Оригами тарихы

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Үштөбе ауылы

Өкпеті орта мектебі • Технология пәні

Мұғалім: Башахов Болат Орынғазыұлы

5-сынып Жаңа білім беру Аралас сабақ

Сабақтың тақырыбы

Қағазды бүктеу өнері (оригами)

Әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі

Суреттер, тірек сызбалар, тест тапсырмалары

Пәнаралық байланыс

Математика, бейнелеу өнері, тарих

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға қағазды бүктеу өнері туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік

Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және шеберлікке баулу.

Дамытушылық

Ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілетін дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
  • Құрал-жабдықтарын тексеру.
  • Назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын пысықтау

Сұрақ-жауап және тест арқылы қайталау.

Тест (5 сұрақ)
  1. 1. Балташы қандай кәсіппен айналысады?

    • A) Ау тоқумен
    • Ә) Қайық, арба, шана жасаумен
    • Б) Етік тігумен
  2. 2. Киіз үйдің сүйектерін жасайтын адамды кім деп атайды?

    • A) Үйші
    • Ә) Оймашы
    • Б) Тоқушы
  3. 3. Оймашының қолынан шыққан бұйымды ата.

    • A) Қазан, қамшы, сырмақ
    • Ә) Кілем, қылыш, кесте
    • Б) Кебеже, сандық, жүкаяқ
  4. 4. Кебежені не үшін қолданамыз?

    • A) Киім салу үшін
    • Ә) Азық-түлік сақтау үшін
    • Б) Ыдыс-аяқ салу үшін
  5. 5. Ұсталар кәсібінің ерекшелігіне қарай нешеге бөлінеді?

    • A) 4
    • Ә) 2
    • Б) 3

Таңдау тапсырмасы: 4 ұяшық

Оқушылар ағаш өңдеуге қатысты мамандықтар берілген төрт ұяшықтың бірін таңдайды. Әр ұяшықта сол мамандыққа арналған сұрақтар бар.

1-ұяшық: Үйші

Киіз үй сүйектері
  1. 1) Жүкаяқ қандай бұйым? (Жиналған жүктің астына қоюға арналған ағаш тұғыр.)
  2. 2) Киіз үйдің сүйектерін ата. (Шаңырақ, кереге, уық.)
  3. 3) Үйші қандай қызмет атқарады? (Киіз үйдің сүйектерін жасайды.)

2-ұяшық: Оймашы

Ою және ағаш бұйым
  1. 1) Оймашы қандай бұйымдар жасайды? (Төсек ағаш, жастық ағаш, жүкаяқ, кебеже, ыдыс-аяқ.)
  2. 2) Ою-өрнектің қандай түрлерін білесіңдер? (Қошқар мүйіз, сынық мүйіз, түйетабан, алақұрт, қазтабан, құсмойын.)
  3. 3) Келі-келсапты не үшін қолданамыз? (Ұлттық тағамдарды түюге арналған ертеден келе жатқан тұрмыстық бұйым.)

3-ұяшық: Балташы

Құрау және жасау
  1. 1) Балташы қандай кәсіппен айналысады? (Ағаш құрап, қайық, арба, шана жасау.)
  2. 2) «Қайық» сөзінің орысшасы қандай? (Лодка.)
  3. 3) «Былай тартсаң — … сынады, былай тартсаң — өгіз өледі.» (Арба.)

4-ұяшық: Тоқушы

Өру және тоқу
  1. 1) Тоқушы дегеніміз кім? (Ау, себет, шырта, шарбақ өруші.)
  2. 2) Себет қандай бұйым? (Жас шыбықтан өріліп, зат салуға арналған бұйым.)
  3. 3) Шырта дегеніміз не? (Қар тоқтататын қалқан-шарбақ.)

III. Жаңа сабақ

1) Оригами тарихына қысқаша шолу

Оригами — қағазды бүктеу арқылы әртүрлі модельдер: аңдар, құстар, гүлдер және геометриялық пішіндер жасауға мүмкіндік беретін жапон өнері. Негізгі құрал — қағаз, ал негізгі жұмыс — қолдың дәл қимылы мен ұқыптылық.

Дайын фигураларды сыйға тартуға болады, сондай-ақ қағаз кейіпкерлерімен шағын көріністер қоюға да қолайлы.

Атауының мағынасы

«Ори» — бүктеу, «ками» — қағаз (кей деректе «құдай» ұғымымен де байланыстырылып айтылады).

Ең алғашқы қолданылуы

Ертеде Қытайда қағаз діни мерекелерде қолданылған, сондықтан алғашқы оригами үлгілері храмдарда кездескен.

Тарихи деректер

  • Қытайда қағаздың пайда болуы б.з.д. 105 жылмен байланыстырылады.
  • 610 жылы жапондықтар өз қағазын шығарып, сапасын жетілдірді.
  • 1870 жылы Токиода алғашқы қағаз фабрикаларының бірі ашылды.
  • 1797 жылы «Сенбадзуру ориката» кітабы жарық көрді — «Мың тырнаны қалай бүктейміз» деген мағына береді.
  • XIX ғасырдың екінші жартысында оригами Жапония шекарасынан асып, Англия мен Америкада кең тарай бастады.
  • Ресейде оригами орталықтары Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында қалыптасты.

Хиросима және «мың тырна» аңызы

1945 • 6 тамыз

Оригамидің жаңа тыныс алуына 1945 жылы Хиросимада болған ядролық жарылысқа қатысты айтылатын оқиға әсер етті. Аңыз бойынша, қағаздан 1000 тырна жасаса, адам ауруынан айығып, аман қалады деген сенім тараған.

Сол балалардың ішінде Садако Сасаки есімді қыз бар еді. Ол сауығудың соңғы үміті ретінде тырна бүктеп, бірақ бар болғаны 644 тырна ғана жасап үлгергені айтылады. Хиросимада қаза болған балаларды еске алуға арналған Бейбітшілік паркі мен монумент ашылған.

2) Алғашқы көрмелер

Оригами техникасымен жасалған алғашқы көрмелердің бірі 1931 жылы Токиода өткен. Онда жапон шебері Мичио Учияманың қағаздан жасаған жұмыстары қойылған. Кейін осындай көрмелер Мексикада да ұйымдастырылған.

3) Оригамидің дамытушылық және тәрбиелік маңызы

Оригами балалардың ой-өрісін кеңейтіп, ұқыптылыққа үйретеді. Екі қолмен қатар жұмыс істеу арқылы қимыл дәлдігі артып, мидың оң және сол жартышарларының белсенді қызметіне ықпал етеді.

IV. Сарамандық жұмыс

Бүгін оригамиді қолдана отырып, бірнеше модель жасауды үйренеміз. Қыз балалар — лотос гүлін, ұл балалар — құс моделін бүктейді. Барлығыңыз қағаздарыңызды дайындаңыз.

Қыз балаларға

Лотос гүлі (қағаздан гүл моделін бүктеу)

Ұл балаларға

Құс (қағаздан құс моделін бүктеу)

V. Қорытынды бөлім

Бүгін біз қарапайым қағаздан сан алуан жануарлардың, құстардың, гүлдердің тамаша мүсіндерін бүктеу арқылы жасауға болатынын үйрендік. Бұл сабақ шығармашылық қиялдың көмегімен кез келген материалдан көркем әрі көз тартатын қолөнер туындыларын жасауға болатынын дәлелдеді.

Негізгі ой

Қағаз — қолжетімді материал, ал оригами — ұқыптылық, шыдамдылық және әсемдікке ұмтылысты қатар дамытатын өнер.