Сөз кезегі қатысушыларда

Психологиялық тренинг: тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбиеші мамандығы үнемі шығармашылық дамуды қажет етеді. Себебі педагогтің кәсіби қызметі — қайталанбас, бірегей тұлғаны тәрбиелеу. Әр бала — жеке әлем; сондықтан әрқайсысы өзіндік, шығармашылық көзқарасты қажет етеді.

Педагог Ш. А. Амонашвили: «Балалар мұғалімнің шығармашылығының жетіспеушілігінен зардап шегеді» деген ой айтқан. Шығармашылық баланың болашақта мақсаттарына жетуіне, қиындықтарды соны тәсілмен шешуіне көмектеседі.

Мақсаты

  • Шығармашылықтың дамуына кедергі келтіретін жағдайларды анықтау.
  • Қатысушылардың коммуникативтік және креативтік мүмкіндіктерін дамыту.
  • Шығармашылық қиялды, ойлаудың әуестік, батылдық, икемділік қасиеттерін күшейту.

Тренинг барысы

Кіріспе сөз

Психолог: «Құрметті әріптестер, “Тәрбиешілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту” тренингіне қош келдіңіздер!»

1) Сәлемдесу

Қатысушылар алдарындағы қағаздан ойылған алақанмен бір-бірімен ерекше амандасады.

2) Жұмыс ережелерін келісу

Ынтымақтастық, өзара құрмет, белсенділік, уақытты сақтау және қауіпсіз орта қағидалары бекітіледі.

Жаттығулар

Өзін-өзі таныстыру: «Менің мінезімнің сипаты»

Мақсаты

Қатысушылардың өзара танысуына көмектесу және бірлесе тиімді жұмыс жасауға жағдай жасау.

Нұсқау

1 минут ішінде әр қатысушы өз мінезін қысқаша сипаттайды.

Қорытынды

Психолог қатысушылардың әрқайсысы ерекше тұлға екенін атап өтеді.

«Мен не күтемін?»

Қатысушылар тренингтен күтілімдерін анықтайды және ортақ мақсатты нақтылайды.

Сөйлемді аяқтаңыз:

  • Бүгінгі семинарға менің келген себебім…
  • Тренингке қатысу себебім…

«Шығармашылық — бұл…»

«Шығармашылық» сөзіне үндес ұғымдарды атаңыз. Бұл сөзді естігенде ойыңызға ең алғаш келген сөзді бөлісіңіз (мысалы: жаңашылдық, ізденіс, жаңа технология).

«Шығармашыл тәрбиешіні мен қалай түсінемін»

Мақсат — заманауи балабақшадағы креативтілікті сипаттайтын сапаларды анықтау. 3 минут ішінде «ШЫҒАРМАШЫЛ» сөзінің әр әрпінен басталатын қасиеттерді атап шығайық.

Ш

Шыдамды, шынайы

Ы

Ынталы, ықыласты

Ғ

Ғылыми ізденгіш

А

Адал, адамгершілігі жоғары

Р

Романтик, шапшаң әрекет ететін

М

Мейірімді

Л

Лайық (кәсіби және адами тұрғыда)

«Ертегі вернисажы»

Мақсаты — бейнелі ес пен шығармашылық елесті белсендіру, жылдамдық пен тапқыр ойлауды дамыту.

Әр топ жәшіктен бәрімізге таныс ертегіден үзінді жазылған конверт алады. Үзіндіні дауыстап оқып, онда кім немесе не туралы айтылғанын табады.

«Суретпен әңгіме»

Мақсаты — тез әрі бейнелі ойлауды, шығармашылық елес пен қиялды дамыту. Жаттығу топпен орындалады.

Өткізу тәртібі

Құпия жәшіктен әр топ басшысы 10 суретке дейін алады.

Тапсырма

Алынған суреттер негізінде 5 минут ішінде қызықты, бірізді әңгіме құрастырыңыздар.

«Креативті шеңбер»

Мақсаты — жылдам ойлауды дамыту. Қатысушылар шеңберге тұрады: психолог доп лақтырып, бір заттың атын айтады, ал қатысушылар сол затты үйреншікті емес жағдайда қалай қолдануға болатынын ұсынады.

Мысал

Қалам: қағаз тескіш орнына, желкені қасуға, нұсқағыш ретінде қолдану.

Қосымша заттар: сызғыш, қағаз, кітап.

Рефлексия және талқылау

Сұрақтар

  • Сіздерге оңай болды ма?
  • Қандай сезімде болдыңыздар?
  • Неге қиынға соқты? Не кедергі келтірді?
  • Неден қорықтыңыздар?
  • Шығармашыл болуға не көмектеседі, не кедергі келтіреді?

1-топ тапсырмасы

Шығармашыл болуға ықпал ететін жағдайларды атаңыздар.

Маңызды сапалар

  • Қалыптан тыс шешім қабылдау қабілеті.
  • Ойлаудың проблемалық-ізденгіштік стилі.
  • Оқыту барысында проблемалық, стандарттан тыс тәрбиелік жағдаяттар құра білу.
  • Шығармашылық қиял мен елестің дамуы.

2-топ тапсырмасы

Шығармашыл болуға кедергі келтіретін жағдайларды анықтаңыздар.

Арылу қажет

  • Жалқаулық және жұмысқа қызығушылықтың төмендігі.
  • Тұрақсыз психологиялық жағдай, өзін-өзі реттеудің әлсіздігі.
  • Жағымсыз әдеттер және уақытты тиімсіз пайдалану.
  • Орта факторлары: шу, ыстық/суық сияқты тұрақты қолайсыздықтар.
  • Ұжымдағы жағымсыз психологиялық климат.
  • Шешім қабылдаудан қорқу.

Ой қозғау

Халық шығармашылығы — мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, ертегілер, наным-сенімдер. Ал сіздер шығармашылықты өмірде қайдан кездестіресіздер?

Қорытынды

«Тілек»

Алақаныңызды көршіңізге беріңіз: әрқайсысы тілек жазып, шеңбер бойынша таратады. Көңіл-күйіңіз түссе, әріптестеріңіздің жылы сөздерін қайта оқып, өмірді қызықты әрі бірегей ету үшін ғажайып нәрселер жасауға болатынын және шығармашыл болу маңызды екенін еске түсіріңіз.

Психологтың тілегі: оптимизм, табыс және жаңа шабыт. Бір-біріңізге алақандарыңызды бұлғап, қоштасамыз.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылы, №11 «Балауса» балабақшасы

Педагог-психолог: Айсұлу Пазылова