Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым
Сахналық қойылым: «Ер Төстік»
Қойылым би нөмірімен басталады. Жүргізушілер сахнаға шығады.
1-жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті Ана тіліміздің мерекесіне жиналған қауым! Тіл мерекесіне орай 6-сынып оқушылары дайындаған мерекелік ертеңгілікті бастауға рұқсат етіңіздер.
Бұл мерекеміз Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 22 қыркүйекті Тіл мерекесі күні ретінде атап өту бастамасын қолдау мақсатында өткізіліп отыр. 1997 жылы 22 қыркүйекте қабылданған Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңында республика халықтарының тілдерін қолдау мен дамыту құқығының негізі бекітілген.
2-жүргізуші
Балалар, құтты болсын тілің бүгін,
Ашатын жан сарайын білім нұрын.
Кешегі анаң айтқан, бабаң айтқан —
Тіліңе зер салыңдар бұрынғының.
1-жүргізуші
Әрбір тілде сөйле — әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасай берсін мәңгілік!
2-жүргізуші
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені —
Болашағым, бақытым дара тілім.
1-жүргізуші
Тілім, дінім — самғасын, шарықтасын,
Самғаудан еш уақыт жалықпасын.
Өз алдында өмірден теңдік алған
Ана тілім көгімде қалықтасын.
2-жүргізуші
Иә, осы дана тіліміздің сөздік қорын байытып, мол ілім мен білімді ұрпақтан-ұрпаққа таратып жүрген ақын-жазушыларымыз аз емес.
1-жүргізуші
Соның бірі — ұлы Абай атамыз. «Құлақтан кіріп, бойды алар әсем ән мен тәтті күй, көңілге сырлы ой салар. Әнді сүйсең, менше сүй», — дегендей, келесі кезекті әсем әнге берейік.
Көркем нөмір
Ән: «Аяулы анашым»
Би: Өзбек биі
1-жүргізуші
Міне, оқушылар мен ұстаздар, бүгін Қазақстан Республикасының Тіл мерекесіне 16 жыл толып отыр.
2-жүргізуші
Бұл гүлденіп жайнаған — Гүлстанның Отаны!
Бірін-бірі сыйлаған — туысқандар Отаны!
Бұл ғажайып мұратты — халықтардың Отаны!
Алтын заман құратын — алыптардың Отаны!
Сол алыптың бірімін — Қазақстан, Отаным!
Отанымның ұлымын!
Ертегі әлеміне саяхат
1-жүргізуші
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде, төрт түлікке бай, суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты жанға дауа — Қазақстан деген ұлан-байтақ мекен болыпты.
2-жүргізуші
«Білімнен асқан жақұт жоқ, ұстаздан асқан бақыт жоқ» демекші, бар ғұмырын бала тәрбиесіне арнаған ұлағатты жандар мекені — №163 орта мектептің білім ордасына, ертегілер әлеміне келіп қалғандаймыз.
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар мен қонақтар! Бүгін Қазақстан Республикасының Тіл мерекесіне арналған «Ертегілер елінде» сахналық қойылымды бастаймыз.
1-жүргізуші
Өткен күн — таң-тамаша ертегі ғой,
Айтады ертегі сыр, ертегі ой.
Ертегі айтса аналар еліктіріп,
Қияға қызықтырып ертеді ғой.
Ертегіде халықтың мұң-зары бар,
Орман, тау, өрмелейтін құздары бар.
Жамандықпен алысып, жауын жеңген —
Халқымның ұлдары мен қыздары бар.
2-жүргізуші
Жаулармен алысып, жекпе-жекпен еңсерген,
Батыр ма ел намысын өтемеген?!
Ертегімен халқымыз ертеңіне
Ұрпағын қызықтырып жетелеген.
Екеуі бірге
Кел, онда, ертегіні шертейік біз,
Қауымды мына келген елейік біз.
Ертегі кейіпкерлерін шақырайық,
Келгендерді соңымыздан ертейік біз!
«Ер Төстік» қойылымы
Кейіпкерлер
- Әжесі
- Немересі
Сахна пердесі ашылады.
Диалог
Немересі
Әже, әже, ертегі айтып берші.
Әжесі
Е, балам, ертегі дейсің бе? Сен «Ер Төстік» ертегісін естігенсің бе?
Немересі
Жоқ, әже.
Әжесі
Естімесең, мен саған соны айтып берейін.
Әженің әңгімесі
Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Өзі бай екен: төрт түлік малы сай болыпты. Қорасы қойға толыпты, келе-келе түйесі де көбейіпті, өрісі жылқыға толыпты.
Ерназардың сегіз ұлы болыпты. Бір жылы үлкен жұт келіп, ел малын алысқа — отарға айдап кетіпті. Ерназардың сегіз ұлы да солардың ішінде кетеді. Қыстық азығын алып, Ерназар кемпірімен үйде қалыпты.
Сегіз ұлынан хабар болмайды: айлар өтеді, келмейді. Азық таусылып, шал мен кемпір ашығып, әлдері құрыпты.
Бір күні кешке таман кемпірі төсектен тұрып, үйдің түндігін ашады. Тұруға мұршасы келмей жатқан шал шаңыраққа қараса, күлдіреуіште керулі тұрған кер биенің төстігі көзіне түседі.
Ерназар қуанып: «Кемпір, сүйінші! Кер биенің төстігі майлы көрінеді, тез асып жібер», — дейді.
Сөйтіп, төстікті қазанға салып асып жейді. Шал мен кемпір әлденіп қалады. Ұзамай кемпір жүкті болып, мезгілі жеткенде бір ұл туады. Төстік жеген соң біткен бала деп, оның атын Төстік қояды.
Төстік өзгеше өседі: бір айда — бір жастағы баладай, екі айда — екі жастағы баладай, үш айда — үш жастағы баладай, бір жылда — он бестегі жасөспірімдей болып, екі жасында-ақ алысқан кісісін алып ұратын күшті балаға айналады.
Бір күні Төстік тарғақты ұстаймын деп қуып жүреді. Тарғақ бір кемпірдің өрмегінің үстінен қарғып өтеді. Қуып келген Төстік те өрмектен секірем деп, бір бақайын іліп кетіп, өрмектің біраз жібін үзіп алады.
Осы тұста оқиға шиеленісіп, Төстіктің алдағы үлкен сапарына жол ашылады. Қойылымның келесі бөлімінде ертегі кейіпкерлері біртіндеп сахна төріне шығып, батырдың сынаққа толы жолы басталады.