Апа әдепті болса - сіңілі әдепті
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / сынып
Қазақ тілі, 3-сынып
Тақырып
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Мақсат
- Зат есімнің жекеше және көпше түрінің айтылуы мен жазылуын меңгерту.
- Оқушылардың ойлау қабілетін, тілін дамыту; сауатты жазуға жаттықтыру.
- Шығармашылық ойлауды дамыту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
Тақырыпқа қатысты суреттер, тірек-сызбалар, тапсырмалар.
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, талдау, салыстыру, топтау, жинақтау.
Сабақтың барысы
1) Қызығушылықты ояту
Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу
-
Сұрақ:
Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?
Жауап үлгілері: дөңгелек, шеңбер, алма, күн, шар, жер, ай, т.б.
-
Сұрақ:
Біз қайда өмір сүріп жатырмыз?
Жауап: Жер бетінде.
-
Сұрақ:
«Жер» сөзіне қандай сұрақ қоямыз? Қай сөз табы?
Жауап: Не? — зат есім.
-
Сұрақ:
Жер қандай?
Жауап үлгілері: дөңгелек, дөңес, тегіс, шексіз, үлкен, кең.
-
Сұрақ:
Жер әлемде нешеу?
Жауап: біреу.
Жұмбақ және көркем жазу
Жұмбақ:
Жердің ортасында не бар?
Жауап: «Е» дыбысы бар.
Көркем жазу сәті
Дәптерге Ее әрпін көркем етіп жазу:
2) Жаңа білімді меңгерту
Адам өміріне қажетті нәрселер
Сұрақтар
- Егер шөлдесең — су
- Егер қарның ашса — тамақ
- Егер қараңғы болса — жарық
- Егер тұншығып қалсаң — ауа
Тағы не керек?
Машина, үй, ақша, теледидар, компьютер.
Осы сөздерге қоятын сұрақ: Не?
Жекеше → көпше түрлендіру
су
сулар
тамақ
тамақтар
жарық
жарықтар
ауа
ауалар
машина
машиналар
үй
үйлер
ақша
ақшалар
теледидар
теледидарлар
компьютер
компьютерлер
Көпше түрде тұрған сөздерге қоятын сұрақ: Нелер?
Бұл заттарды кімдер пайдаланады? Адам, адамдар. Оларға қоятын сұрақ: Кім? Кімдер?
Ереже
- Кім? не? және кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздер — зат есім.
- Кім? не? сұрағына жауап беретін зат есім — жекеше түр.
- Кімдер? нелер? сұрағына жауап беретін зат есім — көпше түр.
3) Оқулықпен жұмыс
400-жаттығу
Суреттегі заттарды салыстырып, айырмашылығын анықтау:
- Балапан → балапандар
- Қоян → қояндар
401-жаттығу
Өлеңді көшіріп жазу; қалың қаріппен берілген сөздердің астын сызу; түбір күйімен салыстырып, байқағанын айту.
Біздің ғалым ағалар, Біздің ғалым апалар. Ашты жолды аспанға. Әлі ұшамыз алысқа, Алыс Айға, Марсқа.
«Ағалар», «апалар» сөздерінің түбірі: аға, апа.
-лар — көптік жалғау.
402-жаттығу
Көптік жалғауларының тиістісін қойып жаз. Көпше түрдегі зат есімдердің астын сыз.
Ауданда суретші (-тер / -дер / -лер) жарысы өтті.
Бала (-лер / -дар / -лар) сурет салуды жақсы үйренген.
Жеңімпаз (-дар / -дер / -тар)ға сыйлық (-тар / -дер / -тер) тапсырылды.
4) Танымдық тапсырма
Берілген зат есімдерге көптік жалғауын жалғап жазыңдар:
5) Ой тұжырым
Негізгі анықтама
Заттың атын білдіретін сөздер зат есім деп аталады.
Көпше түр және жалғаулар
Көптік жалғау жалғанған сөз — зат есімнің көпше түрі.
6) Білімді бекітуге арналған тест
1-сұрақ
Зат есім дегеніміз не?
- a) Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздер.
- ә) Заттың атын білдіретін сөздер.
2-сұрақ
Зат есімдерді тап (астын сыз):
Аға әдепті болса — іні әдепті.
Апа әдепті болса — сіңілі әдепті.
3-сұрақ
Көпше түрдегі зат есімді тап:
- a) Оқушылар
- ә) Қала
- б) Дала
4-сұрақ
Жалқы есімді тап:
- a) Журнал
- ә) Апам
- б) Астана
5-сұрақ
Жалпы есімді тап:
- a) Орыс тілі
- ә) Көл
- б) Хасан
6-сұрақ
Зат есімдер тобын тап:
- a) Кіші, мөлдір, тұщы
- ә) Қаратау, орман, алма
- б) Жүреді, қозғалады, ұшады
7) Сабақты бекіту
Ойын
«Орамал тастамақ» ойыны: зат есімнің жекеше және көпше түріне мысал келтіріп, сөйлем құрау.
Дағды қалыптастыру
Зат есімдерді жекеше түрден көпше түрге айналдыру дағдыларын дамыту.
8) Бағалау және үй тапсырмасы
Білімдерін бағалау
Оқушылардың жауаптары, тапсырмаларды орындауы және қатысу белсенділігі бойынша бағалау.
Үйге тапсырма
Оқулықтағы тақырыпқа қатысты жаттығуларды орындау және бірнеше зат есімді жекеше/көпше түрге түрлендіріп жазу.