Студенттік өмір несімен қызық

Шараның тақырыбы

«Студенттік өмір несімен қызық?» — студенттік шақтың мәнді қырларын ашып, өзара қарым-қатынасты нығайтатын танымдық-жағдаяттық сайыс.

Сабақтың мақсаттары

А) Білімділік

  • Өзін тануға баулу.
  • Белгілі бір жағдайдан шығу жолдарын анықтауға үйрету.
  • Жауапты шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін бағалауға дайын болуды қалыптастыру.
  • Студенттік өмірдің мәнді қырларын және қиындықтарын дұрыс түсінуге бағыттау.
  • Жағдаяттардан тиімді шыға білуге жаттықтыру.

Б) Дамытушылық

  • Өзара қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру.
  • Студенттермен жақын танысу арқылы олардың байқампаздығын, белсенділігін, шығармашылығын дамыту.

В) Тәрбиелік

  • Мәдени және шығармашылық жұмыстарға қатысуға ынталандыру.
  • Тұлға мен қоғамды қалыптастыратын мәдениеттің маңызды аспектілерін түсіну және қадірлеуге тәрбиелеу.
  • Өзіндік қарым-қатынас пен ұйымшылдықты дамыта отырып, бір-бірін құрметтеуге, сыйластыққа баулу.

Ұйымдастыру және мазмұны

Түрі

Танымдық-жағдаяттық кеш.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті, бейнелеу өнері, педагогика, психология, математика, тәрбие теориясы мен әдістемесі.

Әдістер

СТО стратегиялары, проблемалық оқыту, ішінара зерттеу, эвристикалық, сөздік, көрнекілік, практикалық, триггерлік әдіс, күлкі терапиясы, «Ойымдағыңды тап» ойын әдісі.

Көрнекі құралдар

Компьютер, проектор, слайдтар, маркер, студенттік өмірге байланысты суреттер, нақыл сөздер, үлестірмелі қағаздар.

Шараның барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

Оқытушының кіріспе сөзі:

Студенттік кез — ең қызықты да мәнді шақ емес пе? Жастар — қаланың сәні емес пе? Курстасыңмен бірге ойнап-күліп жүрген сәттердің қызығы мен шыжығы ұмытылмайды. Сол күндерді мәнді де сәнді етіп өткізу — өз қолымызда.

Ендеше, студенттер күніне арналған «Студенттік өмір несімен қызық?» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

II. Негізгі бөлім

1) Қызығушылықты ояту

Қатысушыларды еркін ортаға бейімдеу, көңіл күйді көтеру және алдағы тапсырмаларға ынталандыру.

2) Мағынаны тану

Студенттік өмірдің ерекшеліктерін талқылау, жағдаяттарды шешу және командалық жұмыс арқылы ойды жүйелеу.

Студенттерге арналған терминдер

Студент — ақшасы аз, көңілі жаз, жаңалық десе жарғақ құлағы жастыққа тимейтін, сәнге жақын, жаңа әуендерді сүйіп тыңдайтын жастықтың қайнаған ортасындағы жан.

Студент — аз ұйықтап, көп қыдыратын, оқу майданының қақ ортасында жүретін қайсар «жауынгер».

Студент — мемлекеттің тамақ ресурстарын «үнемдейтін» ең пайдалы қомағай.

Студент — қанша қиындық пен аштық көрсе де, арықтығын білдірмес төзімді бөрі.

Студенттік өмір — жастық пен егделік арасындағы жарқын кезең.

Әділқазылар және турлар

Енді топтардың жұмысын әділ бағалайтын қазылар алқасын сайлап алайық.

1-тур: «Таныстыру»

Әр топ өз атауын және қысқа әнұранын дайындап, командасын таныстырады.

Әділқазылар 1-тур бойынша бағаларын береді.

2-тур: «Ойымдағыңды тап»

Қатысушылар берілген тапсырмаға сай ойды табу, дәлелдеу және жылдам жауап беру арқылы ұпай жинайды.