Сабақтың әдісі. Сабақтың барысы

Сабақ тақырыбы

Қайнекей Жармағанбетовтің «Ормандағы оқиға» әдеби ертегісі бойынша сабақ жоспары.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың мақсаты
Оқушыларды әдеби ертегінің мазмұнымен таныстыру, негізгі ойды ашу; болжау әдісі арқылы оқиғаны көз алдына елестетуге үйрету; талдау және салыстыру арқылы қиялын, ой-өрісін дамыту; жаман әдеттерден сақтандырып, ақыл-парасатқа тәрбиелеу.
Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың түрі
Дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, әңгімелеу, болжау, сұрақ-жауап.
Көрнекілік
Интерактивті тақта, үнтаспадан мәтін тыңдату.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа назар аударту (ұйқасты мәтін):

Қане, достым, тексерші,

Дайынсың ба сабаққа?

Орнында ма, бүтін бе —

Дәптер, қалам, кітабың?

Күнделік алдыңда тұр ма,

Қолыңда ма қаламың?

II. Үй жұмысын тексеру

  • Тізбектеле оқу: оқушылар кезекпен мәтінді оқиды.
  • Рөлдерге бөліп сахналау: мәтінді диалог арқылы көрсету.
  • Қорытынды пікір: «Адамға ең жақын кім/не?» сұрағы бойынша ой бөлісу.
  • Ойтолғау: «Өмірде өзіңе ең жақын адам кім?» тақырыбында 2–3 оқушының жұмысын тыңдау.

Бағыттаушы сұрақтар

Бұл өлең қай жанрға жатады?

Ертегілердің қандай түрлері болады?

Ертегілердің түрлері

  • Қиял-ғажайып ертегілер
  • Шыншыл ертегілер
  • Жан-жануарлар туралы ертегілер
  • Әдеби ертегілер

Талқылау: әдеби ертегі дегеніміз қандай ертегі?

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта Қайнекей Жармағанбетовтің «Ормандағы оқиға» атты әдеби ертегісімен танысамыз.

Қ. Жармағанбетов туралы

  • 1918 жылы туған, 1974 жылы қайтыс болған.
  • Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Шиелі ауылында туған.
  • «Ара», «Әдебиет және искусство» журналдарында редактор болған.
  • «Құрмет белгісі» орденімен бірнеше мәрте марапатталған.
  • Жазушы, әнші, аудармашы.
  • Туындылары: «Әнші азамат», «Азамат жолы», «Заман біздікі», т.б.

Ертегі кейіпкерлері

Тобылғы

Бұта тектес өсімдік. Сабағы қатты, қызыл түсті. Сабағынан ұршық, қамшы саптары жасалады.

Сексеуіл

Оқушылардан білетіндерін сұрау, сипаттату.

Ақ қайың

Кейіпкердің мінезі мен рөлін талқылау.

Қараағаш

Оқушылар жауабын тыңдау арқылы толықтыру.

Сұрақ: басқа кейіпкерлер туралы не білеміз?

IV. Әжейдің ертегісін тыңдау

Үнтаспадан ертегіні тыңдату (мысалы: «Тымпың қағып тобылғы кетті...»).

V. Болжау

Тапсырма: «Ертегі қалай аяқталады?» — оқушылар өз нұсқаларын ұсынады.

Кейін ертегінің шынайы аяқталуын тыңдап, болжамдармен салыстыру.

VI. Оқулықпен жұмыс

  • Тізбектеле оқу: мәтінді кезекпен оқу.
  • Тауып оқу: берілген сұраққа сәйкес үзіндіні табу.

Сөздік жұмысы

Қосақ — сауу үшін ұзын арқанмен мойындарынан бір-біріне тақап, қосақтай байланған қой-ешкілер тобы.

VII. Нақты сұрақ — дәл жауап

1) Қай тұсы ерекше әсер етті?

Неліктен сол жер есіңде қалды?

2) Қайың мен қараағаш неге қатты ашуланды?

Себебін мәтіннен дәлелде.

3) Қай ағашқа жаның ашыды?

Неліктен?

4) «Қосақ арасында шыбын өледі»

Бұл сөз тіркесі қай өсімдікке қатысты айтылған?

5) Екі айнымас достың ренжісуіне не себеп?

Өз ойыңды дәлелмен айт.

VIII. Ойқозғау

Сұрақ: шынында да ағаштар жанжалдаса ма?

Сұрақ: автордың негізгі ойы қандай?

Сұрақ: автор кейіпкерлер арқылы нені насихаттайды?

Қорытынды: бұл ертегіден қандай ой түйдіңдер? Қандай пікір айта аласыңдар?

IX. «Кейіпкерге хат» тапсырмасы

Бір кейіпкерді таңдап, соған хат жазыңдар: оның іс-әрекетіне баға беріңдер, кеңес айтыңдар, өз сезімдеріңді жеткізіңдер.

Ұсыныс: хатта кемінде 3 дәлел келтіріп, мәтіннен 1 мысал келтіру.

X. Қорытынды

«Бүгін сабақта не үйрендік, нені білдік?» сұрағы бойынша қысқа рефлексия жасау. Соңында Данышпан атаның ақыл-кеңесін тыңдау.

XI. Үй тапсырмасы

  • Ертегіні мәнерлеп оқу.
  • Мазмұнын баяндау.
  • Өсімдіктің пайдасы туралы шағын мәтін жазу.