Істің ақыры нәтижесіз аяқталатынын көре тұра, сіз берген уәдеңізде тұрамысыз

Айзенктің темпераментті анықтау тесті
Нұсқау: Сізге өзіңіздің тәртібіңіз және сезім ерекшеліктеріңізге байланысты бірнеше сұрақтар беріледі. Әр сұрақтың тұсында ИӘ немесе ЖОҚ жауабы үшін орын қалдырылған.
Тез және мұқият жұмыс істеуге тырысыңыз. Бір сұраққа ойланып, кеп уақыт жұмсаудың қажеті жоқ. Сіздің тез қайтарылған жауабыңыз қымбат. Барлық сұрақтарға бірнеше ғана минут арнағаныңыз жөн. Еш сұрақ жауапсыз қалмасын. Парақты аударып, жұмысқа кірісіңіз. Тез қимылдаңыз және жауаптың жақсы , жаман болып бөлінбейтіні естен шықпасын. Бұл Сіздің ақыл - ой немесе қабілет сыны емес, тек темперамент ерекшеліктеріңізді анықтау ғана.
1. Сіздің бұрын кездеспеген әсерлерге еліктеп, көңіл - күйіңізді құбылтып тұруға құмарлығыңыз бар ма?
2. Өзіңізді жақсы түсініп, ақыл айтып, істеген ісіңізді құптап, жұбатып тұратын достардың сізге қажеті бар ма?
3. Сіз өзіңізді еш нәрсемен ісі жоқ адаммын деп есептейсіз бе?
4. Өз ойыңыздан (алған беттен) кайту сізге қиын тимей ме?
5. Сіз іске кірісер алдында көп ойланып, артын күтіп барып, іске кірісесіз бе?
6. Істің ақыры нәтижесіз аяқталатынын көре тұра, сіз берген уәдеңізде тұрамысыз?
7. Көңіл - күйіңіз жиі өзгере ме?
8. Сіз кеп ойланып жатпай, тез сөйлеп, жиі қимылдайсыз ба?
9. Алып бара жатқан себеп болмаса да, өзіңізді бақытсызбын деп сезінген кездеріңіз болды ма?
10. Ерегісте сіз еш нәрседен тайынбайтыныңыз рас па?
11. Ұнайтын адаммен сөйлескіңіз келгенде қымсынасыз ба?
12. Қатты ашуланғанда, өзіңізді ұстай алмай кететін жағдай бола ма?
13. Минуттық сезімнің әсерінде кететін жайыңыз жиі бола ма?
14. Істеген ісіңіз бен айтқан сөзіңізді артынан ойлап, әттеген - ай дейтін уақыттарыңыз жиі кездесе ме?
15. Жұртпен қатысып, сөйлескеннің орнына. оқығанды дұрыс көремісіз?
16. Тез ашуланып қалатыныңыз рас па?
17. Көпшіліктің ортасында жиі болғанды қалайсыз ба?
18. Басқаға білдіргіңіз келмейтін ойларыңыз бола ма?
19. Кейде бастаған істі жылдам орындап тастап, кейде ісіңіздің өнбейтін кездері бола ма?
20. Жаныңызға жақын адамдардың аз болуын қалайсыз ба?
21. Көп армандайсыз ба? (Арманыңыз көп пе?)
22. Сізге біреу айғайлап жатса, сіз де айғаймен жауап бересісіз?
23. Кінәлі екендігіңізді сезіп, мазаңыз кетпей ме?
24. Өз істеріңіздің бәрі дұрыс және орынды деп білесіз бе?
25. Көпшілік арасында сезім тізгінін босатып, қатты көңілденіп, еркінсіп кетесіз бе?
26. Сіздің жүйке жүйеңіз қатты жұқарып кетті деуге бола ма?
27. Сізді көңілді және пысық деуге бола ма?
28. Біткен іске ойша қайта оралып, дұрысырақ, жасауға болатын еді дейтін кездеріңіз бола ма?
29. Көпшілік ортасында сіз өзіңізді еркін сезінесіз бе?
30. Біреуден естігеніңізді біреуге жеткізетін әдетіңіз бар ма?
31. Әр нәрсені ойлап, ұйықтай алмайтын уақыттарыңыз бола ма?
32. Бір нәрсені білгіңіз келгенде, достарыңыздан сұрап алғаннан да, кітаптан оқып алғанды дұрыс көресіз бе?
33. Жүрегіңіздің қатты соғатын кездері бола ма?
34. Аса үлкен ықтиярлықты қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?
35. Қалтырап кететін жағдай сізде жиі бола ма?
36. Айталық, сіздің бұрын оңаша жерде артық айтқан сөзіңізді ешкім есіне алмай - ақ қойсын. Кейіннен, басқа ойда бола тұра, жұрттың дегеніне қосылып жүре бересісіз?
37. Бірін - бірі іліп - шалып, қалжыңдап отыратын жұрт арасында болу сізге онша ынғайлы емес. Солай ма?
38. Ешқандай ауыр жұмыс жасамасаңыз да, алқынып қалатын кездеріңіз бола ма?
39. Жиі ашуланасыз ба?
40. Тез қимыл - әрекет қажет ететін жұмыс сізге ұнай ма?
41. Сәтті аяқталғанымен, әртүрлі кемшіліктері болған іс қайта оралып, мазаңызды ала ма?
42. Сіз асықпай, жай қимылдайсыз ба?
43. Жұмысқа, кездесуге кешіккен кездеріңіз болды ма?
44. Сіз сөзшеңсіз, ашықсыз, таныс емес адаммен де тез тіл табысып, сөйлесіп кетесіз, солай ма?
45. Жанға батып жүрген ауруыңыз бар ма?
46. Достарыңызды көп уақыт көрмесеңіз, өзіңізді бақытсызбын деп сезінесіз бе?
47. Сіз өзіңізді жүйке жүйесі тозған адаммын деп есептейсіз бе?
48. Өзіңіз танитындардың ішінде сізге ұнайтын адамдар бар ма?
49. Сіз өзіңізді сенімді адаммын деп есептейсіз бе?
50. Сіздің өзіңізді немесе қызметіңізді сынаған кезде тез ашуланып қаласыз ба?
51. Кешкі ойын - сауықтан ләззат алу қиын деп есептеймісіз?
52. Сіз өзіңізді өзгеден кем санап, мазасызданатын кездеріңіз бола ма
53. Көпшілік ортасына келіп, әңгіме - думанды жандандырып жіберу сізге қиын емес пе?
54. Өзіңізге беймәлім мәселелер туралы сіз кейде әңгіме - дүкен құрасыз ба?
55. Сіз өз денсаулығыңызды сақтауға тырысасыз ба?
56. Сіз өзге адамды келемеждеуді ұнатасыз ба?
57. Ұйықтай алмай, мазасызданасыз ба?

