Есептеу дағдысын дамыту

ШҚО, Үржар ауданы, Қызылту ауылы

«Кішкенетау орта мектебі» КММ, бастауыш сынып мұғалімі — Шакенова Мансия Ораловна

Пән: Математика Сынып: 1 Сабақ түрі: аралас сабақ Әдіс: түсіндіру

Сабақтың тақырыбы

4 санын қосу және азайту (4 + 4; 8 − 4)

Негізгі мысал

4 + 4 = 8

Кері амал

8 − 4 = 4

Сабақтың мақсаты

  1. 1

    4 санын қосу және азайту туралы түсінік қалыптастыру, жаттықтыру. Қосынды мен айырманың мәндерін табуда 4 + 4 жағдайын қолдану білігін бекіту.

    Оқушылардың математикалық ойлауын дәлелді түрде дамытуға бағыттау.

  2. 2

    Есептеу дағдыларын дамыту.

  3. 3

    Ұқыптылыққа баулу.

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Натурал сандар қатары.
  • Балалар доминосы.
  • Оқулық және дәптер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Көңіл күй ахуалын қалыптастыру, ынталандыру.
  • Оқушыларды түгендеу.
  • Зейінді сабаққа шоғырландыру.

II. Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау: бүгін 4 санын қосу және азайту тәсілдерін үйренеміз, мысалдар мен есептер шығарамыз, бір-бірімізді үйретеміз.

III. Білімді еске түсіру

Ойын элементі

«Кел, ойнайық!»: балықтарды аквариумға орналастыру, №4 тапсырмасының дұрыстығын тексеру.

Жылдамдыққа тапсырма

«Кім жылдам?»: сандар құрамын бекітуге арналған ауызша есептеу (қалдырып кеткен сандарды қою, «үйлерге» орналастыру, гүл жапырақшаларын бояу және т.б.).

Ауызша сұрақтар

  1. 1) Жағдаяты, шарты, сұрағы, шешуі және жауабы бар мәтін қалай аталады? Есеп
  2. 2) 3-тен 1-ді кеміт.
  3. 3) 6 шығу үшін 5-ке қаншаны қосу керек?
  4. 4) Өрнектегі * орнына қандай белгі қою керек: 5 + 3 * 8?

Соңында 4 санының құрамын қайталау.

IV. Жаңа сабақ

Негізгі идея

4-ті қосу үшін сан сызығында 4 қадам алға жылжимыз (қосамыз), ал азайту үшін 4 қадам артқа жылжимыз (азайтамыз).

Қосу үлгілері

  • 4 + 4= 8
  • 5 + 4= 9
  • 6 + 4= 10

Азайту үлгілері

  • 8 − 4= 4
  • 9 − 4= 5
  • 10 − 4= 6

Мәселе қою

Бүгін мысалдар мен есептер шығарамыз. 4 санын қосу және азайту тәсілдерімен танысып, өз бетімізше қолданып көреміз және бір-бірімізге көмектесеміз.

Көрнекі жағдаят арқылы түсіндіру

1-қорап

2 доп және 2 қуыршақ.

2-қорап

3 қуыршақ және 1 доп.

Құрастыру

4 = 2 + 2

Құрастыру

4 = 3 + 1

Осыған ұқсас азайту өрнектерін құру: 4 − 2, 4 − 3, 4 − 1.

Оқулықпен жұмыс

№1 тапсырма

Алдыңғы сабақтарда 3 санын қосу және азайту тәсілдері туралы алған білімді жаңа жағдайға көшіру. Домино және сандар қатары арқылы есептеу тәсілдерін негіздеу.

№3 тапсырма

Берілген ұзындық бойынша кесінді сызудың практикалық білігін бекіту.

№5 тапсырма

Жұппен жұмыс. Орындағаннан кейін өзара тексеру жүргізіледі.

Сергіту/ойын

«Батпырауыққа кім бұрын жетсе, сол иеленеді»: жұппен жарысу, бір-бірін бақылау, ойын ережесін сақтау.

Дәптермен жұмыс

Цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру, ұқыпты жазуға назар аудару.

№2 тапсырма

Домино мен сандар қатарын пайдаланып, 4 санын қосу және азайту. 4 + 4 жағдайына машықтану.

№4 тапсырма

Берілген ұзындық бойынша кесінді сызу. Қызыл және көк кесінділер ұзындықтарының қосындысын жасыл кесіндінің ұзындығымен салыстыру.

№5 тапсырма — есептің шешуін жазу

Өрік — 3 түп

Шие — 4 түп

Өрнек

3 + 4 = 7

Жауабы: 7 түп ағаш.

Шығармашылық тапсырма орындалады.

VII. Сабақты қорытындылау

Рефлексия сұрағы: «Біз бүгін не істеуді үйрендік?»