Түбір жалғау
Сабақтың тақырыбы
Түбір және қосымшаның жазылуы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Түбір мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбір сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру.
Дамытушылық
Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткізе білу және шығармашылық қабілетті дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды мәдени қарым-қатынасқа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Жүрекшелер
- Карточкалар
- Күн көзі мен бұлт суреті
- Семантикалық карта
Сабақтың типі
Өткенді қайталау
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындығын тексеру.
2) Психологиялық дайындық
Сұрақ-жауап
Мұғалім: Біз кімбіз, балалар?
Оқушылар: Оқушымыз!
Мұғалім: Қандай уәде береміз?
Ұран
5 болсын алар бағамыз, Білімнен бақыт табамыз. Өнер-білім көп оқып, Өсе берсін санамыз.
Бүгінгі сабағымызға қонақтар келіп отыр. Қонақтарға өз білімімізді жинақтап көрсетейік: ұятқа қалмайық, бар білімімізді аянбай дәлелдейік.
Интербелсенді тақтамен жұмыс.
3) Ой қозғау
Ертегі арқылы сөз құрамын қайталау.
Ертегі
Ерте, ерте, ертеде Түбір деген шалдың Қосымша деген баласы болыпты. Қосымшаның соңынан ерген екі ұлы болыпты: біреуі — Жұрнақ, екіншісі — Жалғау. Жалғау жүрген жерінде сөз бен сөзді байланыстырып жүрсе, Жұрнақ жаңа сөздер жасап жүреді екен.
Талқылау тапсырмалары
- Ертегіден түсінгенімізді сызбаға түсірейік.
- Қосымша дегеніміз не? Мысал келтір.
- Сөз құрамына не жатады?
- Қосымша мен түбір сөзді салыстыр.
- Түбір сөз дегеніміз не?
Дыбыс үндестігіне сұрақтар
- Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
- Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?
4) Көркем жазу
Бүгінгі күнді және үлгі бойынша көркем жазу.
Мағынаны ашу
Сөздік жұмыс, топтық тапсырмалар, оқулықпен жұмыс және ойын арқылы бекіту.
1) Сөздік диктант
Тақтадағы жүрекшелердегі сөздерді сызба бойынша топтап жаз. «Ішіне – сыртына» стратегиясы бойынша сөздерді бөліп жаз.
Жұрнақ жалғанған сөздер
- әдептілік
Жалғау жалғанған сөздер
- балалар
2) Топтық тапсырмалар
Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Әр топ басшысы қорытынды жасайды.
I топ
Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз.
- Тарақ — …і
- Кәсіп — …ы
- Күрек — …ы
- Қалақ — …і
II топ
Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөз жаса.
- Бала + -лық, -(қай)
- Оқу + -лық, -(шы)
III топ
Сызба бойынша сөздер тауып жаз.
- Түбір + жұрнақ
- Түбір + жұрнақ + жалғау
- Түбір + жалғау + жалғау
3) Оқулықпен жұмыс
3-жаттығу
Берілген сөздерге -ы, -і қосымшасын жалғап жаз. Өзіңе ұнаған сөзбен сөйлем құрап жаз.
Сөздер: әділдік, жалқаулық, жиек, ибалық.
Мысал: әділдігі, ибалығы…
Сергіту сәті
Музыкамен жаттығулар орындау.
4) «Мақалды тап» ойыны
Дөңгелектегі мақалды сағат тілінің бағыты бойынша, екі әріптен қалдыра отырып оқы. Қай әріптен бастап оқу керек? Мақалды тап, жалғасын айт және мағынасын түсіндір.
Мақал
Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.
Талқылау
Қандай жағдайда біз өз әдептілігімізді көрсетеміз? (Мысалы: автобуста, дүкенде және қоғамдық орындарда.)
Ой толғаныс
Бекіту және өмірмен байланыстыру тапсырмалары.
1) Суретпен жұмыс (интербелсенді тақта)
Сурет бойынша автобус ішіндегі көріністі сахналап көрсетейік.
2) Венн диаграммасы
Айбек пен Әлиді салыстырып, Венн диаграммасына түсір.
Қорытынды сұрақтар
- Өзіңе не алдың?
- Өз басыңда осындай жағдай болды ма?
3) Семантикалық карта
Сөздерді құрамына қарай топтастыр.
| Қосымшалы сөз | Түбір + жұрнақ | Түбір + жалғау | Түбір + жұрнақ + жалғау |
|---|---|---|---|
| Өнерпаздар | — | — | — |
| Құрылысшы | — | — | — |
| Балалар | — | — | — |
| Еңбегі | — | — | — |
| Қайратты | — | — | — |
| Қарны | — | — | — |
Ескерту: Кестедегі «—» орындары оқушының жауабымен толтырылады.
Қорытынды
Рефлексия
- Не үйрендім?
- Жаңадан не алдым?
- Не ұнады?
Бағалау
Сабақ барысында жинаған ұпайы жоғары оқушы күн сәулесін іледі. Қателері 2-ден көп болған оқушылар жаңбыр тамшысын іледі.
Менің бағам қандай?
Үй тапсырмасы
- Ертегіні жалғастырып көр.
- 5-жаттығу (12-бет).