Power Point программасында презентацияларды құрудың қандай тәсілдерібар
Сабақ туралы жалпы мәлімет
- Сабақтың тақырыбы
- PowerPoint бағдарламасын қорытындылау
- Сабақтың типі
- Қайталау сабағы
- Сабақтың мақсаты
- PowerPoint бағдарламасында орындалған жұмыстарды жүйелеу және қорытындылау.
- Оқыту әдісі
- Көрнекілік–практикалық
- Оқыту формалары
- Жеке, топтық және ұжымдық
- Жабдықтау
- Көрнекі материалдар, таратпа материалдар, оқу құралы, компьютер, презентация материалдары.
Тәрбиелік мақсат
Оқушыларды ақпараттық мәдениетке, өзін-өзі бағалауға және уақытты тиімді пайдалануға қалыптастыру.
Дамытушылық мақсат
Бағдарламада жұмыс жасау арқылы логикалық, құрылымдық және алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту.
Ұйымдастыру және бағалау
Сынып 2 топқа бөлінеді, әр топтан топ басшысы сайланады. Бағалау парақтары алмастырылып беріледі: 1-топтың басшысы 2-топты, ал 2-топтың басшысы 1-топты бағалайды.
- Бағалау кезең бойы жүргізіледі: сұрақ-жауап, карта, шығармашылық қорғау және тест.
- Топ басшылары тапсырмаларды жинап, тексеріп, бағалау парағына ұпай/бағаны енгізеді.
Назарда болатын дағдылар
Сабақ кезеңдері
1-кезең. Бақылау сұрақтары
Топтық сұрақ-жауапЕкі топ бір-біріне бақылау сұрақтарын қояды. Мақсат — негізгі ұғымдарды қайталау және түсінікті нақтылау.
- 1. PowerPoint бағдарламасы қалай іске қосылады?
- 2. Бағдарламаның қандай мүмкіндіктері бар?
- 3. Автомазмұн шебері қалай іске қосылады?
- 4. Презентация дегеніміз не?
- 5. Автомазмұн шебері арқылы құрылған презентацияны өңдеуге бола ма?
- 6. Слайд дегеніміз не?
- 7. Бағдарламада слайдтардың белгіленуінің неше нұсқасы бар?
- 8. Слайдпен жұмыс істеудің қандай режимдері бар?
- 9. Слайдқа суреттерді қалай енгіземіз және енгізілген суреттердің түрін өзгертуге бола ма?
- 10. Презентация мәтіндерін өңдегенде қай режимде жұмыс жасаймыз?
- 11. Саймандар тақтасы не үшін керек?
- 12. Слайдтарды баспаға қалай береміз?
2-кезең. Еске түсіру кезеңі
Семантикалық картаӘр топ мүшесіне өткен материалды еске түсіруге арналған семантикалық карта ұсынылады. Топ басшылары жұмыстарды жинап, тексеріп, бағалау парағына нәтижесін енгізеді.
3-кезең. Шығармашылық тапсырма
Таныстыру және қорғауӘр топ өздері дайындаған жұмыстарын таныстырып, қорғайды: мазмұнын түсіндіреді және безендіру тәсілдерін негіздейді.
1-топтың жұмысы
Тақырып: «Исатай ауданы Ұлы Отан соғысы жылдарында»
- Презентация 10 слайдтан тұрады.
- Исатай ауданының аумағын көрсететін карта беріледі.
- Ауданнан соғысқа қатысқан адамдардың ерлігі туралы мәліметтер қамтылады.
- Өз ауылынан соғысқа аттанған сарбаздар мен тылда еңбек еткен ауылдастардың еңбегі жазылады.
- Суреттер сканер арқылы енгізіліп, слайдқа орналастырылады.
2-топтың жұмысы
Тақырып: «Ғ. Мәсәлімовтың өмірі мен қызметі»
- Туған жерінен бастап өмірбаяны жүйелі түрде көрсетіледі.
- Отбасы туралы мәліметтер толық қамтылады.
- Музейіне виртуалды «саяхат» ұсынылады.
- Өнер жолындағы марапаттары (дипломдар), күйлері және естеліктерінен үзінділер көрсетіледі.
