ӨЗ ЖҮРЕГІҢНІҢ ҮНІ(жүректен шыққан жеті сөз)Жақсылық жасау - айқайлаумен емес, жүректердің үндестігі арқылы келеді

Өз жүрегіңнің үні

Жүректен шыққан жеті сөз

1) Үндестік

Жақсылық жасау айқаймен емес, жүректердің үндестігімен келеді.

2) Түйсік

Ауруды емдеуге болады, бірақ түйсігі жоқ жанды айықтыру мүмкін емес екен.

3) Өзімшілдік

Адам — пенде, кейде өзімшіл болады. Бірақ өркөкірек өзімшілдік ақыры жардан құлатады.

4) Сынақ

Кейде ауыр жол адамды шынықтырады. Алайда «шынықтырам» деп жүріп, сынық қылатын кез де болады.

5) Қасақана көрмеу

Кейбіреулер танып тұрса да — танығысы келмейді, біліп тұрса да — білгісі келмейді. Құдай содан сақтасын.

6) Реніштің шекарасы

Кейде реніштің де шегі болады: одан асып кетсең, опық жейсің.

7) Түсіну

Бәрін түсіну — мақсат емес. Ал біліп тұрып түсінбеу — жақсы ат емес.