1. Холерик - сезімтал, тынымсыз, агрессивті, шамданғыш, көңіл - күйі өзгергіш, басқамен қарым - қатынаста және сезім қатынасында тұрақсыз, әр түрлі жағдайларда соқпа мінезді, оптимист (болашаққа сеніммен қарайды), белсенді, пысық, байқам, сенгіш, ашуланшақ т. с. с.
2. Сангвиник — ашық, көпшіл, сөзшең, қайырымды, қысылып - қымтырылмайды, өмір сүйгіш, уайымсыз, беймаза емес,
көтеріңкі көңілді, басшылыққа бейім, т. с. с.
3. Флеглматик — сақ, енжар, байыпты, өзгеге жақсылық тілегіш, ынтымақшыл, өз ісін ойлап істейтін, сенімді, тұрақты, бір қалыпты т. с. с.
4. Меланхолик — беймаза, ренжігіш, ойлампаз, қырағы, пессимист (өмірден түңілгіш), тұйық, ұстамды, көп сөзі жоқ, ригидтік (керітартпа) қасиеті бар, т. с. с.

Айзенктің темпераментті анықтау тесті. жүктеу



Ұқсас жұмыстар

Психологиялық тренингтер жинағы
Студенттердің ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастырудың жолдары
А. Әшімовтың өмір жолы
Түрткі сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер
Мұстафа Шоқай қоғамдық - саяси қызметі
Түркістанның құрылуы
Мәдиналық алғашқы мұсылмандар
Отбасындағы келеңсіз жағдайларды тудыратын негізгі факторлар
Мақал-мәтелдер – халық даналығы
Палеозойға дейінгі кезең
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ҚОРҚЫТ туралы
МАХМҰД ҚАШҚАРИ туралы
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН туралы
Қожа Ахмет Яссауи туралы
ШАҚШАҚҰЛЫ ЖӘНІБЕК туралы
ӨТЕҒҰЛҰЛЫ ӨТЕГЕН туралы
Мемлекеттің пайда болуы туралы
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері туралы