Компьютердің зиянды құрылғысы
Сабақтың мақсаты мен форматы
Мақсаты: оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, білім деңгейін көтеру, сөйлеу шеберлігін және есте сақтау қабілетін дамыту. Оқушыларды шапшаңдыққа, тапқырлыққа баулу.
Түрі
Сайыс сабақ
Көрнекілігі
Компьютер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды екі топқа бөлу.
- Сайыстың ережесімен таныстыру.
- Сайыс 6 кезеңнен тұрады.
- Екі топтан 7 оқушыдан, барлығы 14 оқушы қатысады.
I кезең
Өзім туралы
II кезең
Кім жылдам?
III кезең
Қисынды ойлай білейік!
IV кезең
Сен маған, мен саған
V кезең
Компьютермен жұмыс
VI кезең
Капитандар сайысы
II. Негізгі бөлім
Төменде сайыс кезеңдерінің мазмұны мен тапсырмалары берілген.
I кезең: Өзім туралы
Екі топ өздерін таныстырып, алдын ала дайындаған презентацияларын ұсынады.
I топ: animacia@mail.kz
Топ жетекшісі: 10-сынып оқушысы Сейдуллаева Гүлнаурыз
II топ: Жас ұрпақ
Топ жетекшісі: 10-сынып оқушысы Оразова Жадыра
II кезең: Кім жылдам?
Сұрақтарға мүмкіндігінше жылдам жауап беру қажет.
I топ сұрақтары
- Paint қандай редактор? (графиктік)
- ЭЕМ-нің неше буыны бар? (5)
- Компьютердің атасы деп кімді атаған? (Чарльз Беббидж)
- Морзе әліппесінде қандай таңбалар бар? (нүкте, сызықша)
- Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі? (бит)
- Дыбыстық ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (микрофон)
- Қазіргі кезде ең көп тараған процессор қалай аталады? (Pentium)
- Музыкалық файлдың кеңейтілімі? (mp3)
- «Ақпарат» сөзі қай тілден шыққан? (латын)
- Программалау тілі? (Паскаль)
- Екілік жүйенің сандары? (0 мен 1)
- Вирусты жоятын программа? (антивирус)
- Калькулятордың неше түрі бар? (2)
- Ақпаратты шығару құрылғысы? (принтер)
- Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас қалай аталады? (интерфейс)
- Тұрақты шама қалай жазылады? (const)
- Информатика дегеніміз не? (ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым)
- Компьютер жанына қойылатын өсімдік? (кактус)
- Функционалдық пернелер нешеу? (12)
- Презентацияға сурет енгізуге бола ма? (иә)
II топ сұрақтары
- WordPad қандай редактор? (мәтіндік)
- Компьютердің зиянды әсері ең көп байланысты құрылғы? (монитор)
- Интернетке шығу құрылғысы? (модем)
- ASCII коды қанша жолдан және қанша бағаннан тұрады? (16×16)
- Алгоритм атауы қай ғалымның есімімен байланысты? (Әл-Хорезми)
- Дыбыс жазуға арналған бағдарлама/құрылғы? (фонограф)
- Ақпараттық процестерді жүзеге асыратын құрылғы? (компьютер)
- Компьютердің «миы»? (процессор)
- Жыпылықтап тұратын тік сызықша? (меңзер)
- Белгілі бір атпен жазылған мәліметтер жиыны? (файл)
- Әртүрлі бағдарламалар орналасқан Windows экраны? (жұмыс үстелі)
- Бас әріптер режимін іске қосатын перне? (Caps Lock)
- Сегіздік санау жүйесі қандай сандардан тұрады? (0–7)
- Логикалық қосу қалай аталады? (дизъюнкция)
- Дүниежүзілік желі? (интернет)
- x-тің квадраты Паскаль тілінде қалай жазылады? (sqr(x))
- Қағаздағы көріністі экранға түсіретін құрылғы? (сканер)
- Сандардың аталу және жазылу әдісі? (санау жүйесі)
- Терезе нешеге бөлінеді? (4)
- «Бит» сөзінде неше бит бар? (24)
III кезең: Қисынды ойлай білейік!
Әр командаға бір логикалық есеп беріледі. Есептерде екілік жазу қолданылған, тапсырма — оны ондық жүйеге айналдырып, мағынасын табу.
I топ
Мен 1111 жастамын. Мектеп табалдырығын 111 жасымда аттадым. Мен 01110001 мектептің 1001-сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 00100101 оқушы. Менің арманым — келешекте атақты компьютер маманы болу.
Жауабы
Мен 15 жастамын. Мектеп табалдырығын 7 жасымда аттадым. Мен 71 мектептің 9-сыныбында оқимын. Біздің сыныпта барлығы 25 оқушы бар. Менің арманым — келешекте атақты компьютер маманы болу.
II топ
Мен 111-класс оқушысымын. Сыныпта 00010110 оқушы бар. Класс өте ұйымшыл. Біз 000100000011 мектепте оқып жатқанымызды мақтан етеміз.
Жауабы
Мен 7-класс оқушысымын. Сыныпта 16 оқушы бар. Класс өте ұйымшыл. Біз 103 мектепте оқып жатқанымызды мақтан етеміз.
IV кезең: Сен маған, мен саған
Екі топ бір-біріне алдын ала дайындап келген ребустарын ұсынады. Қарсы топ ребусты шешіп, жауабын түсіндіреді.
V кезең: Компьютермен жұмыс
Әр командадан бір оқушы шығып, Word мәтіндік редакторында мерекеге арналған құттықтау мәтінін тереді және парақты әсем безендіреді. Жұмыс уақыты — 5 минут.
I топ тапсырмасы
8 наурыз мерекесіне байланысты тілек жазу.
II топ тапсырмасы
22 наурыз мерекесіне байланысты тілек жазу.
VI кезең: Капитандар сайысы
I топ
«Интернет» сөзінің мағынасы және қолданылу аясы туралы ой-толғау.
II топ
Электрондық пошта дегеніміз не? Оның кәдімгі поштадан айырмашылығы қандай?
Көрермендермен сайыс
Көрермендерге қосымша сұрақтар қойылып, белсенді қатысушылар марапатталады.
Қорытынды
Сайыс соңында ұпайлар есептеліп, жеңімпаз топ анықталады. Қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталады.