Мағынаны таныту

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы
Иса Байзақов — «Алтай аясында»
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Сабақтың әдістері
Топтық жұмыс, тірек сөз тіркестері, шығармашылық жұмыс, өз бетімен жұмыс
Көрнекіліктер
Қазақстан табиғатының әсем көріністерін бейнелейтін суреттер, топтық жұмыстарға арналған парақшалар, қиын сөздер жазылған карточкалар, оқушылардың рефераттары

Сабақтың мақсаты

1) Табиғатты таныту

Алтай жерінің сұлу табиғатын ақын өлеңі арқылы оқушыларға таныту.

2) Эстетикалық талғамды дамыту

Табиғатты қызықтай білуге, оны қорғауға және әдемілік пен әсемдікті сезінуге үйрете отырып, оқушылардың эстетикалық талғамын арттыру.

3) Тілдік қор мен оқу техникасы

Өлеңдегі қиын сөздер мен сөз тіркестерінің, көркем бейнелі сөздердің мағынасын меңгерту арқылы балалардың сөздік қорын молайту және оқу техникасын жетілдіру.

Сабақтың барысы

Сабақ құрылымы үш кезеңге негізделеді: қызығушылықты ояту, мағынаны тану және ой толғау. Әр кезеңде оқушының белсенді әрекеті мен талдауы алдыңғы қатарға қойылады.

I. Қызығушылықты ояту

Өткен тақырыпты тірек сөз тіркестері арқылы пысықтау және талқылауға негіз дайындау.

Кіріспе

Өткен сабақ:

С. Сейфуллин — «Ақсақ киік»

  • Киіктің сұлулығы туралы ой.
  • Оқ тиген киіктің жағдайын талдау.
  • Киік атқан адамға деген көзқарасты негіздеу.

II. Мағынаны тану

Авторды танып-білу, ұғымдарды нақтылау, мәтінді түсініп оқу және сұрақ-жауап арқылы мазмұнын ашу.

Негізгі бөлім

А) Автормен танысу: Иса Байзақов

Иса Байзақов (1900–1946) — Павлодар өңірі, Ертіс ауданы, Үлгілі колхозында дүниеге келген. Ол — ақын, әнші, композитор. Әкесі Байзақ пен анасы Ғазиза — өнерге жақын, сауықшыл жандар болған. Иса тоғыз жасында анасынан айырылып, өлеңші әрі әңгімеші әжесі Жанбаланың қолында тәрбиеленеді. Жастайынан суырыпсалма ақындығымен, әншілігімен және домбырашылық өнерімен танылған.

Шығармалары: «Қойшының ертегісі», «Кавказ», «Ақбөпе» және т.б. (Оқушылар өздері дайындаған рефераттары бойынша қысқаша таныстырады.)

Ә) Топтық жұмыс: «Таулар туралы не білеміз?»

Дүниетану сабағынан алған білімді еске түсіріп, тауларға қатысты мәліметтерді қағаз бетіне түсіру.

I топ

  • Бұлақ ағады
  • Биік және аласа болады
  • Өте әдемі

II топ

  • Пайдалы қазбалар көп
  • Суы салқын
  • Алатау, Алтай

III топ

  • Түрлі аңдар мекендейді
  • Тау жыныстары көп
  • Түрлері көп

Б) Сөздік жұмысы

Сөз Мағынасы
Аясында Құшағында
Өршіл Биікке құмар, өрге талпынған
Күйік Мұң, қайғы
Сайын Кең, кең жазық

В) Өлеңмен жұмыс

Мұғалім әрекеті

  • Өлеңді мәнерлеп оқиды.
  • Сұрақ-жауап әдісі арқылы мазмұнын ашуға жетелейді.

Оқушы әрекеті

  • Өлеңді іштей оқиды.
  • Кезек-кезек дауыстап оқиды.
  • Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындайды.
  • Дәптерге ұнаған шумағын көшіріп жазады.

III. Ой толғау

Өлең әсерін жүйелеу, Алтай табиғатының көркем бейнесін дәлелді айту және табиғатты қорғау туралы ортақ ұстаным қалыптастыру.

Қорытынды

I топ

Алтай көрінісінің әсері

Көңілге күй оралады, Алтай аясына алады; сұлудай торғын киген бұлт бейнесі.

Қосымша кендері

Қорғасын, титан, магний.

II топ

Әсемдік сипаттары

Жібектей бұлт жете алмаған, бұлттан өзге қона алмаған биік шыңдардың суреті.

Кен байлығы

Күміс, алтын, мырыш.

III топ

Ұшар басы

Ақша қар ақ күмістей болып, айға шағылып тұратын асқар шың.

Жануарлар дүниесі

Құлан, бұғы, марал, киік, қабылан, аю, елік, ешкі.

Табиғатты қорғау қағидалары

  • Табиғатты аялау, қоршаған ортаға жанашыр болу.
  • Өсімдіктерді кесіп-сындырмау.
  • Көк шөпті орынсыз таптамау.
  • Құстар мен аңдардың өсіп-өнуіне қиянат жасамау.
  • Ұя жасап, қамқорлық көрсету.

IV. Үй тапсырмасы

Өлеңнің мазмұнын қара сөзбен әңгімелеп беру.

Ұсыныс: әңгімелеуде Алтайдың табиғаты, көркем бейнелер және табиғатты қорғау ойларын байланыстыр.

V. Бағалау

  • Топтық жұмысқа қатысуы
  • Өлеңді түсініп оқуы және жауаптарының дәлдігі
  • Сөздік жұмысты меңгеруі
  • Дәптермен жұмыстың ұқыптылығы