Оқушыларды қол өнермен таныстыру, ата - кәсібімізді қастерлеуге тәрбиелеу
Сыныбы
9-сынып
Тақырыбы
«Он саусақтың құдіреті»
Мақсаты
Оқушыларды қолөнермен таныстыру, ата кәсібімізді қастерлеуге тәрбиелеу. Халқымыздың қолөнеріне баулу, қыр-сыры мен әдіс-тәсілдерін үйрету.
Кіріспе
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін біз мектеп оқушылары әзірлеген «Он саусақтың құдіреті» атты көрменің ашылуына жиналып отырмыз. Бұл көрме — оқушылардың туындылары мен шығармашылық жұмыстарының жинағы.
1-жүргізуші
Бауырласқан тәніміз,
Бұзылмаған антымыз.
Кең даланың ежелгі
Қазақ дейтін халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз.
Осы сөздермен көрмеміздің тұсауын кесеміз.
2-жүргізуші
«Өнер — жеміс, өмірге азық». Қолөнер арқылы берілетін жан-жақты тәлім-тәрбиенің оқушыларға өмірлік қорек болары сөзсіз. Қазақ халқының қолөнері өте бай, сан тармаққа, түрлі салаға бөлінеді.
Өлең жолдары мен ой өзегі
Көрменің мазмұны қолөнердің қадірін, еңбектің көркін, дәстүрдің жалғастығын айқындайды.
Фариза
Әркімге керек қолөнер,
Он саусаққа — он өнер.
Түгел болар дүниең,
Біліп алсаң оны егер.
Анар
Кесте тіге алмайтын
Болмаушы еді қыз бұрын.
Жасауын өзі қомдайтын,
Кестелеп алуан түз гүлін.
Төсек жапқыш, жүк жапқыш —
Кестелі қандай сәнді еді!
Отырып үйде тігіп іс,
Әлі есте айтқан әндері.
«Кестені көңіл сызады, қол тігеді, көз сынайды» — деген нақылдың мәні осында.
Оқушы жұмыстарының таныстырылымы
Әр жұмыс — ізденіс пен шыдамның нәтижесі. Мұнда дәстүрлі әдістер мен заманауи ойдың үйлесімі көрінеді.
Асылай Сапарова
КестеАсылай ақ қапқа сурет салып, қаптың «көздерін» тоқыма тәсілімен кестеледі. Кішкентай балалар киімінен жіп тарқатып, көбелек бейнесін толық жіппен толтырды. Инені жіпке сабақтап, қаптың теріс жағынан өткізіп, ұқыппен толық кестелеп шықты да, ұсақ моншақтармен безендірді.
Бұл тәсілді тек қапқа ғана емес, қалың матадан тігілген киімдерге де қолдануға болады.
Ақбаян
Құрақ көрпе«Алтын балдақ — қол сәні, әшекей кетсе — тон сәні» дегендей, Ақбаян құрақ көрпенің мәнін таныстырды. Құрақ көрпе қыз жасауының маңызды бұйымы: келін болып түскен соң төсеніш ретінде де, шай құйғанда астына салуға да пайдаланылады.
Құрақ — ұсақ маталардан құралып тігіледі. «Отбасы да ұсақ нәрселерден құралады» деген ырымға сай, әр қиықтың өз орны бар. Іші бидай шүберекпен қапталып, мақта тегіс төселеді, сырты құрақ өрнекпен көмкеріледі.
Артур
Қағаз өнері«Үлгісі көптің — өрнегі көп, өнері көптің — ермегі көп» деген нақылмен Артур өз жұмысын таныстырды. «Көлдің сәні — аққу» демекші, ол алдымен аққу бейнесін сызып алып, бірдей мөлшерде төртбұрыштап қиып, бүктеу арқылы пішінін шығарып, табанын орнықтырып құрастырды.
Ақтілек
Ақтілек қағаздан гүл дайындады: түрлі түсті қағазды төртбұрыштап қиып, пішінін келтіріп, бүктеу және біріктіру тәсілдерін қолданды.
Қол сүртетін салфетка
Түрлі түсті қағаздардан төртбұрыштап қиылып, айналасы өрнектеліп, ортасы тігіс тәрізді біріктіру әдісімен жинақталып, қол сүртетін салфетка жасалды.
Еңбек сабағындағы тағам әзірлеу
Еңбек сабағында біз тек қолөнермен ғана айналыспай, тағам дайындауды да үйренеміз.
Дастарқан көркі
Қонақтарға сазан балығы ұсынылды: ортасына картоп, қызанақ, бұрыш және сәбіз салынған. «Нан болса — ән болады» дегендей, ұннан дайындалған түрлі тағамдар да қойылды.
Қазақтың қолдан пісірілетін нан түрлерінің бірі — таба нан. Дәмнің де, еңбектің де қадірі осындай қарапайым дүниеден байқалады.
Қорытынды
Әдет-ғұрып пен салт-дәстүрі қазақтың — жарасымды, үйлесімді ғажап шың. Ұмыт бола бастаған дәстүрлерімізді сақтайық, насихаттап, жаңартудан қашпайық.
Көрмеге қатысқандарыңызға көп-көп рақмет!
Би шашу