Бөлімдері бірдей аралас санды қосу
Сабақтың тақырыбы
Аралас санды қосу (5-сынып).
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Аралас сандарды қосу амалын түсіндіру және есептерді шығара білу дағдысын қалыптастыру.
-
Тәрбиелік
Оқушыларды өз бетінше есеп шығаруға, ізденуге, тез ойлап, тез қорытынды жасауға баулу; сөйлеу мәдениетін дамыту.
-
Дамытушылық
Ой-өрісті кеңейту, математикаға қызығушылық пен белсенділікті арттыру; есептеу дағдысын жетілдіру және танымдық қызығушылықты дамыту.
Сабақ форматы
- Сабақтың түрі
- Жаңа тақырыпты меңгерту
- Сабақтың форматы
- Интерактивті сабақ
- Сабақтың әдістері
- Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, есеп шығару.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Кеспе қағаздар
- Бағалау парағы
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сынып жұмысына бағыттау-
Оқушылардың құрал-жабдықтарының толық болуын тексеру, зейінді бір ортаға шоғырландыру.
-
Сыныпты екі топқа бөлу.
-
Психологиялық тренинг: «Келдім, көрдім, жеңдім»
Әр топтан екі оқушы шығады.
Мұғалім атаған затты тауып әкеледі (мысалы: қалам, өшіргіш, скотч).
Кешіккен оқушы орнына отырады. Соңғы қалған оқушы жеңімпаз атанады.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Кері байланысОқушылар есептерді интерактивті тақта арқылы тексереді. Әрбір дұрыс жауап үшін фишка беріледі.
Рефлексия: «Табыс ағашы»
Тақтада ағаштың суреті беріледі: ағаштың діңі — жаңа сабақтың тақырыбы, жасыл желек — экология, ал жемісі — оқушылардың алған білімдері. Оқушылар өздері таңдаған алманы алып, ағаштағы орнына жапсырады.
3) Жаңа сабақ
Негізгі бөлімI бөлім
Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу