Ертегі бойынша сурет сал

Сабақтың міндеттері

  1. 1 Достық пен бірлік қарым-қатынастарының құндылығы туралы ой қозғау, пікір алмасу.
  2. 2 Ойды толық әрі жүйелі жеткізе білу шеберлігін дамыту.
  3. 3 Адалдыққа, әділеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабаққа дайындау: назарын шоғырландыру, жұмысқа қажетті құралдарды әзірлету, топтық жұмыс форматына бағыттау.

II. Үй тапсырмасын тексеру

5–7 минут

«Ең жақын кім адамға?» тақырыбы бойынша оқушылардың дайындығы тыңдалып, сұрақ-жауап арқылы нақтылау жүргізіледі.

III. Жаңа сабақ

Қызығушылықты ояту + мәтінмен жұмыс

А) Топқа бөлу

Сабақ топтық жұмыс түрінде өтеді: сынып суреттерді құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді. Топтық жұмыс ережелері еске түсіріліп, әр топ өз атауы мен ұранын құрастырады.

Ә) Қызығушылықты ояту

5 минут

Талқылау сұрақтары

  • Қайың, қараағаш, тобылғы туралы не білесіздер?
  • Орман дегеніміз не?

Шағын тапсырма

Плакаттың ортасын сызықпен бөліп, бір жағына табиғаттағы ағаштарды сипаттап/суреттеп жазыңыздар:

  • 1-топ: Қайың
  • 2-топ: Қараағаш
  • 3-топ: Тобылғы

Топ жұмыстары тыңдалады.

Б) Мағынаны тану: «Болжау» стратегиясы

Оқулықпен жұмыс · 10 минут

Оқушылар «Ормандағы оқиға» мәтінін үзіліспен оқиды. Мұғалім тоқтаған сайын оқылған бөлік талқыланып, оқиға ары қарай қалай дамуы мүмкін екені туралы болжам жасалады. Мәтінді әр сөйлеміне мән беріп оқу талап етіледі.

1-бөлік: талқылау

  • Бұл бөліктен нені түсіндіңіздер?
  • Ертегі қалай жалғасуы мүмкін?
  • Тобылғының сөзі қайыңға қалай әсер етеді деп ойлайсыздар?

2-бөлік: талқылау

  • Бұл бөлікте не айтылған?
  • Болжамдарыңызбен сәйкес келді ме?
  • Енді не болады? Ертегі қалай аяқталуы мүмкін?

3-бөлік: талқылау

  • Бұл бөлікте не айтылған?
  • Болжамдарыңыз расталды ма?
  • Екі ағаштың бір-біріне ренжуіне не себеп болды?
  • Қайың мен қараағаштың ашуына Тобылғының қай сөздері әсер етті?
  • Қараағаштың қылығы көз алдыңызға қандай адамды елестетті?
  • Әңгіменің қай тұсы ерекше әсер етті?
  • Қандай сөздер қиын болды?
  • Ертегіден қандай қорытынды шығардыңыздар?

Сөздік жұмысы

Қосақ
Сауын үшін ұзын арқанмен мойындарынан бір-біріне таяп, қосақтай байланған қой немесе ешкілер тобы.

IV. Жаңа сабақты бекіту

Топтық тапсырма · 10 минут

Сабақ басында плакатқа табиғаттағы қайың, қараағаш, тобылғыны сипаттап/суреттеп белгіледіңіздер. Енді ертегіге сүйене отырып, осы үш ағаштың кейпіндегі адамдарды қалай елестететіндеріңізді айтып беріңіздер.

Шығармашылық бөлік

Әр топ өзіне ұнаған ағашты таңдап, көз алдарыңызға елестете отырып сол ағашқа арнап «Бес жолды өлең» құрастырады.

V. Қорытындылау

5 минут

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін қандай тақырып өттік?
  • Адалдық пен шыншылдықты қалай түсінесіздер?

Рефлексия

«Бүгінгі сабақ сіздерге ұнады ма?» сұрағы арқылы оқушылардан кері байланыс алынады.

VI. Үй тапсырмасы

1-топ

Оқиға желісін өзгертіп, ертегіні жаңа нұсқада аяқтаңыздар.

2-топ

Ертегі бойынша сурет салыңыздар.

3-топ

Осы ертегіге ұқсас жаңа ертегі жазыңыздар.

VII. Бағалау

5 минут

Бағалау критерийлері

  • Үй тапсырмасының орындалуы
  • Топ жұмысына қатысу белсенділігі
  • Өз пікірін ашық әрі дәл айтуы
  • Жұмыстың сапасы