Бөлудің компоненттерін қайталау

Топтамадағы сабақтар тізімі

  1. «Қош бол, құтты Әліппем» — тәрбие сағаты
  2. «Бәрін білгім келеді» — интеллектуалды ойын
  3. Математика: «Бөлуді тексеру»

Математика сабағы

Тақырыбы: Бөлуді тексеру

Мақсаты

  • Білімділік: бөлуді тексеру тәсілін меңгерту; бөлудің кері амалы — көбейту екенін түсіндіру; бөлу және көбейту кестесін тиімді қолдануға, жылдам есептеуге қалыптастыру; өз бетінше ізденуге үйрету.
  • Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, жылдам есептеу дағдыларын және логикалық ойлауын дамыту.
  • Тәрбиелік: жауапкершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Кесте
  • Слайд

Әдістер

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Іздену
  • Өзіндік жұмыс

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау және психологиялық жағынан баптау. Оқушыларды шеңберге тұрғызып, бір-біріне жылы тілек айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілеу.

II. Үй жұмысын тексеру

№8 тапсырма.

III. Білімін пысықтау (ауызша жұмыс)

Мысалдар және тексеру (көбейту арқылы)

16 : 4 = 4

4 × 4 = 16

20 : 4 = 5

4 × 5 = 20

24 : 4 = 6

4 × 6 = 24

28 : 7 = 4

4 × 7 = 28

32 : 4 = 8

4 × 8 = 32

36 : 4 = 9

4 × 9 = 36

Ойын: «Қар лақтырысу».

Бөлудің компоненттерін қайталау (бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді).

IV. Жаңа материалды түсіндіру

Бөлуді тексерудің мәнін ашу: бөлудің кері амалы — көбейту. Оқушыларды бөлу мен көбейту кестесін тиімді қолдануға және жылдам есептеуге үйрету.

№1 тапсырма

Схеманы пайдаланып, бөлуді көбейту арқылы тексеруге болатынын түсіндіру.