Тарихшылар тобы - тарихи тұрғыдан сипаттама беріңіздер
Сабақтың тақырыбы
Қазақстандағы 1930–1932 жылдардағы ашаршылық.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Кеңестік саясат пен асыра сілтеу әрекеттерінің халықты ашаршылыққа ұрындырып, демографиялық ахуалға кері әсер еткенін түсіндіру. Сол жылдардағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қайғы-қасіретіне назар аударып, оқушыларға тарихи маңызын жеткізу.
Дамытушылық
Тарихи шығармалар, баспасөз материалдары және деректі фильмдер арқылы тақырыпты терең игерту. Қосымша құжаттармен жұмыс істеу дағдысын дамытып, өздігінен ізденуге және білімін толықтыруға мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік
Нәубет жылдарында жазықсыз жапа шеккен халық тағдырынан өнеге алуға тәрбиелеу. Жас ұрпақтың ұлтжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру.
Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер
- Сабақтың әдіс-тәсілі
- Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.
- Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта, тірек-сызбалар, слайдтар, суреттер, саяси карта, БАҚ материалдары.
Сабақтың жоспары
-
I. Қызығушылықты ояту
Үй тапсырмасын сұрау: «Ойланайық, пікірлесейік».
-
II. Мағынаны тану
«Ақылдассаң шешерсің» — топтастыру, талқылау, слайдпен жұмыс. Мұғалімнің кіріспе сөзі және деректі фильмнен үзінді.
-
III. Ой толғау
- «Талпынсаң, табарсың» — Венн диаграммасын құру.
- «Ізденсең, шығарсың шыңға» — шығармашылық жұмыс.
- Қорытынды — «Болашақтың айқын жолы».
-
IV. Бағалау
Бағалау парақтарын жинау және қорытындылау.
-
V. Үй тапсырмасы
«Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір» қағидасы негізінде қосымша ізденіс: деректер, реферат, слайд дайындау.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды топқа бөлу және отырғызу, таныстыру, топ ұранын айту, сабақ жоспары мен бағалау өлшемдерін түсіндіру, бағалау парақтарын тарату.
I. Қызығушылықты ояту: «Ойланайық, пікірлесейік»
Үй тапсырмасы топтар бойынша сұралады:
I топ
Тарихшылар
Қазақ хандығының тарихына және қазақ халқы бастан өткерген ауыр кезеңдерге тарихи сипаттама беріңіздер.
II топ
Демографтар
Қазақ халқының демографиялық ахуалына, қоныстандыру саясатына және халық санағына қатысты сипаттама беріңіздер.
III топ
Әлеуметтанушылар
Аумалы-төкпелі кезеңдегі әлеуметтік өзгерістерді және ЖЭС, ауыл шаруашылығы, ұжымдастыру саясатын сипаттаңыздар.
Бағалау парағы толтырылады (қосымша деректер, реферат, слайд және өзге материалдар есепке алынады).
II. Мағынаны тану: «Ақылдассаң шешерсің»
Талқылау сұрағы: «Ашаршылық», «жұт», «нәубет жылдары» ұғымдарын қалай түсінесіздер?
Жұмыс түрі: жеке ойлану → жұппен талқылау → топтық жинақтау. Соңында спикер қорғайды (топтастыру).
Тапсырма
Тарихшылар
Ұғымдарға тарихи тұрғыдан сипаттама беріңіздер.
Тапсырма
Демографтар
Ұғымдарға демографиялық тұрғыдан сипаттама беріңіздер.
Тапсырма
Әлеуметтанушылар
Ұғымдарға әлеуметтік тұрғыдан сипаттама беріңіздер.
Негізгі ұғымдар (слайд бойынша)
- Ашаршылық
- Саяси-әлеуметтік үдерістер мен табиғаттағы қолайсыз жағдайлардың салдарынан туындайтын әлеуметтік апат. Белгілі бір аймаққа, тұтас халықтарға түсетін нәубет. Соңы адамдардың жаппай қырылуына әкеліп, халық санын күрт азайтады.
- Жұт
- Табиғи құбылыстардың (қуаңшылық, көк мұз, құрғақшылық, өрт, індет, сел, көшкін, топан су, зілзала, боран-бұрқасын, дауыл және т.б.) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының экономикалық күйзеліске ұшырауы.
- Нәубет жылдары
- Адамзат тарихында әртүрлі себептерден (қуаңшылық, жұт, соғыс, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістер) халықтың жаппай қырылуы, тарыдай шашырап жан сауғалап шетел асуы, қуғын-сүргінге ұшырап қудалануы сияқты ауыр зардаптарға ұласқан қиын-қыстау кезеңдер.
Мұғалімнің түсіндірмесі
1931–1933 жылдардағы ашаршылық — Қазақстан тарихындағы ең зұлмат кезеңдердің бірі. Бұл қасірет ұлт жадында өшпес із қалдырды. Негізінен балалар мен әйелдердің қырылуы салдарынан оның демографиялық зардабы аса ауыр болды: қазақ халқының сан жағынан өсуі қатты тежелді.
Кейін бұл саясаттың шектен шығуы тарихта «қызыл қырғын», «Голощекиндік геноцид» деген атаулармен сипатталды. 1932 жылғы (мешін жылы) нәубет ХХ ғасырдағы адамзатқа қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі ретінде бағаланып, Ұлы жұт ұғымымен сабақтас айтылады.
Ескерту
Бұл бөлімді деректі фильм үзіндісімен және қосымша құжаттармен толықтыру ұсынылады.
Бағалау парағы толтырылады.