4-кезең. Өзін-өзі тексеру
Компьютерлік тестӘр топ мүшесіне компьютер арқылы 10 сұрақтан тұратын тест беріледі. Тест нәтижесін топ басшылары жинап алып тексереді: әр топ басшысы қарсылас топтың тестін бағалайды.
Тест сұрақтары
-
1. PowerPoint бағдарламасында презентацияларды құрудың қандай тәсілдері бар?
- A) Слайдтар құру.
- Ә) Презентация көрсетілуін автоматты түрде программалық тілге аудару.
- Б) Дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранда көрсету.
- В) Презентация материалдарын қағазға немесе 35 мм-лік қабыршыққа шығару.
-
2. PowerPoint бағдарламасында презентацияларды құрудың қандай тәсілдері бар? (Қате жауабын көрсетіңіз)
- A) Автомазмұн шебері көмегімен.
- Ә) Презентациялар шаблоны көмегімен.
- В) Бос презентация.
- Б) Программалық тілде жазу арқылы.
-
3. Автомазмұн шеберінің бірінші қадамында қандай әрекет орындалады?
- A) Презентацияның түрі және тақырыптық бағыты таңдалады.
- Ә) Презентацияны көрсету тәсілі таңдалады.
- Б) Шығару материалдарының форматы таңдалады.
- В) Қосымша мәліметтер енгізіледі (тақырып, титулдық слайд мәтіні).
-
4. Автомазмұн шеберінің екінші қадамында қандай әрекет орындалады?
- A) Презентацияның түрі.
- Ә) Презентацияны көрсету тәсілі таңдалады.
- Б) Шығару материалының форматы таңдалады.
- В) Қосымша мәліметтер енгізіледі (тақырып, титулдық слайд мәтіні).
-
5. Автомазмұн шеберінің үшінші қадамында қандай әрекет орындалады?
- A) Презентацияның түрі.
- Ә) Презентацияны көрсету тәсілі таңдалады.
- Б) Шығару материалының форматы таңдалады.
- В) Қосымша мәліметтер енгізіледі (тақырып, титулдық слайд мәтіні).
-
6. Автомазмұн шеберінің төртінші қадамында қандай әрекет орындалады?
- A) Презентацияның түрі.
- Ә) Презентацияны көрсету тәсілі таңдалады.
- Б) Шығару материалының форматы таңдалады.
- В) Қосымша мәліметтер енгізіледі (тақырып, титулдық слайд мәтіні).
-
7. Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?
- A) Объектілер, файлда сақталған суреттер, сканерден алынған көшірмелер.
- Ә) Бір мезгілде бірнеше дыбыстық объектілер.
- Б) Енгізуге болмайды.
- В) A мен Ә жауабы.
-
8. Слайдтар режимі қандай мүмкіндіктер береді?
- A) Презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы.
- Ә) Презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді.
- Б) Презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады.
- В) Ескертпе және қосымша материалдар жазуға мүмкіндік береді.
-
9. Құрылымды режим қандай мүмкіндік береді?
- A) Презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы.
- Ә) Презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді.
- Б) Презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады.
- В) Ескертпе және қосымша материалдар жазуға мүмкіндік береді.
-
10. Слайдтарды сұрыптау режимі қандай мүмкіндік береді?
- A) Презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы.
- Ә) Презентацияның тек мәтіндік мазмұнын көрсетеді.
- Б) Презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады.
- В) Ескертпе және қосымша материалдар жазуға мүмкіндік береді.
Тесттің жауап парағы (үлгі)
Аты-жөні
_____________________
Баға
____
| № | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Жауап | A / Ә / Б / В | A / Ә / Б / В | A / Ә / Б / В | A / Ә / Б / В | A / Ә / Б / В | A / Ә / Б / В | A / Ә / Б / В | A / Ә / Б / В | A / Ә / Б / В | A / Ә / Б / В |
5-кезең. «Жарнама» тапсырмасы (RAFT)
Рөлдік таныстыруRAFT стратегиясы бойынша екі топ рөлге еніп, берілген нысанды «жарнамалайды»:
1-топ
Жүйелік блок
2-топ
Пернетақта
6-кезең. Қорытынды бағалау
Әр топ басшысы бағалау парағын толтырып, қарсы топтың әр мүшесіне қорытынды бағасын қояды.
7-кезең. Үй тапсырмасы
Үлгі бойынша реферат жазу.