Родной язык

Апталықтың ашылу салтанаты

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қожақова Айгүл Ұласарқызы ұйымдастырған «Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім» тақырыбындағы тілдер апталығының ашылу салтанатының сценарийі.

Кіріспе және ашылу

Ашылу әні

«Сәлем саған, туған ел!» — орындайтын: Нағымет Қарагөз.

1-жүргізуші

Қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

2-жүргізуші

Добрый день, дорогие друзья!

3-жүргізуші

Good afternoon, dear friends!

1-жүргізуші

22 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні. Осы мерекеге орай 17–25 қыркүйек аралығында «Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім» тақырыбындағы апталықтың ашылу салтанатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Кешімізді ашу үшін сөзді мектеп директоры Мәмбетов Әлішер ағайға береміз.

Тіл туралы ой

2-жүргізуші (RU)

22 сентября мы отмечаем День языков народа Казахстана. Язык — общественное явление, существующее на протяжении всей истории человечества. Истории не известен ни один коллектив, у которого не было бы своего языка. Это закономерно: человек живёт в обществе, его связи с другими людьми укрепляются, а средством общения служит язык. С помощью языка люди передают чувства, желания и мысли.

3-жүргізуші (EN)

Our language is interrelated with our feelings and thoughts. It is clearly connected with the development of society. In all languages, the main influences are geographic, political, and economic factors.

Түйін

Тіл — ұлттың жадын сақтайтын рухани қазына, қоғамның дамуын айқындайтын тірі құбылыс.

Өнер көрсетілімдері мен поэзия

1-жүргізуші

Өз тілімдей тіл қайда еркін басар?

Тілім барда еркіме кім таласар?

Туған тілім күрмеліп әлсіресе,

Ыстық қаным суынып, сиқым қашар.

Қазағымның бұзылмай тұр қаймағы,
Қақ төрінде желбірейді көк байрағы.
Қазақ тілін әлем танып сыйлады,
Ана тілде әнұраным сайрады.

Ән

«Жаса, Қазақстан» — орындайтын: Нұрадин Теңел.

2-жүргізуші

Тарихи тұрғыдан Қазақстан аумағында жүзден астам тіл дамып, қолданылып келеді. Алайда мемлекеттік тіл — қазақ тілі. Қазақстан Республикасының Конституциясында ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі қолданылатыны көрсетілген.

3-жүргізуші

Our president N. Nazarbayev encourages us to know several languages. Today, the young generation is learning English as an international language. Our children prepared a performance for you: “Turnip”. Please enjoy it. The players are the 6th form’s students.

Ортақ ән

«Если с другом вышел путь» — бәрі бірге орындайды.

1-жүргізуші

Тіл құдіретін сездім жырдан, дастаннан,

Тілмен бірге орындалар басты арман.

Мынау заман кезіндегі өтпелі,

Тілдің жолы енді ғана басталған.

Кезекті сөзді өткір тілді шешендеріміздің тағылымды әңгімесіне берейік: Мөңке бидің қызының жауабы.

1-жүргізуші

Ана тілім өзге тілден кем бе едің?

Қорың аз ба, болды қандай сенде мін?

Жерің бар ма аударғанда жетпеген

Пушкин жыры, Эйнштейн еңбегін?

Ән

«Маусымжан» — ортаға шақырылады: Мықтыбай Бағнұр.

2-жүргізуші (RU)

Родной язык! Он с детства мне знаком. На нём впервые я сказала «мама». На нём клялась я верностью упрямой, и каждый вздох понятен мне на нём.

Ән

«Голубой вагон» — орындайтын: Зинелабдина Жансая. Қол соғып қарсы алыңыздар!

3-жүргізуші (EN)

We are happy to live in a peaceful, independent country — Kazakhstan. We learn Kazakh, Russian, and English. Now you’ll listen to the song “I Am Sailing”. Singers: Abilai Asem and our English teacher Kozhakova Aigul.

1-жүргізуші

Тілім тірі — тірі, дербес күн кешпек,

Аты тұрып, қалай артқа мінгеспек.

Тілсіз тыныс ала алмайды мемлекет,

Бас кессе де, тіл кеспек жоқ емес пе?

Ән

«Көзімнің қарасы» — орындайтын: Каналбек Айжан.

Қорытынды ой және финал

Ана тілім — ана сүтін ақтаған. Оны Орхон-Енисей жазбалары да сақтаған. Тіл — халықтың рухы, тұтас кескін-келбеті, болмысы. Мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру — әрбір Қазақстан азаматына жүктелетін ортақ мақсат.

2-жүргізуші (RU)

О, мой народ! О, моя страна! Я — твой цветок, взращённый тобой. Я — песня твоя, звенящая в твоих устах. Родина моя — мой Казахстан!

3-жүргізуші (EN)

Now you are going to listen to the final Kazakh song “Atameken” (“Motherland”) by Zhanabai Nurtugan. Please, enjoy it!

Қорытынды ән

«Атамекен» — орындайтын: Жанабай Нұртуған.

Қоштасу

2-жүргізуші: Мы ещё не прощаемся с вами! Мы приглашаем вас присутствовать на всех наших следующих мероприятиях. До следующих встреч!

3-жүргізуші: Thank you, goodbye!

1-жүргізуші: Кездескенше, сау болыңыздар!