Өлеңге талдау

Абай жаққан бір сәуле... сайыс
Мақсаты: Қазақтың кемеңгері Абайдың шығармашылығынан алған білімдерін сараптау, оқушылардың ақындық талабын ұштау. Шапшаңдыққа. Ізденімпаздыққа баулу.
Көрнекілігі: Абай Энциклопедиясы, Абай өлеңдерінің жинағы, Абай портреті, Буклеттер, Плакаттар.
Барысы: Ортаға сайыскерлер шақырылып, сайыстың шарты түсіндіріледі. Әділқазылар алқасы сайланады.

1.. Сенсің - жан ләззаты,
Сенсің - тән - шәрбаты...
Иісің - гүл аңқыған,
Нұрың - күн шалқыған.
Өлеңнің ұйқасын тауып, көркемдік талдау жаса.

2. Біреуі – көк, біреуі - жер тағысы,
Адам үшін батысып қызыл қанға.
Қар - аппақ, бүркіт - қара, түлкі - қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға.
Өлеңге поэтикалық талдау жаса.

2. Абай: Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек, екінші - сол нәрсені естігенде я көргенде ғибраттану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек, үшінші - сол нәрсені ішінен бірнеше рет қайталап ойланып, көңілге бекіту керек, төртінші -.........................,- дейді.

Абай сонда не дейді?
3. Абай: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Екіншісі -.........................,- дейді.

Абай сонда не дейді?
4. Абайдың бәйбішесі Ділдә кімнің қызы?
5. Абайдың жары Әйгерімнің шын есімін ата.
6. Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
------------------------------------------------.
-----------------------------------------------.
Өлеңді жалғастырып, соңғы екі тармағын тап.

8. Қобыз бен домбыра алып топта сарнап,
Мақтау өлең айтыпты әркімге арнап.
-------------------------------------------------,
-------------------------------------------------.
Өлеңді жалғастырып, соңғы екі тармағын тап.

9. Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңа ұйқасы қалай аталады?
10. Абай қай өлеңінде кейіптеу тәсілін қолданады?
11. Жан - жақты тәрбиесі жетілген толық адам болудың алғы шарты Абайдың білуінше --------------------------?
12. Қараша, желтоқсан мен сол бір, екі ай өлеңі қай туысының үйіндегі көрініске байланысты шығарылған?
Болмасаң да ұқсап бақ
1. Халқым сүйер -------------------------,
Тамсандырған ---------------------------.
Ұлы ақынды ------------------------------,
Жүрсеңіздер ------------------------------.

2. Сағынамыз -----------------------------,
Көрген - білген ---------------------------.
Асыл жарын -------------------------------,
Ұмытпасақ ---------------------------------.
Керуенбасылар сайысы

1. Абайдың оқығанмын өлең сөзін,
Сол кезде пайда болған маған сезім.
--------------------------------------------.
2. Өлеңге талдау:
Егіннің ебін,
Сауданың тегін.
Үйреніп, ойлап, мал ізде.
Адал бол – бай тап,
Адам бол – мал тап,
Қуансаң қуан сол кезде.
Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос...

Тармағы, ұйқасы, буын саны. Абайдың айтайын дегені не?

3. Бір сөзден зат есім сөздер құрастыр.
Тоғызқұмалақ

Керуенбасылар сайысы
1. ------------------------------------,
---------------------------------------.
Қазақтта ондай ақын қайдан болсын,
Ақылдың аңдап білер алтын - жезін.

Өлеңге талдау.
Ғылымды іздеп,
Дүниені көздеп,
Екі жаққа үңілдім.
Құлағын салмас,
Тіліңді алмас,
Көп наданнан түңілдім.
Екі кеме құйрығын
Ұста, жетсін бұйрығың.

Тармағы, ұйқасы, буын саны. Абайдың айтқысы келгені не?
2. Бір сөзден зат есім сөздер құрастыр. Тоғызқұмалақ



Ұқсас жұмыстар

Бұқар жыраудың әдеби мұралары
Жүсіп Қыдыров лирикасының көркемдігі
Ақберен Елгезек өлеңдеріндегі жалғыздық ұғымы
Ә. Дүйсенбиевтің қазақ балалар әдебиетінің тарихындағы өзіндік орны
Ғали ормановтың табиғат жайлы өлеңдеріне әдеби талдау
Ж.Жабаевтың өмірі мен өнер жолы жайлы
СЕЙСЕН МҰҚТАРҰЛЫНЫҢ ПОЭМАЛАРЫ
Абыл Тілеуұлы
Өлеңнің өзіне ғана тән өлшемді ырғақ
С. Дөнентаевтың өмірі мен шығармашылығы
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Фирманың баға саясаты және баға стратегиясы нарық құрылымының әсерін талдау
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Желілік жоспарлау мен басқару әдісін қолданғандағы экономикалық талдаудың және бизнес жоспарлаудың стратегиясы және тактикасы
Еңбек ақыны талдау
Көркем шығарманы детальдап талдауда модульдік оқыту технологиясын пайдалану
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АДАМ МӘСЕЛЕСІН ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ТАЛДАУ
Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімі туралы ереже
Қоғамның дебиторлық берешегін талдау туралы