Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер
Сабақтың бөлімі
Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер.
Сабақтың тақырыбы
Биоалуантүрлілік
Оқу мақсаты
8.1.5.1 — перифраз түрінде берілген сұрақтар арқылы мәтіннен қажетті ақпаратты табу және көтерілген мәселе бойынша ой тұжырымдау.
Бағалау критерийлері
- Перифраз түріндегі сұрақтарға жауап беру кезінде мәтіннен қажетті ақпаратты табады.
- Мәтінде көтерілген мәселені анықтап, қорытынды ой тұжырымдайды.
Тілдік құзыреттілік
Пәндік лексика мен терминология
Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар
- Менің ойымша...
- Менің байқауымша...
- Көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын...
- Мен бұл тақырып бойынша мынадай ой тұжырымдаймын.
Ресурстар
Оқулық
Интербелсенді тақта
Суреттер
Топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар
Топтық тапсырмалар
Кері байланыс және стикерлер
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Сәлемдесу.
- 2 Оқушыларды түгендеу.
- 3 Сурет арқылы оқушыларды топқа бөлу.
Топқа бөлу (Қызыл кітапқа енген түрлер)
- 1-топ Киік
- 2-топ Қызғалдақ
- 3-топ Аққу
Әдіс
«Стоп-кадр»
Оқушылар, неліктен біз топқа (жануар, өсімдік, құс) осылай бөліндік деп ойлайсыңдар?
Бұл суреттердің бүгінгі тақырыппен қандай байланысы бар деп ойлайсыңдар?
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз не туралы болмақ?
Өзара пікір алмасу
Тақтадан Қызыл кітаптың және оған енген жануарлар мен құстардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар өздерінің бұрыннан білетін мәліметтерімен бөліседі.
Сұрақ: Қызыл кітап туралы не білеміз?
Сұрақ: Бұл кітапқа жануарларды, жәндіктерді, құстарды және өсімдіктерді не үшін енгізеді деп ойлайсыңдар?
Түйін
Сабақ мазмұны биоалуантүрліліктің маңызын түсінуге, Қызыл кітапқа енген түрлер туралы ақпаратты мәтіннен табуға және көтерілген мәселелер бойынша дәлелді ой қорытуға бағытталған.
Материал: «Биоалуантүрлілік».