Әтештің шығуы
Апта тақырыбы: «Ғарышты бағындырғандар»
Білім беру саласы: Коммуникация · Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу және жазу · Блок тақырыбы: Мерекелер
Сабақ тақырыбы
Ә дыбысы және әрпі
Мақсаты
Білімділігі
- Балаларды Ә дыбысы және әрпімен таныстыру.
- Ә дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету.
- Ә дыбысының сөздің басында және ортасында келетінін түсіндіру.
Дамытушылығы
- Ә дыбысы бар сөздер мен сөйлемдер құрастыру арқылы сөздік қорын дамыту.
- Ойлау, тыңдау, жауап беру дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелігі
- Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
- Білімге қызығушылығын арттыру.
- Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
АКТ, суреттер, текшелер (қызыл және көк).
Билингвизм
- Әтеш
- — петух — chicken
- Әке
- — отец — father
- Әже
- — бабушка — grandmother
- Дәрігер
- — врач — doctor
Сабақ барысы
Психологиялық дайындық: «Шаттық шеңбері»
Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Жадыраған күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Балалар шеңберге тұрып, қысқа ойын арқылы көңіл күйін көтереді.
Ойын: «Кім зейінді?»
Шарты: Балалар өткен дауысты дыбыстарды атағанда қолдарындағы қызыл текшені, дауыссыз дыбыстарды атағанда көк текшені көтереді.
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
Шарты: Балалар шеңбер болып тұрып, белгіленген межеге дейін өткен дыбыстарға сөздер ойлап айтып жүреді.
Ғажайып сәт
Түлкі қолтығына әтешті құшақтап келеді.
Тәрбиеші: Ой, түлкі, сіз әтешті қайда алып бара жатырсыз?
Түлкі: Мен әтешті ұрлап бара жатырмын.
Тәрбиеші: Балалар, әтешті түлкінің ұрлап бара жатқаны ұнай ма?
Балалар: Жоқ, біз әтешті аяп тұрмыз.
Түлкі: Егер әтешті менен қорғағыларың келсе, менің тапсырмаларымды орындаңдар. Сонда мен әтешті босатамын.
Тәрбиеші: Әрине, біздің балалар тапсырмаларыңызды орындайды.
Түлкінің тапсырмалары:
- «Әтеш» деп айтыңдар. Қандай дыбыс естіліп тұр?
- «Әтеш» сөзін буынға бөліңдер.
- Әтеш пен түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?
- Ә дыбысынан басталатын тағы қандай сөздерді білесіңдер?
Түлкі: Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте білімді екенсіңдер. Енді уәдемде тұрып, әтешті босатамын. Әтеш сендермен болсын, мен өз мекеніме қайтайын. Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Рахмет, түлкі! Сау бол!
Жаңа тақырыпқа көшу
Тәрбиеші: Енді «әтеш» сөзін бәріміз бірге айтайық.
Балалар: Әтеш.
Тәрбиеші: «Әтеш» сөзін буынға бөлейік.
Балалар: Ә-теш.
Тәрбиеші: Сөздің басында қандай дыбыс естіліп тұр?
Балалар: Ә.
Қорытынды: Бүгін біз Ә дыбысы және әрпімен танысамыз.
Бейнежазба қарау
Тақырыпқа байланысты қысқа бейнежазба көрсетіледі.
«Ә» дыбысының ерекшелігі
- Ә дыбысы ауыз қуысынан еш кедергісіз шығады.
- Оны созып, әндетіп айтуға болады: Ә-ә-ә-ә.
- Ә — жіңішке дауысты дыбыс.
- Сабақта қызыл текшемен белгіленеді.
Сұрақ: Ә дыбысынан басталатын қандай сөздерді және адам аттарын білеміз?
Балалардың жауаптары тыңдалады.
Жаттығу: Ә әрпін ауада жазу.
Ойын: «Сиқырлы буын»
Шарты: Тәрбиеші сөздің бірінші буынын айтады, балалар екінші буынын жалғастырады.
Ойын: «Жоғалған сөздер»
Шарты: Суреттердің қасында бос текшелер беріледі. Балалар сөздерді сәйкестендіріп, сөйлем құрайды.
Тіл ұстарту жаттығуы
Ән-ән-ән,
Дән-дән-дән,
Қамба толы дән.
Біз айтамыз ән.
Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.
Дәптермен жұмыс
- Дыбыстық талдау жасау.
- Ә дыбысынан басталатын сөзді табу.
Заттық ойын: «Менің орным қайда?»
Шарты: Бүгін өткен Ә дыбысының сөз ішіндегі орнын анықтаймыз (басында, ортасында).
Қорытындылау
Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білім бекітіледі, белсенді қатысқан балалар мадақталады.
Бекіту сұрақтары
- Бүгін бізге қонаққа кім келді?
- Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
- Ә дыбысы қандай дыбыс?
- Ә дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
- Қандай текшемен белгілейміз?
Мадақтау
Сабаққа белсенді қатысқан балалар мадақталады.
Күтілетін шағын сыйлық
Балаларға дәрумендер беріледі.