Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі, Табиғатпен сырласуда әдемі
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікті көре білуге, табиғатты қорғап, аялауға үйрету. Қыс туралы түсінік беру және қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру.
Дамытушылығы
Балалардың табиғат туралы ой-өрісін дамыту, сөздік қорын байыту, тәрбиешіні тыңдай отырып өздігінен байланыстыра жауап беруге жетелеу.
Тәрбиелігі
Ұйымшылдыққа, өзара сыйластыққа және табиғатқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер
Сәлемдесу өлеңі
Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер,
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Сұрақ-жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі? Қыс.
- Қыста неше ай бар? Желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Табиғат ұғымы
Табиғат — бізді қоршаған орта. Оған орман, су, ауа, өсімдіктер, жануарлар, жәндіктер және адам өміріне қажет барлық табиғи құбылыстар жатады.
Слайд қарау: табиғат нысандарын ажырату және атау.
Орманға саяхат: тыныс алу жаттығуы
Психожаттығу
- Денелеріңді тік ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар.
- Көздеріңді жұмып, терең тыныс алып, таза ауаны жұтайық.
- «Табиғат үні» әуенін тыңдаймыз.
Балалардың әсері: су сылдыры, құстардың үні, жаңбыр дыбыстары.
Қысқы орманды бақылау
- Жерде не жатыр? Қар.
- Ауа райы қандай? Суық.
- Айналада не көріп тұрмыз? Ағаштар.
- Ағаштардың жапырағы бар ма? Қыста жапырақ болмайды.
- Ағаштардың пайдасы қандай? Олар ауаны тазартады.
Қауіпсіздік және табиғатты қорғау
Орманды өрттен қорғайық. Орманға барғанда от жағуға болмайды: ағаштар өртенуі мүмкін, аң-құстар мен жәндіктерге зиян келеді. Табиғатты қорғау — әрқайсымыздың міндетіміз.
Кейіпкермен кездесу: Қоянның өтініші
Диалог
Қоян: Сендер кімсіңдер? Орманда не істеп жүрсіңдер?
Тәрбиеші: Біз — 2-сәбилер тобының балалары. Орманға саяхатқа келдік. Ал сен неге жылап жүрсің?
Қоян: Достарым маған хат жазып, кездесетін жеріміздің сызбасын жіберіпті. Жолдардың бәрімен жүрдім, бірақ оларды таба алмай жүрмін.
Тапсырма: жолды белгілеу
Қоянның жүрген жолдарын белгі ретінде қоянның суретін жапсырып, қай жерде кіммен кездесетінін анықтаймыз.
Жапсыру жұмысы: бағытты табу, ретімен орналастыру, қорытынды жасау.
Қорытынды: Қоянның кездесетін достары — балалардың өзі!
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Табиғат туралы өлең
Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі,
Биік-биік шыңдарым да әдемі.
Айдын көлде аққу қандай әдемі,
Сұңқар құстың самғағаны әдемі.
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі,
Табиғатпен сырласудың өзі әдемі.
Жер-Ананы аяласаң жан-тәніңмен,
Боласыңдар сендер де дүниедегі ең әдемі!
Сүйейік табиғатты, аялайық! Біз де одан жақсылықты аямайық! Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз — ұсыналық жүрек нұрын бәріміз.
Ойын және қоштасу
Ойын: «Өз үйіңді тап»
Балалар табиғат нысандары мен кейіпкерлерді ажыратып, әрқайсысының «үйін» табады: орман, ін, ұя, су айдыны.
Сыйлық алмасу
Балалар Қоянға арнап сыйлық дайындады. Қоян балаларға алғысын айтып, ормандағы достарына көрсетуге асығады. Қоян да балаларға сыйлық сыйлайды.
Топқа қайту: психожаттығу
Денелеріңді тік ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмып, терең тыныс алып, таза ауаны жұтайық. («Табиғат үні»)
Қорытынды
Сабақ соңында балалардың белсенділігі мен жауаптары атап өтіліп, мақтау сөздер айтылады.
Хормен:
Табиғат, сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!
Балабақша тәрбиешісі: Жариева Жаина Абылаиевна