Қазақ халқы достық Өзбек халқы

Сабақтың тақырыбы

Өзбек халқының ұлттық киім үлгілері.

Сабақтың түрі

Жарыс сабағы. Топпен жұмыс.

Әдіс-тәсілдер

  • Топпен жұмыс
  • Көрнекілік
  • Практикалық жұмыс
  • Ойын элементтері

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

Оқушыларға өзбек халқы және өзбек халқының ұлттық киім үлгілері туралы түсінік беру, жұмысты орындау тәсілдерін үйрету.

Дамытушылық

Өнерге қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілетті, көркемдік талғам мен шеберлікті дамыту. Қауіпсіздік техникасы мен тазалық-гигиеналық талаптарды сақтаттыру.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, үнемділікке, талғампаздыққа, іскерлікке және өзге ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер мен құрал-жабдықтар

Қайшы
Клей
Сызғыш
Қалам
Түрлі түсті қағаздар
Интерактивті тақта
Электронды оқулық
Бейнетаспа
Қима әріптер
Қағаздан жасалған қуыршақтар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық ахуал

Қане, қатар-қатар түзеліп,

Оқушыға лайық.

Қолымызды жіберіп,

Түп-түзу тұрайық.

Бірінші қатар — жай отыр,

Екінші қатар — сен де отыр.

ә) Үй жұмысын тексеру

Оқушылардың алдыңғы тапсырмаларын қысқаша шолу және сұрақ-жауап арқылы тексеру.

II. Қызығушылықты ояту

1) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны

Әр топқа шашылған әріптер беріледі. Оқушылар сол әріптерден сөз және сөз тіркестерін құрастырады.

I топ

ЗҚАҚАТСАН → ҚАЗАҚСТАН

II топ

ПӨКТТҰЛЫ → КӨП ҰЛТТЫ

III топ

МЕМКЕТЛЕ → МЕМЛЕКЕТ

Құрастырылған сөйлем

ҚАЗАҚСТАН — КӨП ҰЛТТЫ МЕМЛЕКЕТ.

Сөйлемнің мағынасы талқыланып, оқушылардың пікірлері тыңдалып, жауаптары толықтырылады.

2) «Сәйкестігін тап» ойыны

Суреттердің астындағы нөмірлер арқылы киімдердің қай ұлтқа тиесілі екенін анықтау. Мысалы: украин киімі — 4, т.б.

Талқылау сұрақтары

  • Қазақ — ?
  • Орыс — ?
  • Украин — ?

Сәйкестігі табылмай қалған киім қай ұлтқа тән екені болжанып, бүгінгі сабақтың тақырыбына алып келеді. Одан кейін сабақтың мақсаттары таныстырылады.

III. Жаңа сабақ

1) Өзбекстан Республикасы туралы қысқаша мәлімет

Мұғалімнің түсіндірмесі интерактивті материалдар мен слайдтар арқылы беріледі (14–19-слайдтар).

2) Өзбек халқының ұлттық киімі

Ерлер киімі

  • Шапан
  • Жейде
  • Шалбар
  • Белбеу

Бас киім: тақия, жүн қалпақ.

Әйелдер киімі

Шам матадан тігілген көйлек, шапан киеді.

Бас киім: орамал, тақия.

Материал слайдтар арқылы толықтырылып түсіндіріледі (20–22-слайдтар).

IV. Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді күбірлеп оқыту.
  • Мәтіннің негізгі мазмұнын сұрау.
  • Қандай өрнектер қолданылатынын талқылау.
  • «Бұрыш» және «миндаль» өрнектерінің мәнін анықтау.

V. Сергіту сәті

Оқушылар бейнетаспаға қарап, өзбек халқының би қимылдарын қайталап орындайды.

VI. Практикалық кезең

1) Қауіпсіздік ережелері

Қауіпсіздік талаптары электронды оқулықтан тыңдалады және қайталанады.

2) Топтық тапсырма: қуыршақты ұлттық киіммен киіндіру

Әр топқа қуыршақ макеті беріледі. Тапсырма: өзбек халқының ұлттық киімін қағаздан жасап, қуыршақты киіндіру (26–27-слайдтар). Топтағы әр оқушыға жеке міндет бөлінеді.

1-оқушы

Қыздың көйлегін жасайды.

2-оқушы

Қыздың шалбарын жасайды.

3-оқушы

Қыздың тақиясы мен аяқ киімін жасайды.

4-оқушы

Ұлдың шапанын жасайды.

5-оқушы

Ұлдың шалбарын жасайды.

6-оқушы

Ұлдың тақиясы мен аяқ киімін жасайды.

VII. Рефлексия

1) Өзара бағалау

Әр топ бір-бірінің жұмысын талдап, баға береді. Мұғалім қорытынды жасап, нәтижесін бағалайды: «өте жақсы», «жарайсыңдар», «жақсы», «бәрекелді».

2) Венн диаграммасы

«Қазақ халқы — достық — Өзбек халқы» тақырыбы бойынша ұқсастықтар мен айырмашылықтарды белгілеу.

3) Қорытынды

Сабақты достық пен еңбек туралы мақал-мәтелдермен аяқтау.

VIII. Үй тапсырмасы

«Елдер достығы» тақырыбына эссе жазу.