Сұраққа жауап бер
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Тақырып
Қазақстан Республикасы
Негізгі бағыт
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі және буын түрлерін қайталау
Құндылық
Отансүйгіштік, салт-дәстүр мен тарихқа құрмет
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту; буын түрлері бойынша өткенді қайталау.
Дамытушылық
Жаңа сөздер мен мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелік
Отансүйгіштікке тәрбиелеу; қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу.
Үй тапсырмасын пысықтау: «Буын түрлері»
Оқушылар өткен тақырыпты сұрақ-жауап арқылы еске түсіреді. Жазба жұмыстары тексеріледі. Қорытындылау барысында оқушылар «Анамның тілі» әнін бірге шырқайды, «Ана тілім — айбыным» тақырыбына жазылған шығармалар оқылады.
Негізгі сұрақтар
- Қазақ тілінде буынның неше түрі бар?
- Үш түрі бар.
- Буын түрлерінің атауы қандай?
- Ашық, тұйық, бітеу.
Анықтамалар
-
Ашық буын
Дауысты дыбыстан тұрады немесе дауыссыз дыбыстан басталып, дауысты дыбысқа аяқталады.
-
Тұйық буын
Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
-
Бітеу буын
Дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
Жаңа сабақ: сөздік және мәтін
Сөздік жұмысы
Жаңа сөздер бірнеше рет оқылады, мағынасы түсіндіріледі. Осы сөздер арқылы сөз тіркестері мен сөйлемдер құрастырылады.
- Тәуелсіз
- независимое
- Қонақжай
- гостеприимный
- Мемлекеттік рәміздер
- государственная символика
Дағдылар
- Тыңдалым
- Айтылым
- Оқылым
Мәтінмен жұмыс
Біз Қазақстанда тұрамыз. Қазақстан — біздің Отанымыз. Ол — тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасының Президенті — Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Республиканың бас қаласы — Астана. Қазақстан — өзінің салт-дәстүрі, мемлекеттік рәміздері бар ел. Қазақ халқы — қонақжай халық.
Тапсырма 1
Мәтінді оқып, орыс тіліне аудару арқылы мазмұнын түсіндіру.
Тапсырма 2
Мәтін соңындағы сұрақтарға жауап беру.
Көрнекілік
Осы бөлімде Астананың суреттері көрсетіледі (қала көрінісі, маңызды нысандар).
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
1992 жылғы 4 маусым
1992 жылғы 4 маусым — Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.
Мемлекеттік Ту
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы — ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік төртбұрышты көгілдір түсті мата.
Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ орналасқан. Күн, шұғыла, қыран және өрнек бейнесі алтын түстес.
Өлшем қатынасы
Ені мен ұзындығының қатынасы: 1:2.
Мемлекеттік тудың кез келген көшірмесі Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған эталонға (түрлі-түсті және сызба бейнелеріне) дәл сәйкес келуге тиіс.
Мемлекеттік Елтаңба
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбезі тәрізді бөлігі) бейнеленген. Шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған, оны аңыздардағы пырақтардың қанаты көмкеріп тұр.
Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.
Елтаңбаның кез келген көшірмесі Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясында сақтаулы тұрған эталонға (түрлі-түсті немесе ақ-қара бейнесіне) дәл сәйкес келуге тиіс.
Мемлекеттік Әнұран
Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны бар. Оқушылардың қазақ тілінің төл дыбыстарын дұрыс айтуы мен интонацияны сақтауы оқулықтағы 2-жаттығу арқылы жұптық жұмыс кезінде қадағаланады.
«Астанаға саяхат»: деңгейлік тапсырмалар
Оқушылар берілген тапсырмаларды жылдам орындап, өз кезектеріне тұрады. Тапсырмалар сөйлеу дағдысын, буынға бөлу мен дыбыстық талдауды бекітуге бағытталған.
№1
- Сұраққа жауап бер: Сен қай мектепте оқисың?
- «Мектепте» сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№2
- Сұраққа жауап бер: Сенің ана тілің қай тіл?
- «Ана тілі» тіркесіндегі дауысты дыбыстарға талдау жаса.
№3
- Сұраққа жауап бер: Сен ана тіліңді білесің бе?
- «Астана» сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№4
- Сұраққа жауап бер: Сен ана тілін кімнен үйрендің?
- «Әдебиет» сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№5
- Сұраққа жауап бер: Сен ана тіліңде кітап оқисың ба?
- Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? Ата және мысал келтір.
№6
- Сұраққа жауап бер: Сен қазақ тілінде кітап оқисың ба?
- «Қазақ» сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№7
- Сұраққа жауап бер: Сен қазақ тілінде ән білесің бе?
- «Республика» сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№8
- Сұраққа жауап бер: Қазақ тілінде қандай мақал білесің?
- Қазақ әліпбиінде неше әріп, неше дыбыс бар?
- «Мақал» сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№9
- Сұраққа жауап бер: Қандай жұмбақ білесің?
- «Жұмбақ» сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата.
№10
- Сұраққа жауап бер: Біздің елімізде қандай ұлттар өмір сүреді?
- «Елімізде» сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№11
- Сұраққа жауап бер: Сен өз ана тіліңді сүйесің бе?
- «Қарағанды» сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№12
- Сұраққа жауап бер: Қазақстан қандай ел?
- «Өзен» сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
№13
- Сұраққа жауап бер: Қазақстанның рәміздерін білесің бе? Ата.
- «Рәміздер» сөзін буынға бөліп жаз. Буын түрлерін анықта.
Оқылым және жазылым
Тапсырмалар арқылы оқылым және жазылым дағдылары бекітіледі: сөздерді буынға бөлу, буын түрін анықтау, сұраққа толық жауап беру, дыбыстық талдау жасау.
Сабақты қорытындылау
Негізгі ой
Біз — тәуелсіз Қазақстанның ұланымыз. Мен қазақпын, мен орыспын, мен шешенмін, мен татармын. Бәріміз — доспыз.
Бағалау
Оқушылардың айтылымы, дұрыс дыбыстауы, мәтінді түсінуі, буынға бөлу және тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен дәлдігі ескеріледі.
Үй тапсырмасы
- Жаңа сөздер мен мақал-мәтелдерді жаттау.
- 1-жаттығудың мазмұнын айтуға дайындалу.
- 4-жаттығуды орындау.
- Мақалдарды оқу, аудару және жаттау.