Оқушыларды сайысқа дайындау
Дайындық сыныптары арасындағы білім марафоны
Тақырыбы: «Бәрін білгім келеді»
Мақсаты
- Оқушылардың білімге деген құштарлығын, ізденісін, қызығушылығын арттыру; логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
- Көпшілік алдында еркін сөйлеуге, өз білімін көрсетуге, шығармашылықпен еңбек етуге дағдыландыру.
- Өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа баулу.
Көрнекілігі
- Суреттер
- Шарлар
- Геометриялық фигуралар
- Ертегі кейіпкерлері
Қатысушылар
А, Ә, Б, В сыныптары
Топтар
- Талап
- Сұңқар
- Болашақ
Әр топ өздерін: топтың аты, ұраны және құрамымен таныстырады.
Кіріспе сөз
Жақсы болу — өзіңнен,
Жаман болу — өзіңнен.
Өзіңді-өзің ая да,
Өзің үйрен — өзіңнен.
Жақсылық көрсең біреуден —
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден —
«Мен қандаймын?» деп ойла.
Осы ойды бағдар етіп, бүгінгі «Бәрін білгім келеді» атты дайындық сыныптары арасындағы білім сайысына қош келдіңіздер! Сайыс тапсырмалар мен сұрақтардан тұрады: тапсырмаларды мұқият тыңдап, топпен ақылдасып жауап беру қажет.
Барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушыларды сайысқа дайындау.
- Әділқазы мүшелерімен таныстыру.
II. Негізгі бөлім
- Топпен таныстыру.
- Ой ширату (сұрақ-жауап).
- Кім көп біледі? (сурет бойынша әңгімелеу).
- Кім тапқыр? (математика бойынша 3 тапсырма).
- Ізденген жетер мұратқа (логикалық тапсырмалар).
- Тапқыр болсаң, тауып көр (сурет бояу).
- Мен елімнің болашағымын (ой қорыту).
Ереже
Әр бөлімде тапсырманы тыңдап, топ ішінде талқылап, ортақ жауап ұсыну керек. Уақытты тиімді пайдалану және бір-бірін тыңдау — маңызды шарт.
II. Негізгі бөлім: тапсырмалар мазмұны
Топпен таныстыру
Әр топ өз атауын, ұранын және құрамын таныстырады.
Ой ширату (сұрақ-жауап)
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарасып,
Тәрбие-тəлім табар мән.
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға — сол алда.
- 1. Бүгін аптаның қай күні?
- 2. Нешінші сыныпта оқисыңдар?
- 3. Ұстаздарыңның аты-жөнін білесіңдер ме?
- 4. Мектептерің қалай аталады?
- 5. Өз тобыңда неше оқушы бар?
- 6. Қазір жылдың қай мезгілі?
- 7. Ағаштарда неге жапырақтар жоқ?
- 8. Сен тұратын ауыл қалай аталады?
- 9. Біздің бас қаламыз қай қала?
- 10. Жануарда екі оң аяқ, екі сол аяқ, екі алдыңғы аяқ және екі артқы аяқ бар. Сонда оның неше аяғы бар?
- 11. Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. 4 құлағы көрінеді. Неше қоян?
- 12. Ағаштың басында 5 құс отыр еді. Екеуі ұшып кетті. Неше құс қалды?
Кім көп біледі? (сурет бойынша әңгімелеу)
Ақыл — тастан, өнер — жастан,
Шығады деп дарынды.
Халық айтса, халық сөзі —
Әрқашанда нанымды.
Оқушылар берілген суреттерге қарап, көргенін жүйелі баяндап, ойды толық жеткізуге үйренеді.
Кім тапқыр? (математика тапсырмалары)
Сонау-сонау алысқа жүзсін десең кемелер,
Тылсым-сырлы ғарышқа ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де — математика ең маңызды ғылым.
Сондықтан сол ғылымның тілін біл.
Бұл бөлімде математика бағыты бойынша әртүрлі тапсырмалар беріледі (3 тапсырма).
Ізденген жетер мұратқа (логикалық тапсырмалар)
Сыры көп білімнің — шешілмеген әлі де.
Тереңдігі білімнің — керек екен бәріне.
Оқушылардың ойлау жылдамдығын, салыстыру мен қорытынды жасау дағдысын дамытатын логикалық тапсырмалар орындалады.
Тапқыр болсаң, тауып көр (сурет бояу)
Оқушыларға сурет бояу тапсырмасы беріледі. Мақсат — ұқыптылықты, эстетикалық талғамды және шығармашылықты дамыту.
Мен елімнің болашағымын (ой қорыту)
Шеңбер құру ойыны
Барлығымыз ортаға жиналып, шеңбер құрып отырамыз. Жүргізуші ортаға асық шашады: кім көп асық жинаса, сол оқушы келесі бөлімді бастап сөз алады.
Арман мен мақсат
Әр оқушы болашақта кім болғысы келетінін айтып, өз арманын қысқа әрі түсінікті түрде жеткізеді.
III. Қорытынды
Тілек
Балалар, сайысымыз өз мәресіне жетті. Болашақта елімізді көркейтетін білімді ұл-қыз болып өсіңдер. Армандарың орындала берсін!
Әділқазылар сөзі және марапаттау
Сөз кезегі әділқазылар алқасына беріледі. Қорытынды шығарылып, жеңімпаздар марапатталады.