Көп нүктенің орнына керекті сан есімді жазыңдар
Сабақтың тақырыбы
Сан есім
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Сан есім туралы оқушыларға толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
Дамытушылық
Сан есім бойынша білімдерін жаттығулар арқылы дамыту, өз бетінше орындау дағдыларын қалыптастыру. Топпен жұмыс арқылы әр оқушының дербестігін жетілдіріп, шығармашылық белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік
Сан есім тақырыбын түсіндіру кезінде сөздер мен сөйлемдердің тәрбиелік мәніне мән беру. Топпен жұмыс арқылы ынтымаққа, бірлікке, жолдастыққа және өзара көмекке баулу.
Негізгі ұғымдар
Құрылымына қарай
- Дара сан есім
- Күрделі сан есім
Мағынасына қарай
Жұмбақты шеш
Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Төрт сылдырмағы бар,
Бір шыбыртқысы бар.
Оқулықпен жұмыс
I топ
1-жаттығуды көшіріп жазып, сан есімдерді тап.
II топ
4-жаттығуда берілген сан есімдердің қасына тиісті зат есімді қойып жаз.
III топ
5-жаттығудағы жұмбақтың шешуін тауып, сан есімдердің астын сыз.
Топтық тапсырмалар
I топ: Мақалды құрастыр
Орны ауысқан сөздерден мақал құрастыр:
III топ: Санмен берілген өлең жолдарын оқы
Сандарды сөзбен алмастырып, мағынасын сақтап оқы.
Же1 екен 1қазан:
Кей1 жемді 1қазан
1-ақ сәтте қойды жеп.
Кү1 етті, “Тойдым”, — деп
Естіп 1 кез дү1ді,
Жағадағы тү1ді
Паналауға жүгірді.
Тест тапсырмалары
-
1. Сан есім деген не?
- а)Заттың қимылын білдіретін сөздер.
- ә)Заттың санын білдіретін сөздер.
- б)Заттың сынын білдіретін сөздер.
-
2. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
- а)Қандай? Қанша?
- ә)Қанша? Неше? Нешінші?
- б)Не? Нешінші?
-
3. Көп нүктенің орнына керекті сан есімдерді жазыңдар.
Ер... рет өледі, қорқақ... рет өледі.
- а)бір, бесінші
- ә)бір, көп
- б)бір, мың
-
4. Ол қандай сан?
Оңынан оқысаң да — сан,
Терісінен оқысаң да — сан. -
5. «-ыншы» жұрнағы қай сөзге сәйкес келеді?
- а)алты
- ә)үш
- б)он