Талаптыға нұр жауар
Қыз сыны
Армысыздар, қадірменді қонақтар! Армысыздар, ақ жаулықты аналар! Бүгінгі кеш — арулар сайысы. Сіздерге тамашалау мен әділ бағалау мәртебесі бұйырсын.
Сіздерді Алма 2-ші кіші тобының қыздары арасында өтетін «Асанәлі аруы — 2012» қыз сыны байқауын тамашалауға шақырамыз.
Сайыс бағдарламасы
- Тегін білу — тектілік (таныстыру)
- Өнерлі — өрге жүзер (өз өнерлерін көрсету)
- Талаптыға нұр жауар (үй тапсырмасы: қолөнер)
- Қыздарға әсемдік жарасады (сән үлгісі)
Әділқазылар алқасы
Әділқазы береді — өздеріңе билікті. Өнерде кім жеңеді — сол алады сыйлықты. Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беріп, жеңімпазды анықтайтын қазылармен таныс болыңыздар:
- Базарбаева Багила
- Ерішова Ардақ
- Амангосова Орынгүл
Балғын жүзі албырап, қанатын жаңа қаққан — сайысқа дайын тұрған аруларды қарсы алайық!
I бөлім: «Тегін білу — тектілік» (таныстыру)
Армысыңдар! Қош келдіңіздер, халайық! Ендеше қыз сайысын бастайық!
Жұмаева Альфия Ермекқызы
Жасым — үште, руым — Ысық. Міне, өзім! Өмір есігін ашып, анам тербетті бесігін.
Максуда
Әдемі де ақылды қыз болдым — Максуда менің есімім.
Артурқызы Жанель
Таныстырсам өзімді — Артурқызы Жанельмін. Бұл сайысқа қатысып, талабымды байқап көремін. Әнді жақсы айтамын: бақ сынап мен бүгін, озып шығам қалайда.
Мұхтарқызы Айя
Отырмысың, көрермен, залға бүгін жиылып? Сөз анасы — сәлем деп, тізе бүгем иіліп. Мен де шықтым ортаға, қанатымды жая: алдарыңа кеп тұрған — Мұхтарқызы Айя.
Атамның жұлдызымын, әжемнің құндызымын. Үш жасынан бәйге шапқан — Адайдың бір қызымын!
Хидаят
Армысыздар, ағайын, сәлемдесіп алайын! Таныстырсам өзімді: Сырымның немересімін, Нұрымның қызымын.
Хидаят деп атымды хадистерден алыпты. Ұлыстың ұлы күнінде тілеймін баршаңа амандық пен бақытты.
Абзалқызы Элеонора
Қызымын Адай деген батыр елдің. Жасымнан мен өнерге жетік едім: ән саламын, би билеймін мың бұралып. Абзалқызы Элеонора — атым менің. Сәлем берем иіліп алдарыңа: амандасу — қазақы салтым менің.
II бөлім: «Өнерлі — өрге жүзер» (өнер көрсету)
Сахнада биші емес — құс сияқты, елестейді бір көрген түс сияқты. Әжесінің ұршығындай иірілгенде, жер шарын айналдырған күн сияқты.
Қуыршақ биі — орындауында ________________.
Өлең шумақтары
Тақпақты да жаттаймын, би билеп, ән де айтамын. Ата-ананың үмітін ақ сеніммен ақтаймын.
Алдарыңызда — ________________ өз өнерін көрсетеді.
Тәрбиешіге арнау
Ән салғызып, билетіп, үнемі бізбен жүреді, тақпақты да үйретіп, ойнатады да күледі. Қызық-қызық ертектер біздерге оқып береді — жылауық та, тентек те сол апайға көнеді.
Естіп кейде қаламын: «Тәрбиеші апайды — баланың қамқоршысы» деп атайды анашым.
Ортада — ________________, «Қара жорға» биі.
Жарыс десе жайнаған, намысын қайраған, тоты құстай құлпырып, сандуғаштай сайраған — ________________ «Апа(м) үшін» әнімен.
Өзі жап-жас болса да, таудай үлкен талабы бар. Биін көріңіздер, бағасын беріңіздер: ________________ орындауында Өзбек биі.
________________ орындауында «Бала тілегі».
III бөлім: «Талаптыға нұр жауар» (қолөнер)
Қыздарымыз үйден жасап әкелген қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынады.
IV бөлім: «Қыздарға әсемдік жарасады» (сән үлгісі)
Қыздарға әсемдік жарасады, ай көркі биіктетер аласаны. Болмаса ару қыз — сұлу әйел.
Қыздарымыз дайын болғанша, «Гүлдер» тобының ер балалары орындауындағы «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.
Қорытынды сөз
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.