Трапецияның анықтамасын және элементтерін, түрлерін айыра білулері
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
№4 жалпы орта білім беретін мектеп
Шигали Мақпал Ідірқызы
Сабақтың тақырыбы
Трапеция
Сабақтың түрі
Сұрақ-жауап, оқыта үйрету
Сабақтың көрнекілігі
Компьютер арқылы слайд түрінде берілген кестелер, төртбұрыштардың модельдері
Күтілетін нәтиже
Оқушылар трапецияның анықтамасын, элементтерін және түрлерін ажырата алады.
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Трапеция ұғымымен, оның түрлерімен және негізгі элементтерімен таныстыру.
Дамытушылық
Трапецияның элементтерін табуға арналған есептер шығару дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Саналы, білімді оқушыларды тәрбиелеу және геометриялық фигураларды дұрыс сала білуге баулу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу.
- Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Алдыңғы тақырыптарды еске түсіруге арналған сұрақтар:
- Төртбұрыш дегеніміз не?
- Төртбұрыш неше топқа бөлінеді?
- Төртбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы нешеге тең?
- Параллелограмм дегеніміз не?
- Параллелограмның қасиеттері қандай?
- Тіктөртбұрыш дегеніміз не?
- Тіктөртбұрыштың қасиеттері қандай?
- Ромб дегеніміз не?
- Ромбтың қасиеттері қандай?
- Квадрат дегеніміз не?
- Фалес теоремасы қалай оқылады?
3) Жаңа сабақты түсіндіру: трапеция
Трапеция — екі қабырғасы параллель болатын дөңес төртбұрыш.
Белгілеу
ABCD — трапеция
Параллель қабырғалар
BC ∥ AD
Трапецияның элементтері
Табандары
Үлкен табаны: AD
Кіші табаны: BC
BC ∥ AD
Бүйір қабырғалары
AB және CD — параллель емес қабырғалар.
Биіктігі
BE ⟂ AD — трапецияның биіктігі (BE қабырғасы AD табанына перпендикуляр).
Диагональдары
BD және AC — диагональдар.
O — диагональдардың қиылысу нүктесі.
Трапецияның түрі: тең бүйірлі трапеция
Анықтамалық белгі
ABCD — тең бүйірлі трапеция, егер бүйір қабырғалары тең болса: AB = CD.
Қасиеттері
- Бүйір қабырғалары: AB = CD.
- Диагональдары: BD = AC.
- Табан бұрыштары тең (бір табанда жатқан бұрыштар өзара тең).
Жылдам қорытынды
Трапеция — екі қабырғасы параллель болатын дөңес төртбұрыш. Оның негізгі элементтері: табандар, бүйір қабырғалар, биіктік және диагональдар. Тең бүйірлі трапецияда бүйір қабырғалар тең болып, диагональдар да тең болады және табан бұрыштары теңеседі.