиеші кітаптарды балаларға бір-бірден таратып береді.

Қорытынды

Тәрбиеші балаларды оқу іс-әрекетіне белсенді қатысқаны үшін мақтап, мадақтайды.

Күтілетін нәтиже

Нені білу керек

Жаңа технологияны дұрыс қабылдап, мәнін түсіне білу.

Нені игереді

Үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) берілген тапсырмаларды дұрыс орындау дағдысын.

Нені біледі

Ертегінің мазмұнын түсініп, қысқаша әңгімелеп бере алу.