Пысықсып Көгершінім отырғанда, Қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа

Ахмет Байтұрсынов

Бір Шымшық торға түсті соры қайнап,
Барды ма, кім біледі, ажал айдап.
Бәлені қаза менен қайда деме,
Ғаріп боп, отыр сорлы көзі жайнап.
Жанына жас Көгершін ұшып келді:
Не қара басты торға түсіп? - деді. -
Тал түсте торды көрмей, соқыр ма едің,
Есалаң, ақылың жоқ, күшік, - деді. -
Түсер ме есі дұрыс күндіз торға,
Ақылың жоқтығынан қалдың сорға.
Мысалы, мені алдап еш уақытта,
Тор түгіл, түсіре алмас онан зорға.
Кім күлмес бостығыңа сен жаманның,
Алдырған айласына бір наданның.
Мен саған қол берейін түспесіме,
Амалы саған ғана мол адамның .
Десе де: Ақыл серік қонған баққа ,
Ем болмас баста бағың таяр шақта.
Пысықсып Көгершінім отырғанда,
Қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа.
- Ақылың қайда кетті, данышпаным,
Серт етіп түспеске қол алысқаның?
Біреуге күлсең - келер өз басыңа,
Табалап мұнан былай күлме, жаным!
Біреуді білмес адам табалайды,
Бақ көшсе, ақылыңа қарамайды.
Ісіңнен бір істеген жазым тапсаң,
Болды деп білмегеннен шамалайды.
Жазмыштан озмыш болмас деген сөзді
Бекер деп пікір ету жарамайды.
Алланың адам басы - добы деген,
Қуса да қалай қарай домалайды.
Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері, өмірбаяны



Ұқсас жұмыстар

А.Байтұрсынов аудармаларының маңызы
ЖЫЛАНДЫ ТАУЫ, АЙДАҺАР ҮНГІРІ ЖАЙЛЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕР
Жәнібек батыр
Төле би жайлы
Қазақ аңшылығы жайындағы мақалалар жинағы
Төле би
Механикалық асфиксияның жіктелуі мен белгілері
Армян тілі
Қазақ тіліндегі «Аңшылық» концептісі
Қорқыт туралы аңыз бен ақиқат
Төлем көзінен салық салынбайтын табыстар
Қылмыс қүрамының түсінігі және маңызы
ДҮКЕНҰЛЫ ЫҚЫЛАС
Объектіден ақпараттың техникалық арналар арқылы сыртқа кетуі және оған қарсы іс-шаралар
Газды-сұйықты өнімнің атқылауын болдырмау үшін ұңғы сағасын жабдықтау жүйелерін зерттеу және жетілдіру
Кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын төмендетуді экономикалық ынталандыру «Каменка» асыл-тұқымды мал зауыты
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Ақыл-ойының дамуы артта қалған 2-3 сынып оқушыларының уақыт және кеңістік жөніндегі түсініктерді қолдануы
Дыбыс үндестігі арқылы орыс бөлімі студенттерін қазақша сөйлеуге үйрету әдістемесі