Компьютердің пайдасы
Сайыстың мақсаты мен форматы
Тақырып
«Тапқыр достар» — информатика пәні бойынша ақыл-ой, зерделі ойын-сайыс.
Мақсаты
- Білімділік: оқушылардың информатикадан алған білімдерін сарапқа салу.
- Дамытушылық: тапқырлыққа баулу, зейінін, ой-өрісін, белсенділігін дамыту, білімге құштарлығын арттыру.
- Тәрбиелік: өз біліміне сенімін нығайту, қиындықты жеңе білуге тәрбиелеу.
Түрі
Ақыл-ойға негізделген зерделі ойын.
Бағалау қағидасы: әр кезеңде ұпай жиналады; нақты, ойланып жауап берген топ «Нағыз тапқырлар» атағына жақындай түседі.
Кіріспе сөз
Елбасының «Қазақстан–2030» жолдауы — егемендіктің кілтін ұстайтын жастардың жарқын болашағына бастайтын үлкен бағдар. ХХІ ғасырдың білімді, ойлы ұрпағы ретінде бұл жоспарды іске асырып, еліміздің дамуына үлес қосатын — өздерің.
Қазақстанның болашағы — білімді ұрпақтың қолында. Бүгін сендер информатика пәнінен алған білімдеріңді ұшқыр оймен, дәлелді жауаппен және шешен сөзбен көрсетесіңдер.
Сайысқа қош келдіңіздер!
Ойын 7 айналымнан тұрады. Әр айналымда сүрінбей, ойланып, нақты жауап берген топ жеңіске бір қадам жақындайды.
Талабы
Жылдамдық + дәлдік
Негіз
Информатика білімі
Құндылық
Ынтымақ, жауапкершілік
Нәтиже
«Нағыз тапқырлар» атағы
Шақыру: «Келіңдер, келіңдер! Біріңе-бірің еріңдер. Біліміңді тексеріп, ойынға қатысып көріңдер!»
Топтар таныстырылымы
1-топ — «Компьютер»
Топ басшысы тағайындалады.
Ұраны
Тетікті бассаң алаңсыз,
Жазамыз қалам-қағазсыз.
Әрқашанда тездетіп,
Есепке шешім табамыз!
Бүгінгі жеңіс біздікі,
Бауырым, принтер — ұмытпа!
2-топ — «Принтер»
Топ басшысы тағайындалады.
Ұраны
Компьютермен енеміз,
Қағазға басып береміз.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жана ма?
«Бұл бәйге — ойдың бәйгесі. Кім жүйрік ойға, сол алда!» — дей отырып, алғашқы кезеңді бастаймыз.
Сайыс жоспары: 7 айналым
-
1) Бәйге жарысы
Жылдам сұрақтар. Әр дұрыс жауапқа — 1 ұпай. Жауап болмаса, «келесі» деп өткізу керек.
-
2) Жүйрік болсаң, озып көр
Тор көздегі сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай жинау.
-
3) Тапқыр болсаң, тауып көр
Конверттегі батырмалар мен құралдардың қолданылуын атау. Әр дұрыс жауапқа — 5 ұпай.
-
4) Сен — маған, мен — саған
Топтар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді. Әр дұрыс жауапқа — 5 ұпай.
-
5) Жеті жұрттың тілін біл (Полиглот)
Жауапты қазақша, орысша, ағылшынша айтуға болады: 1 тіл — 5, 2 тіл — 10, 3 тіл — 15 ұпай.
-
6) Кім епті, еркін ойлы?
Сөздерді жұмбақтап, ыммен түсіндіру. Әр дұрыс табылған сөзге — 1 ұпай.
-
7) Көкпар (ой-толғау)
Қарама-қарсы пікірлер: қолдаушы және қарсы тарап. Тақырыптар: «Компьютердің пайдасы» және «Компьютердің зияны».
1-айналым: Бәйге жарысы (лездемелі сұрақтар)
«Принтер» тобына
- 1. Белгілі бір атпен сақталатын ақпараттар жиыны — файл.
- 2. Windows-та өшірілген файлдар қайда жіберіледі? — Себет.
- 3. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым — информатика.
- 4. Компьютердің басты бөлігі, «миы» — процессор.
- 5. «Алгоритм» атауы кімнің есімімен байланысты? — Әл-Хорезми.
- 6. Монитор мен адамның арақашықтығы — 60–70 см.
- 7. 1 Мегабайтта қанша килобайт бар? — 1024.
- 8. Буып-түйілген файл — архив.
- 9. Енгізу операторлары — read, readln.
- 10. Экранда жыпылықтап тұратын тік сызықша — курсор.
- 11. Паскальдағы айнымалы шама — var.
- 12. Сол жақтан бір символды өшіру пернесі — Backspace.
- 13. Қағаздағы көріністі экранға түсіретін құрылғы — сканер.
- 14. Паскальда операторлардың басталуы мен аяқталуын білдіретін сөздер — begin, end.
- 15. Integer — бүтін сан.
«Компьютер» тобына
- 1. Файлдар жиыны — папка.
- 2. Электрондық кестелерге арналған Microsoft Office бағдарламасы — Excel.
- 3. Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама — антивирус.
- 4. Паскаль тілін енгізген — Никлаус Вирт.
- 5. Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі құрал — компьютер.
