Сауда жасаймын тақырыбында мәтінді тыңдап, мазмұнын түсіну

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті. Сынып: 8.

Тақырыбы

«Сауда жасай білесің бе?» / «Сауда жасаймын».

Оқу мақсаттары

  • Т.8.1.6.1 — тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.
  • О.8.3.6.1 — тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру.

Сабақ мақсаттары

  • «Сауда жасаймын» тақырыбындағы мәтінді тыңдап, мазмұнын түсіну.
  • Тыңдалым материалы негізінде деректер келтіріп, дәлелді жауап беру.
  • Пікірталасқа қатысып, дәлел келтіре отырып, көтерілген мәселелерді салыстыру және баға беру.

Бағалау критерийлері

  • Мәтін мазмұнын түсінеді.
  • Деректер келтіре отырып, дәлелді жауап береді.
  • Көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға береді.

Тілдік мақсат

Оқушылар мәтіннің негізгі мазмұнын әңгімелеп береді, бөлшектік сан есімдерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолданады, термин сөздермен жұмыс жасайды.

Термин сөздер

қаржы кәсіп жеңілдік көтерме сауда бөлшек сауда кіріс-шығыс

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері

сауда жасау сатып алу сапасы жақсы жиі барамын жеке меншік

Сыныптағы диалог пен жазылымға пайдалы тілдік бірліктер

«Жарты», «жарым», «ширек», «бүтін» сияқты бөлшектік сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру.