Табыс септігіндегі сөзді керек ететін етістік

Сабақ тақырыбы

Етістік тақырыбы бойынша өткенді қайталау.

Сабақ мақсаты

Білімділік: алдыңғы сабақтарда өткен материалды еске түсіріп, қайталау арқылы білімді қорытындылау; етістіктің түрлері мен жасалу жолдарының қолданысын меңгерту.

Дамытушылық: оқушылардың сөйлеу мәдениетін арттыру, өз ойын еркін жеткізуге және шығармашылыққа баулу, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: ана тілінің құдіретін ұғындыру, оның байлығын сезінуге және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі

Қайталау сабағы.

Сабақ әдістері

  • Сұрақ–жауап
  • Түсіндіру
  • Әңгімелеу
  • СТО элементтері

Көрнекіліктер

Тірек сызба Интерактивті тақта Сөзжұмбақ Үлестірме қағаздар

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныптың тазалығын тексеру.
  • Оқушыларды түгелдеу.
  • Оқушының назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын пысықтау

  1. 263-жаттығу: мәтінді түсініп оқып, ішінен тұйық етістіктерді теріп жазу.
  2. Тұйық етістік дегеніміз не?
  3. Жасалу жолы қандай?
  4. Емлесін айту.

III. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады: бүгін етістік туралы алған білімдеріңді түрлі тапсырмалар арқылы қайталап, етістіктің түрлерін еске түсіресіңдер.

Тапсырма

Төмендегі өлең жолдарын мәнерлеп оқып, ішіндегі етістіктерді тауып, қай түріне жататынын анықтаңдар.

Туған жерің — түп қазығың, айбының,
Туған тілің — сатылмайтын байлығың.
Туған дәстүр, салт-санасы — тірегің,
Қадамыңа шуақ шашар үнемі.

Және туған тарихың —
Еске алуға қаншама ауыр әрі,
Қасіретті болса да,
Қасиетті бұл төрт ана —
Тағдырыңның тынысы.

IV. Сабақты меңгерту

Оқулықпен жұмыс

  1. 266-жаттығу: мәтіннен күрделі етістіктерді дәптерге жазып, негізгі және көмекші етістігін ажырату.
  2. Мәтінді оқыту.
  3. Мәтіндегі қиын сөздермен сөздік жұмысын жүргізу.

Сөздік

Үдере
— жалпылай, түгел.
Жырылып
— бөлініп, бөлектеніп.
Титықтағанда
— шаршағанда, әлсірегенде.
Ыдырай
— шашырап.

Мәтіннен екі сөйлемді сөз таптары мен сөйлем мүшелеріне талдау.

Топтық жұмыс

  • Т-кесте: болымды және болымсыз етістіктер.
  • Семантикалық карта: етіс түрлері.
  • Венн диаграммасы: етістіктерді салыстыру.

Тапсырма: болымды/болымсыз етістіктер

Берілген етістіктерді екі топқа бөліңдер:

Сөздер: барма, оқы, сұра, ұмытпа, кешікпе, өшір, шулама, секір, боя, айтпа.

Үлгі: Болымды: оқы. Болымсыз: барма.

Семантикалық карта: етіс түрлері (жұрнақтар)

Өзгелік

-дыр, -дір, -ғыз, -гіз, -т

Ырықсыз

-ыл, -іл, -л

Өздік

-ын, -ін, -н

Ортақ

-ыс, -іс, -с

Шығармашылық жұмыс

Тірек сөздерді пайдаланып, «Ана тілі – ардағым» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

үйрену сөйлесіп оқыған қадірлейді қорғаймыз

Өзіндік жұмыс

  1. Сызба бойынша туынды етістік құраңдар:

    Зат есім + сөз тудырушы жұрнақ

    Сын есім + сөз тудырушы жұрнақ

  2. Диктант: есімше мен көсемшені тауып, талдаңдар.

Диктант мәтіні

Жаңылтпашты жасынан көп айтып дағдыланған бала тілін ширатады. Ол небір қиын сөздерді айтқанда тұтығып, қиналмайтын болады. Ондай бала өзіне бейтаныс сөздерді үйренеді, тілін байытады.

V. Сабақты қорыту

1) Сөзжұмбақ: «Етістік»

  1. –ыс, –іс, –с қандай жұрнақ?
  2. –у жұрнағын жалғайтын етістік.
  3. «Кел», «бар», «жүр» сөздері қандай етістік?
  4. Табыс септігіндегі сөзді қажет ететін етістік.
  5. «Таралды», «ойланды» сөздері қандай етістік?
  6. Етіс түрі.
  7. –а, –е, –й жұрнағын жалғайтын етістік.

2) Топтастыру

«Етістік» тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды топтастырып, сызба құраңдар.

Түрлері
Жасалуы
Етіс
Болымдылық
Күрделі етістік
Тұйық етістік

VI. Үйге тапсырма

Ш. Мұртазаның «Тұтқын бала» шығармасынан етістіктің әр түріне бір-бір мысал болатын сөйлем құрастырып келу.

VII. Бағалау

Оқушылардың жұмыстары толық нұсқасы және презентация (слайд) арқылы бағаланады.