Жіңішке дауысты дыбыс екенін таныстыру
Сабақ тақырыбы мен мақсаты
Тақырыбы
Үү дыбысы мен әрпі
Мақсаты
- Білімділігі: Үү дыбысы мен әрпін таныстыру; оның жіңішке дауысты дыбыс екенін ұғындыру; Үү әрпін дұрыс жазуға және дыбыстық талдау жасауға баулу.
- Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетін, қызығушылығын, сөздік қорын және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Тәрбиелігі: Ұқыптылыққа және әдептілікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру деректері
- Көрнекіліктері
- Суреттер, әріптер, буындар және т.б.
- Пәнаралық байланыс
- Дүниетану
- Сабақтың түрі
- Аралас сабақ
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Хормен айту
Үлкенге де сіз,
Кішіге де біз.
Барша адамды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
Бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сондықтан бар білімімізді көрсетіп, сұрақтарға еркін жауап берейік.
Қазір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілі — жылдың соңғы айларының бірі. Күз несімен ерекше? Бұл мезгілде жемістер пісіп, егін жиналады.
Ой қозғау: Жер — біздің анамыз. Себебі азық-түлік пен ырыс-дәулеттің бәрін жер-ана береді. Жер-ана бізге сыйлық дайындап жіберіпті. Оны алу үшін сабаққа белсенді қатысып, жақсы баға алуға ұмтылайық.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта қандай әріппен таныстық? Өө әрпімен таныстық.
Еске түсіру
- Өө — дауысты, жіңішке дыбыс.
- Өө әрпі сөздің басында да, ортасында да кездеседі.
Оқылым (оқулықтан)
Өзен, өлең, өнер, өріс, өрік, өмір, бөрік, көрік, көмір, өрнек, өрмек, өркеш, көрме, көрпе, көрші, көже, шөже, көлік, көкек, көмек, сөз, көз, төл, көл, бота, құлын, бұзау, қозы, лақ және т.б.
Сұрақ-жауап
- Дауысты дыбыстар қалай айтылады? Еркін созылып айтылады.
- Әріп дегеніміз не? Әріпті көреміз және жазамыз.
- Дыбыс дегеніміз не? Дыбысты айтамыз және естиміз.
- Дауыссыз дыбыс қандай? Қысқа айтылады, созуға келмейді.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Екіге: дауысты және дауыссыз.
- Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? Екіге: жуан және жіңішке.
3) Жаңа сабақ: жұмбақ арқылы ашу
Жұмбақ
Үйрек десе — бірінші,
Үкі десе — бірінші,
Үміт десе — бірінші,
Үсен десе — бірінші,
Үтік десе — бірінші,
Үй десе де — бірінші.
Бұл әріпті, кәнеки, біреу айтып берсінші.
Дұрыс жауап: Үү әрпі. Бүгін біз Үү дыбысы мен әрпімен танысамыз. Ү дыбысы бар сөздерге мысал келтірейік.
Тірек мысалдар
үй, үйрек, түс және т.б.
Айтылым ерекшелігі
- Ү — жіңішке дауысты дыбыс.
- Ү дыбысын айтқанда ерін сүйірленеді, иек көтеріледі.
- Сөздің басында да, ортасында да кездеседі.
- Пішіні жағынан Ұұ әрпіне ұқсас, бірақ дыбысталуы бөлек: Ұ — жуан, Ү — жіңішке.
Үкі
Үкі — түн құсы.
Буынға бөлу: ү-кі
Үйрек
Үйрек — үй құсы. Құрлықта да, суда да тіршілік етеді. Оның жұмыртқасы, еті және жүні тұрмыста пайдаланылады.
Үтік
Үтік — үйде күнделікті қолданылатын тұрмыстық құрал.
Буынға бөлу: ү-тік
4) Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы сөздер мен сөйлемдерді кезекпен оқыту: әр оқушыға жеке оқып, дыбыстауын түзету, Ү дыбысының орнын (басында/ортасында) анықтату.
5) Сергіту сәті
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Бір отырып, бір тұрып,
Сергіп қалайық.
6) Дәптермен жұмыс
Үү әрпін алдымен ауада жазып көрейік, содан кейін дәптерге көркем жазу талаптарын сақтап жазамыз.
Жазу үстіндегі сергіту
Жаза-жаза жазуды,
Талып кетсе қолымыз,
Сілкіп-сілкіп аламыз,
Әдемілеп жазамыз.
7) Тірек сызбамен және ойынмен жұмыс
Сипаттау (тірек сөздер арқылы)
Үйрек
Үй құсы, әдемі, аққу сияқты жүзіп жүреді.
Түлкі
Қызыл түсті, айлакер, жабайы аң.
Ойын: «Қай әріпті жоғалттым?»
Берілген сөздерден түсіп қалған әріпті тауып, дұрыс нұсқасын айтыңдар:
- қыс
- гүл
- күрек
- ұзақ
- күлкі
- қар
- үйшік
Уақыт қалса: Үү дыбысы бар сөздерді ойлап тауып, сол сөздермен сөйлем құраңдар.
8) Сабақты қорытындылау
- Бүгін не үйрендік?
- Қандай әріппен таныстық?
- Ү дыбысы қандай дыбыс түріне жатады?
- Ү дыбысы сөздің қай жерінде кездеседі?
9) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне, оқылымына, дыбыстық талдауына және дәптердегі жазуына қарай бағалау. Бағалау кезінде «жер-ана сыйлығын» үлестіріп беру.
10) Үй тапсырмасы
Оқулықтағы Үү әрпі бар сөздерді және мәтінді оқып келу. Үү дыбысы кездесетін 5 сөз жазып келу.