Атқа мінген баланы

Топтамадағы сабақтар тізімі

  • Ою-өрнек түрлерімен танысу
  • Сырмақ
  • Тышқанізбен көмкерілген қоржын

Білім саласы

Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті

Бағдарлама: «Ою-өрнек әлемі»

Тақырыбы

Тышқанізбен көмкерілген қоржын

Мақсаты

  • Балаларды «тышқаніз» оюын үлгі бойынша ойып жасауға дағдыландыру.
  • Оюды пайдаланып, қоржынды әшекейлеуге үйрету.
  • Әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру Көрсету Сұрақ-жауап Ой тастау Ойын ойнату Мақал айту

Көрнекі құралдар

  • Қоржынның сурет үлгісі
  • Үлестірмелі қоржын суреттері
  • Түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім
  • «Тышқаніз» оюының бастырмасы
  • Кішкентай ойыншық түрлері

Сабақ барысы

Мотивациялық кезең

Балалар, бәріміз бір-бірімізбен амандасып, жақсы тілектер айтайық.

Біз балдырған, тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілейміз біз бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан.

Рахмет, балалар! Тілектерің қабыл болсын, бәріміз аман болайық.

Іздену-ұйымдастыру кезеңі

Сұрақ-жауап

Қазір жылдың қай мезгілі?
Қазір — күз мезгілі.
Күздің неше айы бар?
Күздің үш айы бар.
Қазір қай ай?
Қараша айы.
Күз мезгілін сипаттап беріңдер.
Күн салқындайды, аспан бұлттанады, жаңбыр жиі жауады, жел соғады. Жапырақтар сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады.

Бақылау және түсіндіру

— Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

— Атқа мінген баланы.

— Тағы нені байқадыңдар?

— Баланың алдында дорба бар.

Түсіндіру: бұл — дорба емес, қоржын. Алыс жолға шыққанда қоржынға киім-кешек пен ас-ауқат салу өте ыңғайлы.

Бүгінгі жұмыс

Бүгін қоржынды «тышқаніз» оюымен әшекейлеуді үйренеміз. Тәрбиеші орындалу жолдарын көрсетеді.

«Тышқаніз» оюы қандай геометриялық пішінге ұқсайды? Тізбектелген үшбұрышқа.

Орындалу қадамдары

  1. 1 Берілген бастырма бойынша «тышқаніз» оюын бастырыңдар.
  2. 2 Оюды қайшымен мұқият қиып алыңдар.
  3. 3 Қиылған оюды қоржынның бетіне ретімен орналастырып, желімдеңдер.

Мотивациялық тірек

«Көз қорқақ, қол батыр» — қорықсаң да, іске кіріссең қолыңнан келеді.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,
Үй шатырын құрайық.
Ұқсай ма екен оюға,
Досымыздан сұрайық.

Ойын: «Сиқырлы қоржын»

Қоржынның ішіне үй құстары мен төрт түлікке қатысты кішкентай ойыншықтар салынады. Ойын шарты бойынша әр бала бір ойыншықты алып, оған сипаттама береді.

Мысал: Жылқы

Жылқы — үй жануары. Оның сүті мен еті пайдалы. Жылқы кісінейді.

Мысал: Тауық

Тауық — үй құсы. Оның жұмыртқасын және етін пайдаланамыз.

Рефлексия және қорытынды

Балалар, жасаған қоржындарымызды көрме сөресіне орналастырайық. Әркім өз жұмысын қойып, ішінен ең әдемісін таңдайды.

Қоржынды көркемдеу қиын болды ма?
Жоқ, қиын емес.
Қандай оюмен көмкердіңдер?
«Тышқаніз» оюымен.
Қандай мақалды еске түсірдік?
«Көз қорқақ, қол батыр».
Мағынасы қандай?
Көзіңмен көріп именсең де, қолыңмен жасап көрсең, орындай аласың.

Өте жақсы, балалар! Сабақ аяқталды, көп-көп рахмет!