Қарттар мерекесі

Қарттар мерекесі

Құрметті ата-аналар! Балабақша ұжымы сіздерді 1 қазан – Қарттар күнімен шын жүректен құттықтайды. Бұл мереке елімізде 1990 жылы 14 желтоқсанда қабылданған қаулыға сәйкес 1 қазан күні аталып өтеді.

Қарттарға қамқорлық көрсету – халқымыздың санасына терең сіңген асыл қасиет. Елдің берекесі мен бірлігі – үлкенге құрмет, кішіге ізеттен басталады. «Қарттары бар ел – бақытты ел» дей отырып, «Атадан балаға өнеге» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Кештің қатысушылары

Бүгін балабақшамыздың өнегелі, өнерлі, үлгілі отбасыларының құрметті аталарын ортаға шақырамыз.

Құттықтау сөзі

1 қазан мерекесіне орай құттықтау сөз балабақша меңгерушісі _____________________ мырзаға беріледі.

Негізгі идея

Үлкеннің өнегесін ұлықтау, ата дәстүрін дәріптеу, ұрпақ сабақтастығын бекемдеу.

Бағдарлама: «Атадан балаға өнеге»

Тақырып аясында аталарымызға 4 түрлі тапсырма ұсынылады.

1) Таныстыру

«Құзы терең, тең құлашты шалқардай,
Ғасырларда сырлар шертіп айтардай.
Отырады үй төрінде қомданып,
Аман болшы, аман болшы қарттарым!»

Бүгінгі мерекеге орай құттықтау сөз кезегін балабақшамыздың 2013 жылғы түлектерінің құрметті атасы Аманғали атаға береміз.

«Кең даланың қоңыр лебі – үнінде,
Дархан елдің даналығы – тілінде.
Тамылжыған табиғаттай табиғи,
Ақ батасы атаның – немереге.»

2) Шебер қол

Үй тапсырмасы: қолөнер немесе шеберлік жұмысын таныстыру.

Ән

«Балдырған» — Сезім, Аида.

«Не деген атам қазақ ойшыл адам,
Бұлбұлдай құйқылжытып күй шығарған.
Ауылдың алты ауызын өзі шырқап,
Мейманнан дүние емес, ән сұраған.»

3) Өнер

Ән, ертегі, тақпақ орындау.

«Мәңгі өшпейтін атақ-даңқ
Жүрегімнің лаулап отын жақты.
Ерлігіңді жалғастырар бақытымын,
Сендер ғой маған берген осы бақты.»

4) Бәйге

Сұрақ-жауап кезеңі.

  • 1) Тәуелсіздік алған күн қашан?

    1991 жыл

  • 2) Ел рәміздері бекітілген жыл?

    1992 жыл

  • 3) Қай жылы төл теңге айналымға шықты?

    1993 жыл

Қорытынды және алғыс

Бүгінгі берілген төрт тапсырманы аталарымыз үлкен дайындықпен жоғары деңгейде орындап шықты. Аталарымызға алғыс білдіріп, мадақтау үшін ортаға балабақша меңгерушісін шақырамыз.

Кештің мақсаты

«Тәрбие – тал бесіктен» демекші, жас ұрпақты үлкенді құрметтеуге, ата салтымызды тануға, аталардың өнегесі мен өнерін бағалауға баулу.

Осымен «Атадан балаға өнеге» атты бағдарламамыз аяқталды. Сіздерге ең әуелі зор денсаулық, бала-шағаларыңыздың қызығына кенеліп, орталарыңызда мәнді де берекелі өмір сүрулеріңізге тілектеспіз.

Сау болыңыздар!