- 6. Паскальдағы тұрақты шама — const.
- 7. Windows сөзінің аудармасы — терезе.
- 8. 8 биттен тұратын өлшем бірлік — байт.
- 9. Шығару операторлары — write, writeln.
- 10. Бір-бірімен байланыстырылған компьютерлер жиыны — желі.
- 11. Оң жақтан бір символды өшіру пернесі — Delete.
- 12. Дүниежүзілік ғаламдық тор — интернет.
- 13. ЭЕМ дамуы неше буыннан тұрады? — 5.
- 14. Алгоритм командаларының басталуы мен аяқталуы — басы, соңы.
- 15. Real — нақты сан.
2-айналым: «Жүйрік болсаң, озып көр» (тор көз тапсырмалары)
Қатысушылар тор көздегі сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинайды. Төмендегі сұрақтар үлгі ретінде берілген.
40 ұпай
Жоғары деңгей- Компьютердің атасы — Чарльз Бэббидж.
- Компьютердегі барлық жүйелер мен бағдарламаларды басқарып, адам мен компьютер байланысын қамтамасыз етеді — операциялық жүйе.
- Монитор экранындағы бір нүкте — пиксель.
30 ұпай
Орта деңгей- Планшеттік, барабандық, қолмен істейтін болып бөлінеді — сканер.
- Желі арқылы хабарламалар алмасу жүйесі — электрондық пошта.
- Принтердің түрлері — бүріккіш, лазерлік, матрицалық.
20 ұпай
Негізгі деңгей- ДК-дің минималды құрамы — жүйелік блок, монитор, пернетақта.
- CD-R мен CD-RW айырмашылығы: бір рет жазу және көп рет жазу.
- «Сыйлық» сұрағы — қосымша ұпайға мүмкіндік.
3–4-айналым: Тапқырлық және өзара сұрақ
3) «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Конвертте жасырылған батырмалар мен құрал-саймандардың не үшін қолданылатынын атау керек.
Бағалау: әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
4) «Сен — маған, мен — саған»
Топтар бір-біріне алдын ала дайындаған сұрақтарын қойып, жауап береді.
Бағалау: әр дұрыс жауапқа 5 ұпай.
5-айналым: «Жеті жұрттың тілін біл» (Полиглот)
Бұл кезеңнің ерекшелігі — жауапты бірнеше тілде айту. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қолдана алсаң, ұпайың еселенеді.
1 тіл
5 ұпай
2 тіл
10 ұпай
3 тіл
15 ұпай
-
1. Белгілі бір нәрсе туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мәліметтер тобы — ақпарат / информация / information.
-
2. Сақталған құжатты ашу командасы — Файл–Ашу / Файл–Открыть / File–Open.
-
3. Windows дегеніміз не? — ОЖ / операционная система / operating system.
-
4. Нұсқағыш құрылғы — тышқан / мышь / mouse.
-
5. Қажет емес символды алып тастау пернесі — өшіру / удалить / delete.
-
6. Өшірілген файлдар уақытша жиналатын орын — себет / корзина / recycle bin.
-
7. Экрандағы төртбұрышты аймақ — терезе / окно / window.
-
8. Аз ғана жад қажет ететін шағын мәтіндік редактор — блокнот / блокнот / notepad.
-
9. «Бір сарайда тұрады екен, бес атаның балалары…» — пернетақта / клавиатура / keyboard.
-
10. Биологияда паразит, информатикада өлшем бірлік — бит / бит / bit.
6-айналым: «Кім епті, еркін ойлы?» (ыммен түсіндіру)
Шарты: берілген сөздерді ым-ишарамен түсіндіріп, қарсы топ табуы керек. Әр дұрыс табылған сөзге — 1 ұпай.
I топқа
II топқа
7-айналым: «Көкпар» және көрермендермен ойын
Ой-толғау (пікірсайыс)
Қарама-қарсы пікірлер: қолдаушы және қарсы тарап.
- «Компьютердің пайдасы»
- «Компьютердің зияны»
Көрермендермен ойын
1) «К» әрпінен басталатын информатикалық сөздер
компьютер, картридж, клавиатура, кактус, ксерокс, кбайт, калькулятор, компакт-диск, курсор, көшіру (копировать), контур, курсив.
2) «Сөз тапқанға қолқа жоқ»
Шарты: сұраққа тек берілген әріптен басталатын сөзбен жауап беру.
- 1. Сенің атың кім?
- 2. Жасың нешеде?
- 3. Ең жақсы көретін тамағың?
- 4. Мектебің қалай аталады?
- 5. Таңертең не жедің?
- 6. Фамилияң қалай?
- 7. Нешінші сыныпта оқисың?
- 8. Мектепке немен келесің?
- 9. Түнде аспанда не болады?
- 10. Қандай пәнді ұнатасың?
Қорытынды және марапаттау
Әділқазылар алқасы қорытынды шығарады: қай топтың жауабы толық, дәл әрі тиянақты болғанын анықтайды.
«Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықты көрсеткен —
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!»
«Қазақстанның болашағы — білімді ұрпақта» демекші, бүгінгі білім — ертеңгі байлық. Сондықтан білім алудан, оқып-үйренуден жалықпайық.
Марапаттау кезеңі
Сөз кезегі әділқазыларға беріледі.