Білімді тексеру кезеңі
Кембридж тәсілі
Сабақтың тақырыбы
Шеңбердің теңдеуі
Сабақ әдістері
- Сұрақ–жауап
- Проблемалық оқыту
- ЖИГСО әдісі
- Интерактивті әдістер
Көрнекіліктер
- Деңгейлік тапсырмалар
- Жазылған карточкалар
- Суреттер, кестелер
- Слайдтар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Координаталық жазықтықта берілген шеңбер теңдеуімен танысу. Шеңбердің теңдеуін құрастыруды, сондай-ақ оның центрін табуды үйрену.
Дамытушылық
Өз бетімен шешім қабылдауға, өзіндік ойды жүйелеп, қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Өз мүмкіндіктерін саралай отырып, ұжымда бірлесе жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу.
- 2 Оқушыларды түгендеу.
- 3 Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Топқа бөлу (Жанұя топтар)
Сыныпты төрт оқушыдан тұратын жанұя топтарға бөліп, топ мүшелерін 1-ден 4-ке дейін санату. Жаңа сабақты меңгеру кезінде әр қатысушы өз нөміріне сәйкес сұраққа жауапты болады:
- 1-мүше — 1-сұрақ
- 2-мүше — 2-сұрақ
- 3-мүше — 3-сұрақ
- 4-мүше — 4-сұрақ
Әр оқушы оқулықтан өз сұрағына жауап тауып, оны жанұя тобындағы мүшелеріне түсіндіреді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1-деңгей
Екі нүктенің арақашықтығы
A(-1; 4), B(5; -4) нүктелері берілген. Ара қашықтықты табыңдар.
Жауабы
AB = 10
2-деңгей
Үшбұрыштың периметрі
Төбелері A(2; 1), B(-6; 7), C(2; -2) болатын үшбұрыштың периметрін табыңдар.
Жауабы
P = 28
3-деңгей
Теңбүйірлі үшбұрышты дәлелдеу
Төбелері A(2; 3), B(-1; -1), C(3; -4) болатын үшбұрыштың теңбүйірлі екенін көрсетіңдер.
Жауабы
AB = BC
III. Білімді тексеру
Сұрақ 1
Екі нүктенің арақашықтығы қалай табылады?
Сұрақ 2
Нүктеден координаталар басына дейінгі қашықтық қалай табылады?
Сұрақ 3
Кесінді ортасының координаталары қалай табылады?
IV. Мақсат қою кезеңі
Оқушылармен бірге сабақ мақсаты нақтыланады: шеңбер теңдеуін түсіну, теңдеуді құрастыру және центрін табу жолдарын меңгеру.
V. Жаңа білімді меңгеру (қызығушылықты ояту)
ЖИГСО стратегиясы
Оқушылар 1, 2, 3, 4 деп саналып, жұмыс топтарына бөлінеді. Әр топ өз тапсырмасымен танысып, оны орындайды: оқулықпен жұмыс жасап, берілген сұрақтарға жауап табады. Кейін жанұя топтарына қайта жиналып, әр мүшесі өз сұрағының жауабын түсіндіреді, топ ішінде талқылау жүргізіледі.
1-қадам
Нөмірлеу және топқа бөліну
2-қадам
Оқулықпен жұмыс, жауапты табу
3-қадам
Жанұя топқа түсіндіру
4-қадам
Ортақ талқылау және қорытынды