Абайдың сазгерлігі

Сабақтың тақырыбы

А. Құнанбаев — «Қыс» өлеңі.

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Оқушыларды қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың шығармаларын оқып-үйренуге баулу. Бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге көмектесу.

Дамытушылық

Бағыт-бағдар бере отырып, өздігінен жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру; білім, іскерлік машықтарын жетілдіру; ой-өрісті, сөздік қорды және тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік

Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Абайдың портреті
  • Қыс мезгілінің суреттері
  • Ребус, сабаққа қатысты сызба
  • Оқулық

Сабақтың түрі мен әдістері

Түрі: дамытушылық, жаңа білім беру.

Әдістері: баяндау, сұрақ-жауап, тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, ой қозғау.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу.
  • Құрал-жабдықтарын түгендеп, сабаққа әзірлігін бақылау.

II. Психологиялық дайындық

Барлығымыз көзімізді жұмып, мына сөйлемдерді ішімізден қайталаймыз:

Мен сабақта мектептемін.

Менің зейінім тұрақты.

Мен жақсы ойлап отырмын.

III. Үй тапсырмасын сұрау

Әр топтан бір оқушы үйге берілген жаттауды айтып шығады.

IV. Ой қозғау (стратегия)

Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпқа шығамыз.

Жұмбақтар

  1. Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.
  2. Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.
  3. Жылт-жылт еткен, жырадан өткен.

Бүгін біз қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, дана да кемеңгер ақын Абай Құнанбаевтың табиғат тақырыбындағы «Қыс» өлеңімен танысамыз.

V. Үй тапсырмасы бойынша ізденіс

Оқушыларға Абай туралы ізденіп, мәлімет жинап келу тапсырылған. Әр топ өз жұмысын оқып таныстырады:

I топ

Ақынның өмірбаяны

II топ

Өлеңдері мен шығармалары

III топ

Абайдың сазгерлігі

IV топ

Абайдың қара сөздері

VI. «Поэзия минуты»

Әр топтан бір оқушы өлең оқиды. Сол өлеңге байланысты топ атауы таңдалады: «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры».

Абайды бүкіл әлемге танытқан жазушы — Мұхтар Әуезов. Ол бұл тұлғаны «Абай жолы» романы арқылы кеңінен танытты.

VII. Сұрақ-жауап

  1. Жауып тұрған қарды бақыладыңдар ма?
  2. Қар жауған соң айнала қалай өзгереді?
  3. Қыста дала қандай болады?
  4. Жатқан қарды неге ұқсатар едіңдер?

Енді сабағымызды Абайдың «Қыс» өлеңімен сабақтастырамыз. Өлеңді мұқият тыңдаңдар: алдымен мәнерлеп оқып беремін.

VIII. Өлеңді оқу

Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды, оқушылар тыңдайды.

IX. Сөздік жұмысы

Соқыр-мылқау

Түк көрмейтін, тіл қатпайтын күйді меңзейтін бейнелеу.

Оқшырайтып

Бір шекесіне сәндеп қию, қырлау.

Шидем

Жұқа тоқылған сырт киім.

Ұлпа

Жеңіл, жұқа, үлбіреген қар.

Бұрқ-сарқ

Қатты дауыл, боранның екпіні.

Алты қанат ақ орда

Алты керегелі үлкен киіз үй.

X. Өлеңмен жұмыс

Әр топ өлеңнің бір шумағын кезекпен оқиды.

XI. Сергіту сәті

Мынау менің жүрегім, бәрі осыдан басталған.

Мынау — басым ақылды, бәрін осы басқарған.

Мынау менің оң қолым, мынау менің сол қолым — барлық істі атқарған.

XII. Өлеңнің ішкі мәнін ашу (сұрақ-жауап)

1. Автор қысты кімге теңейді?

Қысты адамға, кәрі шалға теңейді.

2. Шалдың киімі қандай?

Ақ киімді, үстін ақ қырау басқан.

3. «Киім» деп нені меңзейді?

Жауған қар мен қатқан мұзды меңзейді.

4. Суреттелген шал кімге ұқсайды?

Аяз ата бейнесіне ұқсатуға болады.

5. Өлеңдегі шалдың мінезі қандай?

Қатал, «соқыр-мылқау» адам сияқты.

6. Неліктен «соқыр-мылқау» дейді?

Ештеңені аямайды: бәрін тоңдырады, жанға жайлы емес қатаң күйді білдіреді.

7. Түрі мен түсі қандай?

Түсі ақ қырау сияқты, ажары суық.

8. «Түсі суық» дегенді қалай түсінесіңдер?

Қатал, ашулы адамның қабағы қатулы, жүзі жылы емес деген мағынада.

Толықтыру

Ақын қысты жанды адам бейнесіндей суреттейді. Бұл — Абай поэзиясындағы көркемдік жаңалықтардың бірі: табиғатты тірі кейіпкерге теңеп, оның мінезін, «портретін» жасайды. Өлеңде үскірік аяздың қаталдығы мен қазақ даласының қыстағы тіршілігі анық көрінеді.

XIII. Шығармашылық жұмыс

1-топ

«Қыс қызығы» тақырыбына эссе жазу.

2-топ

Қыс мезгіліне байланысты мақал-мәтелдер, таным-сенімдер айту.

3-топ

Өлең жолдарын аяқтап жазу:

............................... даламыз

............................... баламыз

............................... шанамыз

............................... боламыз

4-топ

«Қыс келбеті» тақырыбында сурет салу.

XIV. Топтастыру (стратегия)

Абай →

ақын, ойшыл, данышпан, сазгер, сыншы, табиғат суретшісі, аудармашы.

Абай →

кемеңгер; әкесі — Құнанбай; анасы — Ұлжан; әжесі — Зере; азан шақырып қойған аты — Ибраһим.

XV. Қорытынды

Ұлы адамдардың көбі ата-әжелерінің тәрбиесін көрген. Абай да әжесі Зеренің тәрбиесінде болған. Әжесі кішкентай кезінде «абай бол, балам» деп жиі айтқандықтан, Ибраһим бала «Абай» аталып кеткен.

Сабақ соңында өлеңді тізбектеп оқып, мәнерлеп оқу дағдыларын бекітеміз. Қалауы бойынша сабақты «Желсіз түнде жарық ай» әнімен аяқтауға болады.

XVI. Үйге тапсырма

  • «Қыс» өлеңін жаттау.
  • Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.